Найти в Дзене
Mumkindik | 2022

23 МАМЫРДАН БАСТАП «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Елімізде 23 мамырда «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және резидентураға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталады. Өтініштер 2022 жылғы 14 қазанға дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. Биыл тағылымдамадан өтуге құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады. Конкурстық іріктеу 2022 жылғы 30 мамыр мен 30 қараша аралығында өтеді. Осы жылы магистратура мен резидентураға 385, докторантураға 60 стипендия бөлінді. Жалпы биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізімінде академиялық оқуға 92, тағылымдамадан өтуге 158 мамандық қарастырылған. Еңбек нарығының үрдістерін талдау негізінде осы жылы тізілімге инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және өнеркәсіптік инженерия, жаратылыстану ғылымдары саласындағы 40 жаңа мамандық енгізілді. Сонымен қатар олардың 17-сі атауларын кеңейту арқылы бұрыннан бар мамандықтарға енді. Жалпы, басым мамандықтар тіз
Оглавление

Елімізде 23 мамырда «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және резидентураға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталады.

Өтініштер 2022 жылғы 14 қазанға дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады.

Биыл тағылымдамадан өтуге құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.

Конкурстық іріктеу 2022 жылғы 30 мамыр мен 30 қараша аралығында өтеді.

Осы жылы магистратура мен резидентураға 385, докторантураға 60 стипендия бөлінді.

Жалпы биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізімінде академиялық оқуға 92, тағылымдамадан өтуге 158 мамандық қарастырылған. Еңбек нарығының үрдістерін талдау негізінде осы жылы тізілімге инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және өнеркәсіптік инженерия, жаратылыстану ғылымдары саласындағы 40 жаңа мамандық енгізілді. Сонымен қатар олардың 17-сі атауларын кеңейту арқылы бұрыннан бар мамандықтарға енді. Жалпы, басым мамандықтар тізімі техникалық мамандықтармен 30%-ға кеңейтілді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады: кешенді тестілеу, Тәуелсіз сарапшылық комиссиясы мүшелерімен жеке әңгімелесу және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.

Құжаттарды қалай тапсыруға болады?

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы онлайн форматта жүзеге асырылады.

Құжаттарды тапсырудың 5 қарапайым қадамы

1 қадам. Талаптарға сәйкес келу

2 қадам. Құжаттар пакетін жинау

3 қадам. Құжаттарды көрсетілген мерзімде электрондық үкімет порталы арқылы тапсыру

4 қадам. Конкурстық іріктеудің 3 туры:

  • 1 кезең – кешенді тестілеу;
  • 2 кезең –ТСК мүшелерімен жеке әңгімелесу;
  • 3 кезең – шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы

5 қадам. Стипендиатқа не оның сенім білдірілген тұлғасына стипендия тағайындалғаннан кейін стипендия тағайындалған күннен бастап 90 күнтізбелік күн ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ заң қызметі департаментіне (бұдан әрі – Қоғам) жүгіну және қоғаммен оқытуды ұйымдастыру туралы шарт, сондай-ақ кепілдік шартын жасасу қажет. Шарттар мерзімінде жасалмаған жағдайда, стипендиат «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері мәртебесінен айырылады.

Қажетті құжаттар

Магистр дәрежесі алуға үміткерлер

  • шетелдік жетекші ЖОО тізіміне енгізілген ЖОО-нан академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжат (қаржылық жағдайларды қоспағанда). Құжатта үміткердің деректері, оқу бағдарламасы – магистратура, мамандық, оқу мерзімі, оқудың толық құны көрсетілуі тиіс. Құжат мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады;
  • жеке куәлік және төлқұжат;
  • бакалавр немесе маман дипломы бар. Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда білім туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік не білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжат;
  • В1 деңгейінен кем емес нәтижесі бар ҚАЗТЕСТ бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификат;
  • шетелге шығатын тұлғалар үшін 072/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама ұсынады;
  • шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерім туралы ресми құжат немесе мамандығы, курсы (оқу жылы), бағалау жүйесі туралы ақпарат, ағымдағы үлгерімнің орташа балы көрсетілген белгіленген үлгідегі анықтама. Құжат/анықтама нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады (тек шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын үміткерлер үшін).

