Найти тему
Mumkindik | 2022

ҰБТ 2022: тіркелу нұсқаулығы

Оглавление

Ұлттық бірыңғай тестілеу 2022 жылғы 16 мамыр - 5 шілде аралығында өтеді.

ҰБТ-ға кімдер қатыса алады?

  1. Орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;
  2. Орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
  3. Жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
  4. Шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;
  5. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін өткізіледі.

ҰБТ-ға тіркелу нұсқаулығы

  1. Оқуға түсуші ҰБТ қатысушыларының деректер базасына (бұдан әрі – ДБ) тіркелу үшін өтінішті 2022 жылғы 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында онлайн түрде Орталықтың сайты арқылы келесі сілтеме бойынша береді: https://app.testcenter.kz/. Осы аралықта тестілеуге 2 (екі) рет өтініш беруге мүмкіндік беріледі.

2. Өтініш беру рәсімі:

  • https://app.testcenter.kz/ сайтына кіру және интерфейс тілін таңдау;
  • электрондық поштаны көрсете отырып, тіркеуден өту (электрондық поштаға келген хат арқылы міндетті түрде электрондық поштаны растау қажет);

Ескерту: егер түсуші алдында бұл сайтқа тіркелген болса, онда ол өтінішті өзінің «жеке кабинеті» арқылы бере алады. Ол үшін «Кіру» батырмасын басып, логин мен паролін енгізеді.

  • Алынған логин мен пароль арқылы авторизациядан өту (логин мен пароль бар хатты 2022 жылдың соңына дейін жоюға болмайды);
  • ЖСН көрсету және іздеу батырмасын басу (тегі, аты және әкесінің аты автоматты түрде шығады) және байланыс телефоны нөмірін көрсету (міндетті түрде). Ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері үшін (18 жасқа толмаған) атаанасының немесе заңды өкілінің ТАӘ, ЖСН және байланыс телефонын міндетті түрде енгізу;

Ескерту: ЖСН-ы жоқ шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар (Қандастар) «ҚР ЖСН-ы жоқ» батырмасын таңдайды және келесі мәліметтерді енгізеді:

ТАӘ (кирил жазуымен);
ұлты;
азаматтығы;
туған күні;
құжат нөмірі;
байланыс телефоны.
«Сақтау» батырмасын басу, осы іс-әрекеттер орындалғаннан соң ҰБТға тіркелу үшін 12 сандық код тағайындалады.
  • «Өтініш беру» бөлімін таңдап, қатысушы санатын көрсету;
  • Қажетті тіркеу деректерін толтыру және келесі мәліметтерді таңдау: - тапсыру тілі; - бейіндік пәндер комбинациясы. Ескерту: түсуші бейіндік пәндер комбинациясын таңдаған кезде 1-ші және 2-ші мүмкіндікте бірдей пәндерді көрсетуі тиіс, яғни 2 мүмкіндікте де бейіндік пәндер комбинациясы бірдей болады. Өтініш беру базасы жабылғаннан кейін тестілеу кезінде бейіндік пәндер комбинациясын өзгертуге мүмкіндік берілмейді. Яғни, тестілеу өтініште көрсетілген комбинацияға сәйкес өткізіледі;
  • тестілеу күні, уақыты және орны (Ескерту: ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері тестілеу орнын тек облыс ішінде таңдай алады);
  • Тестіленушінің келісімімен және міндеттемесімен, сондай-ақ 18 жасқа толмаған ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің осы құжаттағы тармақтарымен мұқият танысу;
  • Орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілерін қоспағанда, тестілеу үшін қалаған төлем әдісін таңдау және төлем жасау; Ескерту: орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне тестілеуді тегін тапсыруға мүмкіндік беріледі, мәліметтері Ұлттық білім беру деректер қорымен (ҰБДҚ) сәйкестендіріледі;
  • «Менің іс-әрекетім» бөлімінде төлем жасағаннан кейін, қажет болған жағдайда өтінішке өзгеріс енгізуге (бейіндік пәндер комбинациясы мен тапсыру тілі) мүмкіндік беріледі.

Ескерту: өтініш бергеннен кейін, тестілеу күнін, уақытын және орнын өзгертуге болмайды.

Тестілеу құны – 4 230 теңге

3. Тестілеуге қатысу үшін төлемді келесі тәсілдермен жүзеге асыруға болады:

  • банк картасымен төлеу арқылы онлайн (банк картасымен төлеуді таңдаған кезде бағдарламада автоматты түрде төлем сайты ашылады);
  • Kaspi.kz-пен төлеу арқылы онлайн (Kaspi.kz-пен төлеуді таңдаған кезде тапсырыс нөмірін қалыптастырып, қосымша немесе Kaspi.kz сайты арқылы төлеу қажет);

Ескерту: Төлемді тапсырысты қалыптастырғаннан кейін 1 сағат (60 минут) ішінде жасау керек, белгіленген уақытта жасамаған жағдайда, өтініш жойылады.

