Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Алтын тобылғы» әдеби байқауын жариялап, жас ақындар мен жазушылардың танылуына мүмкіндік береді. Байқаудың басты мақсаты — қазіргі заманғы қазақстандық көркем әдебиетті дамыту, жас қаламгерлерді қолдау және олардың шығармашылығын насихаттау. Сыйлық конкурстық негізде төмендегі номинацияларға беріледі: Сонымен қатар, биыл Қор «Ел мұраты – Тәуелсіздік» тақырыбына арналған «Үздік шығарма» арнайы номинациясын тағайындады. Жүлде қоры Номинация жеңімпаздарына «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты атағы беріліп, 2 000 000 KZT көлемінде ақшалай сыйлық табыс етіледі. Ал арнайы номинация жеңімпазы 3 000 000 KZT алады. Байқауға 18-35 жас аралығындағы жас әдебиетшілердің қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі шығармалары қабылданады. Автор екі номинацияға қатысуға құқылы. Өткен жылдардағы байқау жеңімпаздары байқауға қатыса алмайды. Конкурстық іріктеуге бір автордан — бұрын еш жерде жарияланбаған екі шығармаға дейін қабылданады. Қолжазба А4 форматында, Times New Roman 14
«АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» ӘДЕБИ БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
25 апреля 202225 апр 2022
22
2 мин