Ауылдық жерден шыққан үміткерлер

  • жеке куәлік және төлқұжат;
  • бакалавр немесе маман дипломы бар. Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда білім туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік не білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжат;
  • бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балл кемінде GPA 2,67 (4.00/4.33-тен) немесе 5.00-ден 4.00-ге сәйкес келуі тиіс;
  • бакалаврдың немесе маман дипломы бойынша мамандығы ұқсас мамандықтар тізбесіне сәйкес таңдаған мамандыққа сәйкес келуі тиіс;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде еңбек қызметін жүзеге асырудың соңғы 2 жылындағы аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірме;
  • В1 деңгейінен кем емес нәтижесі бар ҚАЗТЕСТ бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификат;
  • белгіленген минималды талаптарға сәйкес нәтижемен шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;
  • шетелге шығатын тұлғалар үшін 072/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама ұсынады;

Доктор дәрежесін алуға және резидентура оқуға үміткерлер

  • шетелдік жетекші ЖОО тізіміне енгізілген ЖОО-нан академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжат (қаржылық жағдайларды қоспағанда). Құжатта үміткердің деректері, оқу бағдарламасы – магистратура, мамандық, оқу мерзімі, оқудың толық құны көрсетілуі тиіс. Құжат мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады;
  • жеке куәлік және төлқұжат;
  • бакалавр немесе маман дипломы бар. Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда білім туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік не білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжат;
  • В1 деңгейінен кем емес нәтижесі бар ҚАЗТЕСТ бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификат;
  • шетелге шығатын тұлғалар үшін 072/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама ұсынады;
  • шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерім туралы ресми құжат немесе мамандығы, курсы (оқу жылы), бағалау жүйесі туралы ақпарат, ағымдағы үлгерімнің орташа балы көрсетілген белгіленген үлгідегі анықтама. Құжат/анықтама нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады (тек шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын үміткерлер үшін).
  • тізімге енгізілген жетекші шетелдік жоғары оқу орнымен келісілген және мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар доктор дәрежесін алу үшін осы шетелдік жоғары оқу орны белгілеген мерзімнен аспайтын жеке оқу жоспары.

"Тағылымдама" бағыты бойынша келесі санаттар қатыса алады

  • Ғалымдар;
  • Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер
  • Педагогикалық қызметкерлер
  • Мемлекеттік қызметкерлер;
  • Инженерлік-техникалық қызметкерлер
  • Мәдениет және спорт саласының қызметкерлері

Тағылымдамадан өту үшін қажет құжаттар

  • шетелдік ұйымнан шартсыз шақыруды растайтын құжат (қаржылық жағдайларды қоспағанда). Құжатта: үміткердің деректері, тағылымдама мерзімі, құны (есеп айырысудың толық жазылуы) көрсетілуге тиіс. Құжат мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады;
  • жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға жұмыс берушінің өтінімі;
  • жеке куәлік және төлқұжат;
  • бакалавр немесе маман дипломы бар. Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда білім туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік не білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжат;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ еңбек қызметінің талап етілетін кезеңі үшін аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірме;
  • В1 деңгейінен кем емес нәтижесі бар ҚАЗТЕСТ бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификат;
  • тағылымдамадан өту үшін тиісті нәтижемен тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның талабы болған жағдайда, сондай-ақ виза рәсімдеу қажет болған кезде шет тілі бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;
  • шетелге шығатын тұлғалар үшін 072/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама ұсынады;
  • тағылымдамаға жіберетін және қабылдайтын ұйымдар бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасы. Құжат мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.

Қосымша ақпараттар

Басым мамандықтар тізімі

Ұсынылатын университеттер тізімі