Екі жылдан астам уақытқа созылған пандемия қазақстандықтарға жергілікті табиғаттың қадірін ұқтырғандай болды. Себебі коронавирус кесірінен көпшілік шет елдерге саяхатқа шығуды азайтты. Есесіне, ішкі туризмнің бойына айтарлықтай қан жүгірді.
Мұны ресми деректер де айғақтайды. Еліміздің мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, былтыр ішкі туристер саны 6,9 миллионға жеткен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 300 мың адамға артық.
Туристер ұлттық парктер арасында Іле Алатауы, Көлсай және Шарын шатқалына көп барған. Олардың саны 1,5 миллион адамға жеткен. Ал Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2021 жылы еліміздегі туристік аймақтарға 1 миллион, 600 мың адам барған. Оның 124 мыңнан астамы – шетелдік азамат. Алматыдағы тау кластері, Алакөл мен Маңғыстау облысы үздік үштікке енген екен. Бұл еліміздегі ішкі туризмнің ілгері басқанының тағы бір дәлелі болса керек. Әрине, сұраныс бар жерде ұсыныс та бар. Соңғы жылдары ішкі туризмнің дамуына қарапайым азаматтар да үлес қоса бастады. Олар – туристерді өздері тауып, өз күштерімен қызмет көрсетіп жүр.
Жалғасы біздің веб-сайтта сілтеме: https://biz.kz/2022/04/27/kakimi-dolzhny-byt-goroda-budushhego/
#новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz