Өз қызметіме баға қоюға қорқамын... көп маманның проблемасы... ⠀ Рас ия? ⠀ Жұмысын сапалы жасап тұрса да, өзінің жұмысына сенімді болса да, ең төмен бағаны қойып, қиналып, өзіне ашуланып жүретін мамандар таныс па? Немесе өз басыңызда бар ма? ⠀ Менің оқушыларымда да кездеседі🤷♀️ ⠀ Қалай жеңеміз? ⠀ ✔️Оның жалғыз жолы бар. Өзіңіз қорқатын бағаны қойып көру. Айту. Ұсыну. Және клиентке неге сондай баға екенін түсіндіріп беру. ⠀ Жасап көрсеңіз ғана, нәтижесін білесіз. ⠀ Егер іштей өз еңбегіңізді түсініп, құнын біліп тұрсаңыз, айтыңыз. Ары қарай уже нәтижесін көресіз. ⠀ Көп жағдайда ол сіздің басыңыздағы ғана қорқыныш. Клиентіңіз шын мәнінде сіздің құныңызды білетін адам болуы, еңбегіңізді бағалауы әбден мүмкін. ⠀ Менің оқушымда да тура сол жағдай болды. Толықтай клиенттің парақшасын жүргізгенге өте төмен баға қойып алған. Бірақ өте көп #отдуши, мықты жұмыс жасайды. Клиентінде де нәтиже шығуда. Оқушым шаршап жүр, бірақ бағасын көтеріңіз деуге қорқып, клиентті жоғалтып алам деп айтпай жүрді.