Найти в Дзене
Mumkindik | 2022

СТУДЕНТТІК ШӘКІРТАҚЫ БАЙҚАУЫ – 2022

Байқаудың өткізілу уақыты: 18.04.2022 - 30.06.2022 Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жыл сайынғы республикалық студенттік шәкіртақы байқауы басталды. Байқау 2022 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. Қазақстанның талантты студенттері арасындағы байқау алғаш рет 2010 жылы өткізілді, міне содан бері 799 адам стипендиат атанды. Стипендиялық бағдарламаның мақсаты – белсенді дарынды жастарды анықтап, студенттердің оқу, ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметін ынталандыру. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры шәкіртақысын алу үшін үлгерімнің жақсы болуы жеткіліксіз. Жастардың таланты мен әлеуетін жан-жақты ашуға арналған жобалар мен бағдарламаларға қатысып, жеңіске жету қажет. Атап айтсақ, конференциялар, форумдар, жарыстар, байқаулар, ел алдында сөз сөйлеу, еріктілік кциялар және т. б. Ең қызығы, стипендияға тегін әрі ақылы негізде оқитын студенттер үміткер бола алады. Қордың стипендиясы дербес және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен төленеді, яғни конкурсант өзге де гранттық және стипендиялық бағдарлама
Оглавление

Байқаудың өткізілу уақыты: 18.04.2022 - 30.06.2022

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жыл сайынғы республикалық студенттік шәкіртақы байқауы басталды. Байқау 2022 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.

Қазақстанның талантты студенттері арасындағы байқау алғаш рет 2010 жылы өткізілді, міне содан бері 799 адам стипендиат атанды. Стипендиялық бағдарламаның мақсаты – белсенді дарынды жастарды анықтап, студенттердің оқу, ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметін ынталандыру.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры шәкіртақысын алу үшін үлгерімнің жақсы болуы жеткіліксіз. Жастардың таланты мен әлеуетін жан-жақты ашуға арналған жобалар мен бағдарламаларға қатысып, жеңіске жету қажет. Атап айтсақ, конференциялар, форумдар, жарыстар, байқаулар, ел алдында сөз сөйлеу, еріктілік кциялар және т. б.

Ең қызығы, стипендияға тегін әрі ақылы негізде оқитын студенттер үміткер бола алады. Қордың стипендиясы дербес және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен төленеді, яғни конкурсант өзге де гранттық және стипендиялық бағдарламалардың иегері бола алады.

Өтініш бермес бұрын төменде көрсетілген ережемен мұқият танысыңыз.

Жалпы ережелер

  1. Бұл қағидалар жоғары және арнаулы орта (өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі оқу бөліміндегі студенттерінің оқу, ғылыми және шығармашылық қызметін көтермелеу мақсатында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының (бұдан әрі – Қор) студенттік шәкіртақысын беру тәртібін айқындайды.
  2. Қордың шәкіртақысы байқау негізінде беріледі және жалпыға бірдей белгіленген шәкіртақылардан бөлек төленеді.
  3. Қордың шәкіртақысы дербес, бір оқу жылына белгіленеді, әрі маусым, шілде және тамыз айын қоспағанда ай сайын тек оқу кезеңінде (екі семестр) төленеді.
  4. Шәкіртақының мөлшерін және санын Қор белгілейді.

Байқау іріктеуін өткізу тәртібі

  1. Байқау іріктеуін Қор жүргізеді және байқау ережесі веб-сайтта жарияланады.
  2. Байқауға қатысуға Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен арнаулы орта (өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі оқу нысанының студенттері жіберіледі:
  • кемінде екі оқу курсын сәтті аяқтағандар;
  • әрбір оқу жылындағы академиялық үлгерімі жоғары болғандар (үздік үлгерім);
  • қоғамдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысатындар;
  • республикалық, халықаралық фестивальдар мен конкурстарда жетістіктері барлар (оқу орындарының студенттері үшін "Өнер және мәдениет"бағыты бойынша).
Конкурсқа белгіленген талаптарға сай келетін және тегін, сондай-ақ ақылы негізде білім алатын студенттер тең жағдайда қатысуға құқылы.

