Бүгін Сенатта өткен парламенттік тыңдауларға қатысып, жастар орталықтарының проблемалық мәселелерін көтердім. Сөйлеген сөзімді осында жариялап, жастар орталықтарының проблемаларына тағы бір мәрте назар аудартқым келеді. «Құрметті Мәулен Сағатханұлы, Сенат депутаттары, Үкімет мүшелері және жиналған қауым! Мен, жастармен жұмыс жасайтын мамандарды біріктіретін Жастар қызметкерлері қауымдастығынанмын және сұрағым жастар саясатын іске асырудың негізгі құралы болып табылатын жастар ресурстық орталықтарына қатысты. Жастар орталықтары жұмысында бірнеше институционалдық проблемалар бар: 1) Олардың саны 200-ден астам (227) болғанына қарамастан, әлі де бір орталыққа шаққанда 7 мыңнан 27 мыңға дейінгі жастар келеді. Сәйкесінше жастар орталықтары жастардың төрттен бірін де тұрақты түрде қамтуға мүмкіндігі жоқ. 2) 2021 жылы жастар орталықтарының 44-нде ғана жастарға арналған шаралар өткізуге болатын кеңістік болған. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының жастар орталығы «Сарыарқа» ауданы әкімдігінде орналасқ
Бүгін Сенатта өткен парламенттік тыңдауларға қатысып, жастар орталықтарының проблемалық мәселелерін көтердім.
20 мая 202220 мая 2022
1 мин