Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қазынасына 3,8 миллион теңге көлемінде салық төлеуі тиіс.
Қазақстанның экс-президенті мүлік салығын төлеуі керек. Мәліметтерге сәйкес, Назарбаев елорданың Есіл ауданы мен Алматының Бостандық ауданында баспанаға ие.
Orda.kz редакциясы Egov.kz сайтында жарияланған салық мөлшерлемесі бойынша тұрғын үйдің шамамен құнын есептеп шығарды. Мәселен, күрделі жылжымайтын мүлік шамамен 150-250 миллион теңге, ал Алматыда 400 миллион теңгеден асады. Бұл баспананың нарықтағы құны қанша екенін айту қиын.
Өздеріңіз білетіндей, қазақстандықтар жыл соңына дейін мүлік салығын төлеуі тиіс. Әдетте, салық шоттары азаматтарға 1 шілдеде түсе бастайды.