3. Шәкіртақы тағайындау байқауы жыл сайын өткізіледі және екі кезеңнен тұрады:

  • Бірінші кезең жоғары оқу орындарында өздері белгілеген тәртіппен өткізіледі, Қордың стипендиясын алуға ұсыну үшін үздік студенттерді іріктеу жүзеге асырылады (кезең оқу жылы аяқталғаннан кейін, екінші тур басталғанға дейін алдын ала өткізіледі);
  • Екінші (республикалық) кезең жоғары оқу орындары Қордың шәкіртақысына үміткер ретінде ұсынылған және байқауға қатысуға жіберілген студенттер арасында өткізіледі (бұл әдетте шілде-тамыз айларында өткізіледі).

4. Байқау нәтижесі туралы ақпарат Қордың веб-сайтында жарияланады.

5. Қор шәкіртақысын тағайындау туралы тиісті келісім-шарт жасасу үшін стипендиат оқитын оқу орнының басшылығына жазбаша хабарланады.

Өтінім берудің тәртібі

  1. Шәкіртақыны алуға үміткерді жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) оқу орындары ұсынады.
  2. Екінші (республикалық) кезеңге қатысу үшін 2022 ж. 30 маусымына дейін Қорға мынадай құжаттарды өткізу қажет:
  • 1 (жоғары оқу орындары үшін), 2 (өнер және мәдениет оқу орындары үшін) қосымшаларына сәйкес нысан бойынша шәкіртақы алуға арналған байқауға қатысуға үміткердің жеке өтініші;
  • факультет кеңесінің төрағасы мен ғылыми хатшының қол қойылған факультеттің ғылыми кеңесі отырысының студентті шәкіртақыға ұсыну туралы хаттамасының көшірмесі;
  • үміткердің оқу, ғылыми және өзге де жетістіктерін сипаттайтын оқу орнының дәлелді қолдаухаты (кафедра меңгерушісі мен факультет деканының қолы қойылған);
  • жоғары академиялық үлгерімді растайтын уәкілетті құрылымдық бөлімшенің мөрі басылып, қолы қойылған транскрипт немесе сынақ кітапшасынан үзінді (өнер және мәдениет бағытындағы орта арнаулы оқу орындары үшін);
  • үміткердің конференцияларға, пәндік олимпиадаларға және байқауларға қатысуы мен жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмесі:
  • үміткер жариялаған ғылыми жұмыстардың тізімі (жеке немесе бірлескен авторлықта);
  • ғылыми конференциялардың, симпозиумдардың өткен орны мен уақыты көрсетілген баяндамалардың тізімі;
  • үміткердің халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалардағы, ғылыми және шығармашылық байқаулардағы жеңісін растайтын құжаттар;
  • жеке куәліктің көшірмесі.
Қорға өткізілетін барлық құжатқа оқу орнының мөрі басылуы тиіс.
Құжаттар тіркелген өтінім нөмірленіп, тігіледі және оқу орнының мөрі басылып, бір данасы ұсынылады.

3. Төмендегі өтінімдер қаралмайды және байқауға қатыстырылмайды:

  • электрондық пошта немесе факсимильді байланыс арқылы жіберілген;
  • байқау шарттарына сәйкес келмейтін;
  • рәсімдеу ережелері сақталмаған;
  • Қор жариялаған құжаттарды қабылдау мерзімінен кейін келгендер.

4. Қор өтінімдерді қабылдамау себебін хабарламайды.

5. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылмайды.

