Алмаз Ержан – белгілі блогер және қоғам қайраткері. Әлеуметтік желіде ол мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жанайқайын шынайы жазып, қоғамның назарын аударуға талпынған сәттен бастап танымал болды. Ол күнделікті өмірді «ауру тарихына» айналдырмай, оның орнына, жағдайы өзінен де ауыр, қиналып жүрген адамдарға көмектесуге тырысқанды құп көреді. Және де, өзін толғандыратын мәселені кейде ирониямен де жеткізе біледі. Осылай өзгелерге үлгі. — Алмаз, сіздіңше, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Қазақстан қоғамының ашық болуына не кедергі? Өзгелер тарапынан өзіңізге деген аяушылық немесе агрессия сезініп көрдіңіз бе? Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты дискриминацияны ше? — Мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты әлеуметтік психологиялық барьер мәселесі – адамгершілік пен тәрбиеге келіп тіреледі. Ал оның барлығы мемлекеттік саясат арқылы реттелетін дүние. Қоғамның ерекше адамды қабылдауы үшін проблемаға билік пен дін және БАҚ араласуы керек. Иә, айналамдағы адамдардан өзіме деген түрлі көзқарасты б
Алмаз Ержан: «Мүмкіндігі шектеулі жандарға деген дискриминация барлық жерде – мемлекеттік мекемелер, компаниялар мен саясатта да бар»
29 июля 202229 июл 2022
2
2 мин