Депрессияны қазақша түсіндірсек, үмітсіздік, сенім жарығының сөнуі. Қорқыныш. Жалғыздық. Шарасыздық. Арамыздағы адамдардың кейбірі қараңғы, суық тұңғиықта жалғызсырайды. Оның жағдайын тіпті қасында жүріп сезбеуіміз мүмкін. Депрессияға түскен адамдардың кейбірі тіпті жұмысын істеп, елмен араласып, сөйлеседі. Бірақ іштей ештеңеге қуанбайды, сыртқа сыр алдырмайды. Күйзеліске көбіне үлкенді-кішілі қалада, мегаполисте тұратындар шалдығады екен. Көпқабатты үйлер, көлік ағыны көп, шу, жарық, түтін мен газ иісі ауаға көп тараған қала тұрғындарында невроз, депрессия жиі кездесетін көрінеді. Әдетте, «тәжірибелі» қалалықтар тауға, табиғат аясына шығып, саяжайға барып, бұл тығырықтан шығудың амалын іздеуге тырысады. Ал Сіз депрессиядан шығудың қандай амалын білесіз?
Миллиардтар шалдыққан дерт
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жер бетіндегі адамдардың 20 пайызы өмірінде бір рет болса да, депрессия күйін кешеді екен. Ал ондай жаны қиналғандардың 75 проценті мамандарға барып емделмейді. Ұйымның соңғы дерегіне сүйенсек, адамзаттың 3,8 проценті (жарты миллиардқа жуық адам) депрессияға шалдыққан. Оның ішінде, ересек адамдардың 5 проценті, жасы 60-тан асқандардың 5,7 проценті депрессияда. Ал олардың арасында ер адамдарға қарағанда, әйелдердің саны 2 есе көп.
Жалпы, бұл дерт ежелден бар. Бұл туралы көне грек ақыны Гомердің «Илиадасында», Демокриттің, Пифагордың шығармаларында да айтылған. Біздің жыл санауымызға дейін IV-V ғасырда өмір сүрген Гиппократ депрессияның бір формасы – «меланхолия» атауын еңбектерінде қолданған. Дәрігерлердің атасы оны тіпті «бір жағдайдың әсерінен болған» және «себепсіз туындаған» дерт деп жіктеген.
Ал ғылымда «депрессия» ұғымы XIX ғасырда пайда болды. Дамыған елдерде ХХ ғасырдың ортасында көп айтыла бастады. Сол кездері: «20-30 жылдан соң депрессияға әлемде 1,5 миллиард адам шалдығады» деген болжам жасалған. Ендеше, қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық проблемаға айналған аурудың туындау себебі, сипаты мен одан шығу жолдары туралы ғылым мен сарапшылар пікіріне тоқталсақ.
Постиндустриалды қоғам және депрессия
Біраз жыл бұрын адамның ашу-ызасы, өкініші, қайғы-мұңы, қуанышы, марқаюы сынды көңіл күйін білдіретін «эмоция» сөзі қолданысқа жаппай енбеген еді. Соңғы жылдары эмоция деген сөзді, «эмоцияға беріліп», «эмоциясын көрсете алмай», «эмоциясын басқару» деген тіркестерді интернет, ақпарат құралдарында, тіпті адамдардың әңгімесінде жиі еститін болдық. Эмоцияның не екенін алғаш түсінгенде, біздің халықта эмоция болмаған ба, неге бұрын бұл сөз айтылмайтын деп ойлағам. Сөйтсем, эмоция да, депрессия да постиндустриалды қоғамда өзектілігі артатын ұғым екен.
Жалғасы біздің веб-сайтта сілтеме
#новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz