Macrumors порталының хабарлауы бойынша iPhone 14 Pro мен iPhone 14 Pro Max смартфондары Android смартфондарының қолданушылары асыра сілтемей-ақ жылдар бойы пайдаланып келе жатқан функциямен толықпақ. Әңгіме әрине Always On Display туралы. Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры демекші әңгіменің төркіні мынада болып тұр, iPhone 13 Pro мен iPhone 13 Pro Max смартфондарының экрандық жаңарту жиілігі 10 Гц тен 120 Гц-ке дейін ғана болса, ал енді олардың тікелей мұрагерлері қуатталған дисплеймен жаңартылып жиілігі 1 Гц тен 120 Гц-ке дейін болмақ. Бұл Apple Watch сағаттарында қолданылып келе жатқандықтан Apple үшін осы көптен күткен функцияны өз смартфондарына орналастыру аса қиынға соқпайды. Шешім әрине даулы мәселе, дегенмен де барлық 14-ші тізімдегі смартфондардың қолданушыларына Always On Display бірдей орнатылса дұрыс болады деген өз пікірімді айта кеткім келеді. Бірақ бұған да рақмет, одан бөлек мен тағы да сіздермен 100% сеніммен дисплейінде қос ойығы бар iPhone 14 Pro мен iPhone 14 Pro Max смартфондары туралы айта аламыз. Көз алдамайды дегендей YouTube-тегі ресми «Apple Таиланд» каналында келесідей бейнеролик жарияланып артынша өшірілген болатын. Интернеттің жадында бәрі сақталады, ол видео желілерде тарап үлгерді.
Мен осы ату шулы жаңалықты жеке өзім тексеріп көргім келді. Содан, мен «Apple Таиланд» каналына өтіп видеоларды көре бастадым. Мені білесіз бе не қымсындырды? Барлық видеоларда максималды рұқсат етілген сапа 1080p аспайды екен, алайда қайтадан салынған видеоларда максималды сапа 2K. Бұл нені білдіреді білесіз бе?! Дұрыс, бейнеролик фейк, және де ол «Apple»-дың ресми каналында жарияланбаған. Жәй ғана ынтагерлердің қиялынан жасалынған. Одан қоса анимацияның сапасы да Apple-дікіге жетіңкіремейді. Не дегенмен де интернеттегі ақпарат көздері әрқашан рас бола бермейді, бұны да ұмытпаған жөн.
Twitter-де iPhone 14 смартфондарының кодталған есімдерінде әлдеқандай себептермен сандар 4-еу мен емес 5-еу екені туралы ескертілген ақпарат пайда болды. Ол дегеніміз компания алдыңғы өз смартфондарынан бас тартпайды деген сөз. Болмаса бізді тағы да таныстарылмаған смартфон күтуде. Меніңше бұлай болуы екіталай және де менің ойымша мынадай тізіммен шығады: iPhone 14 и iPhone 14 Max, iPhone 14 Pro и iPhone 14 Pro Max.
iPhone 14 Max туралы ақпарат бере кетейін. Менің пікірімше ең көп сатылымға ие болатын тізімдегі жалғыз смартфон осы болатын секілді. Үлкен дисплей және қолжетімді баға өз дегенін жасайтын болады. Gizmo China порталының дерегіне сүйенсек iPhone 14 Max өзге модельдерден қарағанда кейінірек шығады. Неге десеңіз Қытайдағы локдаунға байланысты болып тұр. Бұл локдаун Apple-дың ғана емес барлық техно гиганттардың да жұмысына зиян келтіруде.
Алма компаниясы қазірдің өзінде де өндіру графикасынан 3 аптаға қалып келе жатыр. Купертинолық жігіттер өткізіп алған есесін толтырып алады деген үміттеміз. Одан бөлек Apple ресми сайтынан iPod Touch алып тастады. Дәурені өтті, кетті. Apple-дың музыкалық плеері енді тарих болып қалмақ. Ал енді кімге қызық болса Минг-Чи Куоның хабарлауы бойынша Apple компаниясы AirPods Pro 2-ші буындық құлаққаптарын жаз мезгілінің 2-ші кезеңінде Вьетнам елінде өндіре бастайды. Бұл Қытайдан тысқары жасалайын деп тұрған алғашқы өнімі болмақ. Тағыда Куо мырза жаңа құлаққаптар USB Type-C ағытпасында жасалынбайды деп болжам жасады. Құлаққаптарды әдеттегідей Lightning ағытпасымен қуаттап жүре береміз дегенге келтіреді.
Bloomberg басылымы және талдаушысы, инсайдеры Марк Гурман Apple-дың болашақ мобильді операциялық жүйесінің ақпараттарымен толығырақ бөлісті. Гурманның сөзіне құлақ ассақ қолданушылардың жылдар бойғы асыға күткен Always On Display режимі iOS16-ның ең басты және көптен күткен фишкасы болмақ. Бірақ айта кететін бір жәйт бар, Always On Display режимін тек қана iPhone 14 Pro және iPhone 14 Pro Max смартфондарына орнатпақ. Ал басқаларына бұл функция қолжетімсіз болады. Бұл Apple-дың қолынан келетініне еш күмәнсіз сенеміз. Бірақ бұғанда логикалық түсініктеме бар. Pro нұсқаларындағы жаңартылған дисплей «Хабарлама» қосымшасын өзгертпек. Қосымша әлеуметтікке бет бұрады, ол не дегенін түсіну қиынға соғады, бірақ болжамдап қарайтын болсақ Apple iMessage-ды Telegram немесе WhatsApp секілді етпек. Қолдан келе ме екен, уақыт көрсетеді...
Тағы да сол Марка Гурманның сөзінше iOS16-да бізге жаңартылған ескерту жүйесін ұсынбақ. Ол бұрынғыдан жақсы және баптаулары икемді болады. Өзгертулер мұнымен қоймай экран бұғаттауында да болмақ. Ақпараттарды көрсету үшін арнайы виджеттерді орналастыруға мүмкіндік пайда болады. Виджеттер интерактивті болады, онымен әрекеттестікке жол ашылады. Жалпы жаңартулар қызықты болмақ және де инсайдер Гурманның айтуы дәл келеді деп сенейік. Жаңа жаңартулар мұнымен ғана тоқтап қалмайды бұдан да көп болады.
iPadOS16 операциялық жүйесіне келсек ол туралы ақпарат аса көп емес. Планшет қолданушылары терезе көлемін еркін өзгерте алады. Сыртқы мониторға қосылу үшін жаңа режим пайда болады. Алайда бұл пункт үлкен сұрақ белгісінде тұр. Ал мынау iPadOS жаңартуына өтетін құрылғылар тізімі.
WatchOS 9 Жаңа циферблаттардың пайда болуын күтеміз. Төмендетілген энергия тұтыну режимі мен денсаулыққа байланысты функциялар. Бұл жылы Apple Watch сағаттарында және жүйесінде қатты өзгеріс күтпейміз және де жаңарту да аса бір көңілді көтермейді.
tvOS операциялық жүйесі ақылды үй үшін көп функциямен толықпақ. Бұл уақытта жаңа macOS қайта өңделген қосымша мен жүйелік баптаулармен толығады. Марк Гурманның айтуынша бұл өзгеріс iOS-қа жақындату болмақ.