Байқау комиссиясының жұмыс және шәкіртақы беру тәртібі

  1. Қордың атқарушы директорының бұйрығымен бекітілген, кемінде 5 (бес) адамнан тұратын байқау комиссиясы байқау іріктеуі мен жеңімпаздарды анықтайды.
  2. Байқау комиссияның мүшелері ерікті түрде тегін қызмет көрсетеді.
  3. Комиссия құрамының кемінде 2/3 бөлігі қатысқан кезде отырыс заңды деп есептеледі.
  4. Байқау қорытындысы бойынша шешімді байқау комиссияның мүшелері көпшіліктің ашық дауыс беруі арқылы қабылдайды және хаттама толтырылады.
  5. Қорытынды хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелер қол қояды және онда өтінімдерді жеңімпаз деп тану туралы шешім (тегі, аты, әкесінің аты және жоғары оқу орнының атауы көрсетіле отырып) және шәкіртақы беру туралы ұсыным қамтылуға тиіс.
  6. Шәкіртақы беру туралы шешімді Қор байқау комиссияның шешімі негізінде қабылдайды. Қордың шешімі Қордың атқарушы директорының бұйрығы түрінде рәсімделеді.

Байқаудың іріктеу критерийлері

  1. Байқау комиссиясы үміткерлерді әңгімелесуге шақыруға, сонымен бірге оқу орнынан үміткер туралы қосымша мәліметтер мен тиісті құжаттарды сұратуға құқылы.
  2. Қатысушылар тең дауыс жинаған жағдайда, жетістігін сертификатпен, дипломмен, баяндамамен, мақаламен, сыйлықпен дәлелдегендерге, сонымен қатар, халықтың осал тобына жататын үміткерлерге басымдық беріледі.

Шәкіртақыны төлеу тәртібі

  1. Шәкіртақы Қор мен стипендиат арасында жасалатын екіжақты келісім негізінде төленеді.
  2. Қордың шәкіртақысын төлеу туралы келісім-шартта жалпы талаптармен қоса, төмендегілер де қарастырылады:
  • байқау комиссияның шешімін көрсету;
  • стипендиат туралы деректер;
  • оқу орнына осы қағиданың 22-тармағында көрсетілген шәкіртақыны төлеуді тоқтатуға әкеп соғатын жағдайдың туындағаны жайлы Қорға уақытылы жазбаша хабарлау міндеттеледі;
  • стипендиаттың Қордың стипендиясын алу кезеңінде өзінің оқу, ғылыми, тәжірибелік, шығармашылық және қоғамдық пайдалы қызметі туралы есеп беруі міндеттеледі.

3. Шәкіртақы стипендиаттың құжатта көрсетілген банктік (карточкалық) шотына аударылады.

4. Қордың шәкіртақысы мына жағдайдың бірі болғанда тоқтатылады:

  • оқу мерзімінің аяқталуы;
  • студенттің академиялық демалысқа кетуі;
  • студенттің басқа оқу орнына кетуі (ауысуы), бұған алмасу шеңбері де кіреді;
  • академиялық үлгерім көрсеткішінің төмендеуі (кезекті сессияның қорытындысы бойынша);
  • студенттің оқу орнынан шығарылуы;
  • стипендиат қоғамдық тәртіпті және/немесе оқу тәртібін бұзуға байланысты теріс қылық жасаған жағдайда.

5. Осы қағидалардың 22-тармағының 4)-6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардың болуы студентті Қордың келесі байқауларына қатыстырмауға негіз болып табылады.

Құжаттар келесі мекенжайға жіберіледі:

Қазақстан Республикасы, 050059 (A15M2B6), Алматы қ., М. Ганди, 10 к-сі. 
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

Толық ақпарат:

  • Жоғары оқу орындарының студенттері үшін – 8 727 305 36 23, roza@fnn.kz (Едігеева Роза Мақашқызы).
  • «Өнер және мәдениет» бағыты бойынша оқитын студенттер үшін - 8 727 305 36 24, tismailov@fnn.kz (Ысмайлов Тимур Мұратұлы).