Өз еркіміз өзімізде болмаған Совет заманында КСРО басшысы Никита Хрущевтің өзінен қаймықпай, қарсы тұрып, қазақтың жерін қорғап қалған Жұмабек Тәшеневті бүгінде алаш жұрты айрықша ардақ тұтады. Мемлекет қайраткері Ілияс Омаров та дәл осы тұлғадай өз ұлтына адал қызмет етіп, сол адалдығы үшін қызметінен қуылған, қуғын-сүргін көрген мемлекетшіл азамат болған. Ақын Қасым Аманжоловқа Алматыдан үй алып берген басшы Ілияс Омаров әр жылдары Қазақ КСР Сауда халық комиссарының орынбасары, комиссары, Қазақ КСР-і Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің идеология жөніндегі хатшысы, “Қазақфильм” киностудиясының директоры, Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі төрағасының кеңесшісі, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары, Қазақ КСР Мәдениет министрі сияқты көптеген қызметтерді атқарған. Мәдениет министрі болған кезінде қазақтың ақын-жазушылары, өнер мен мәдениет қайраткерлеріне көп қамқорлық көрсеткен. Алматыда