Сәуірдің 19-күні КазГЮУ-де астаналық жоғары оқу орындарының студенттері арасында «EU Mini Model Game» деп аталатын іскерлік ойыны өтті. Негізінен әлемдік экология мәселесіне назар аудартын бұл шараны Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігі ұйымдастырды.
Жиында студенттер өздерін ойша Еуропадағы 27 мемлекеттің экология министрі орнына қойып көрді. «Министрлер» климаттың өзгеруі, «жасыл» қаржыландыру, иновациялар, ноу-хоу пайдаланудың салдары сияқты түрлі экологиялық мәселелер бойынша пікір таластырды.
Қатысушылардың әрқайсысы белгілі бір экологиялық проблема негізінде өз мемлекетінің ұстанымын көрсетті. Ойын Еуропалық Одақ Кеңесінің жұмыс форматын дәл көрсетіп берді. Талқылаудан соң қатысушылар ойын барысында айтылған ойлар мен ұсыныстарды қамтыған қаулы қабылдады.
– Біз «Еуроодақ ұстанымы» деген сөзді жиі естиміз. Бүгін сол ұстанымның қалай дамығанын көрсеткіміз келді. Әрбір министр кеңес аясында өз мемлекетінің мүддесін қорғайды. Мүдделердің қаулыда қалай ескерілетіні тікелей өзіне байланысты. Бұл үлкен жауапкершілік. Біз экология тақырыбын таңдадық. Өйткені бұл тек Еуропалық Одақ елдері үшін ғана емес, Қазақстан және Орталық Азияның басқа елдері үшін де аса маңызды. Мәселен, климаттың өзгеруі бәрімізді алаңдатып отыр. Бұл біз ғана емес, болашақ ұрпақ пен студенттер үшін де маңызды, – деді Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы елшісі Кестутис Янкаускас.
Жалғасы біздің веб-сайтта сілтеме
#новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz