Соңғы уақытта Қазақстанда қымбатшылық қатты сезіледі. Басқасын былай қойғанда, күнделікті тұтынатын азық-түлік, жанармай, киім-кешек бағасы шарықтап тұр. Құрылыс материалдары қымбаттағаны сол, баспана бағасы да ұстатпай қойды. Сарапшылар мұндай жағдайды көптеген мемлекеттер басынан өткеріп отырғанын, жағдай мұнан ары да қиындайды дегенді алға тартады. Ал әлем экономикасының айналдырған бірнеше жылда соншалықты құлдырауына не себеп? Кері екі әсер 2020 жылдан қазірге дейін жаһан экономикасының күрт өзгеруіне негізінен екі жайт қатты әсер етті. Әрине, біріншісі, «Коронавирус» пандемиясы. Адамзатты әбігерге салған дерт ортамызға ойқастай келіп, көрпесін жайып, көсіліп жатып алды. Тіпті, әлі де кеткісі жоқ. Олай дейтініміз, қауіпті вирус ошағы тараған – Қытай қазір қайта қатаң локдаун енгізіп, жабық режимге көшіп жатыр. Бұл өзге елдер де екінші «раундқа» дайын болуы керек дегенді білдірсе керек. Екіншісі, 2022 жылдың 24-ақпанында қауіпті кезеңге өтіп, дүйім жұрттың зәресін алған, ресми Крем