Қой шаруашылығындағы ең күрделі, үлкен еңбекті талап ететін процесс – қой төлдету болып саналады. Сәтті ұрықтанған саулық шамамен 147-150 күннің ішінде төлдейді. Бүгінгі мақаламызда қойдан төл алу, оның ішінде қысқы, көктемгі уақыттағы төлдерді алудың ерекшеліктері туралы баяндаймыз.
Шаруалар наурыз-сәуір айларында көктемгі төлдеу, қаңтар-ақпан айларында қысқы төлдеуді күтеді. Жайлауда жүрген мал толыққанды азықпен, ал олардың төлі сүтпен қамтылған. Сол үшін бұл ретте жылы жай салудың қажет жоқ. Өндірілетін қой өнімдерінің өзіндік құнын тқмендету үшін еліміздің солтүстік өңірлерінің шаруалары көктемгі, тіпті жазғы төлдеуді енгізуге көшкен. Алайда көптеген өңірде көктемде де ауа райы тұрақсыз, күн күрт суып кетуі мүмкін. Сол себепті ерте көктемге өмірге келген қой төлдері тұмау, суық тию секілді аурулардан қырылып қалу қаупі бар. Сол себепті қойды көктемде төлдету кезінде осындай қатерлерді ескеру керек.
Қойдың қыста төлдеуі шаруашылықтрадың көптеп шығынға ұшырауына себеп болуы мүмкін. Себебі қозыларға жылы қора, арнайы жем-азық, қосымша жұмыс күші керек. Одан бөлек, бұл мерзімде туған қозылар күндіз жайылымға шыға алады.
Қойды төлдетуге алдын ала 10-15 күн бұрын дайындалады. Яғни, арнайы жылы жайларды әзірлеп, дайын ғимараттарды жылылайды. Мәселен, қой қораның бір бөлігіне арнайы орын дайындайды. Жұқпалы тұсау секілді аурулардан қозыларды сақтау үшін қой қора жылы болуы керек. Суыз ауаның кіруіне жол бермей, ылғалдан сақтау қажет. Бұл үшін сабан төсеп, еденді жылылайды. Әрбір саулыққа 120-150 кг сабан кетеді деп есептеген дұрыс. Төлдету тиісті дәрежеде жүзеге асуы үшін арнайы шелек, жарықшам, қалқан, жіп, орамал және бірініш көмк көрсетуге арналған медициналық қорапша болғанын қадағалаған жөн. Сонымен бірге, төл алудың алдында төлдететін орында жеке кабиналар (100 саулыққа 3-5) және сақмандарға арналған тор. Ірі тұқымды қойларға арналған тордың ауданы 1,5 м2, орташа және ұзақ тұқымдар үшін 1-0,8 м2. Төлдеу орнындағы ауа температурасы 15-18 градус шамасында болуы керек. Ал ылғалдылық – 75-80 пайыз.
Қой төлдетуге арналған қысқы қораларда бір бас ұсақ малға 1,8-2 шаршы метр, сақмандарға арнап 1-1,1 шаршы метр, азықтандыратын орындардың ауданы – 0,3 шаршы метр болуы қажет. Ірі шаруашылықтарда шабандар бригадасына көмекке қосымша жұмысшы сақманшыларды қосады. Әр 100 саулыққа күніне 15 адам және әр 100 қозыға күніне 40 адам қарайды. Олар төлдеген саулықтар мен жаңа туған қозыларға алғашқы 12 ай бойы күтім жасайды.
Жалғасы біздің веб-сайтта
#agroqogamkz #agro #agronews