Найти тему
Qogam-media

Алқап пен түлікті сақтандыру шаруаларға арзандай түседі

Бұрын мемлекет сақтандыру сыйақысының 50%-ын субсидия түрінде төлесе, 2022 жылғы 5 қыркүйектен бастап сақтандыру сыйақысын субсидиялау 80%-ға дейін артты. Осылайша, шаруалар сақтандыру құнының бестен бір бөлігін ғана төлейді, деп хабарлады «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметі.

«Ақмола Феникс» АҚ бидай, арпа, күнбағыс, зығыр, қытайбұршақ, жүгері өсірумен айналысады. Егістік алқабы 34 мың гектар. Кәсіп иесі Бейбіт Әбілқасымовтың айтуынша, көктемгі егіс науқанына жұмсалатын шығын жоғары, сол себепті тәуекелді азайту үшін қожалық жыл сайын егістік алқабын құрғақшылық пен жаңбырдан сақтандырады.

Биыл ақмолалық агроқұрылым егістікті сақтандыру шартын жасасуға 47 млн теңге төлеген. Сақтандыру сыйақысының тең жарымын – тағы 47 млн теңгені мемлекет субсидия түрінде төледі. Сақтандыру жағдайы туындағасын шаруашылық биыл 167 млн теңге төлем алды.

Жалғасы біздің веб-сайтта

#agroqogamkz #agro #agronews