4. ҰБТ-ға қатысу үшін төленген ақшалай қаражатты қайтару бойынша: Түсуші тестілеуге қатысудан бас тартқан жағдайда өтініш беру деректер базасы жабылғанға дейін жеке кабинетінен өзінің өтінішін өшіруі қажет. Бұл жағдайда тестілеу үшін төлем келесі құжаттарды uto@testcenter.kz электронды поштасына:

  • тестілеу үшін төлемді қайтару туралы түсушіден өтінішті;
  • тестілеуге қатысуға арналған төлем туралы түбіртекті;
  • жеке куәліктің көшірмесін;
  • төлем картасының көшірмесін (алдыңғы жағы);
  • банктің реквизиттерін көрсете отырып, 20 таңбалы есепшотын ұсынған кезде қайтарылады.

Сондай-ақ тестілеу үшін төлем өтініштер қабылдау деректер базасы жабылғаннан кейін мынадай жағдайларда қайтарылады:

  • егер тестіленуші бір тестілеу үшін бір кезеңде екі рет қателесіп төлем жасаса (қосарланған төлем);
  • егер тестіленуші тестілеу үшін ақы төлеп, бірақ тестілеуге өтінішін бермесе;
  • егер тестіленуші жақын туысының қайтыс болуына байланысты тестілеуге қатыспаса және растайтын құжаттарды ұсынса;
  • егер тестіленуші денсаулығына байланысты емделуде немесе карантинде болса және осы бойынша растайтын құжаттарды ұсынса;
  • егер тестіленуші тергеуде болса немесе жол көлік оқиғасына ұшыраған болса және осы бойынша растайтын құжаттарды ұсынса.

Өзге жағдайларда тестілеу үшін төленген ақша қаражаты қайтарылуға жатпайтынын атап өтеміз.

5. Тестілеу туралы ақпарат алу: Өтініш тіркелгеннен кейін тестілеуді тапсыру орны мен уақыты туралы ақпарат тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Тестілеу туралы ақпаратпен танысу үшін тестіленушінің өзі жауапты болып табылады. Тестілеуге дәлелді себепсіз келмеген жағдайда осы мерзімдегі тестілеуге қайта өтініш беру мүмкін емес болып табылады.

6. SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ-ға өтініштер қабылдау базасына сертификаттардың көшірмелерін 2022 жылғы 28 сәуір мен 14 мамыр аралығындағы мерзімдерде мәліметтер енгізуі және өтініш беруі қажет.

Ескерту: SAT балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

  • SAT reasoning (ризонинг) және SAT subject (сабджект) сертификатары болған жағдайда. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырады және SAT subject балдары бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ғана ҰБТ балдарына ауыстырылады;
  • SAT reasoning сертификаттары болған жағдайда. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндер бойынша ҰБТ тапсырады.
  • ACT балдары Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады.
  • IB балдары Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады.

7. Ерекше мәртебесін растайтын құжаты бар («Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген) ерекше қажеттілігі бар адамдар (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) ҰБТ-ға өтініш беру бағдарламалық жасақтамасына құжаттарын жүктейді.

Ескерту: Тестілеуге кіргізу оқуға түсушінің жеке басын сәйкестендіру үшін адамның бет-әлпетін көлемді-кеңістіктік нысандағы сканер арқылы және тестіленушінің сыртқы келбетін жеке басын растайтын құжатпен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Жеке басын растайтын құжаты жоқ адамдарда білім беру ұйымынан бірінші басшының қолымен және мөрімен расталған анықтама (фотосуретімен) және туу туралы куәлік болуы тиіс. Шетелде білім беру ұйымдарын бітірген және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдардың паспорты болуы тиіс.

Тестілеудің 1-мүмкіндігінде тестілеуге кіргізу кезінде тестілеу ережесін бұзғаны үшін тестілеуге жіберілмеген және тестілеу кезінде тестілеу нәтижелері жойылған тестіленушілер 2-мүмкіндіктегі тестілеуге жіберілмейді. Бұл ретте, егер тестіленуші бірінші тестілеуді сәтті тапсырса және екінші тестілеуде тестілеу нәтижесі жойылса, онда оның бірінші тестілеу нәтижесі жойылады және білім беру гранттарын тағайындау конкурсына жіберілмейді.

Толық ақпарат: https://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=4882