Найти в Дзене
Mumkindik | 2022

"Волонтерлік бастамаларды қолдауға бағытталған шағын гранттар" байқауы өтеді

Оглавление

Конкурс аясында жастар өздерінің волонтерлік бастамаларын жүзеге асыру үшін 350 000 (үш жүз елу мың) теңге көлемінде шағын грантқа ие болатын 20 жеңімпаз анықталады.

Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар

  • Шағын гранттар конкурсына 14-29 жас аралығындағы жеке тұлғаларға, бастамашыл топтарға және Нұр-Сұлтан қаласының үкіметтік емес ұйымдардың мүшелеріне қатысу рұқсат етіледі.
  • Өтініш жекелей берілген жағдайда, өтініш беруші 14 жастан жоғары болуы тиіс.
  • Бастамашыл топтың атынан өтініш берген жағдайда, топ жетекшісі мен мүшелері 14-29 жас аралығында болуы тиіс. Байқауға қатысуға бастамашыл топтың басшысы барлық мүшелерін көрсете отырып, өтінімді тікелей беруге тиіс.
  • Байқауға қатысатын үкіметтік емес ұйымдар келесі шарттарға сай болуы тиіс:

· салықтық және басқа қарыздары болмауы тиіс;

· банк есепшотының болуы;

· ұйым ҮЕҰ деректер базасында болуы тиіс;

· Ұйым атынан 4 адамнан көп қатысушының өтінімі берілуі тиіс.

  • Өтінімдерді қарастыру барысында волонтерлік саласындағы бағдарламаларды/жобаларды/бастамаларды/ерікті еңбекті жүзеге асыруда тәжірбиесі бар өтінім берушілерге басымдық беріледі. Волонтерлік тәжірбиені растайтын сертификаттар, алғыс хаттар, ұсыным хаттар, жарияланымдар, фото-видеодәлелдер және көпшіліктің пікірлері қосымша артықшылық болып есептеледі.

Жобаларға қойылатын талаптар

  1. Жобалар волонтерлік қызмет тәжірибесіне азаматтарды тарту үшін тиімді механизм мен жағымды жағдай жасау арқылы волонтерліктің жүйелі дамуына бағытталған Волонтер жылын өткізу концепциясына сай болуы тиіс. Жобалар елдің Нұр-Сұлтан қаласындағы жастарының волонтерлік бастамаларын қолдауға бағытталуы тиіс.
  2. Жоба келісімшартқа қол қойылғаннан бастап 2 ай көлемінде (мамыр- маусым) жүзеге асырылуы тиіс.
  3. Байқау комиссиясының қаралымында жүйелі, жүзеге асып жатқан, аймақтағы жағдайды жақсартуға бағытталған жобалар артықшылыққа ие болады.
  4. Жоба аясында еңбек ақы төлеуге, кеңсенің қамтылуына және басқа да әкімшілік шығындарға жұмсауға болмайды. Шығындар волонтерлік бастамаларды іске асыру үшін түрлі шығыс материалдарына (жабдықтау, құрал- сайман, құрылғыны жалға алу және т.б.) жұмасалады.
  5. Жоба өтінім формасына (Қосымша №1) толықтай сай рәсімделуі тиіс.
-2

Жобалар келесі бағыттар бойынша қабылданады

  • Экологиялық ағарту бойынша волонтерлік жобалар;
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жобалар;
  • Қазіргі заманда қарт адамдарды әлеуметтендіруді қолдауға бағытталған жобалар;
  • Жастар арасында медиа сауаттылықты арттыруға бағытталған жобалар;
  • Жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған жобалар;
  • Оқушыларды, студенттерді және әлеуметтік топтарды оқытуға бағытталған білім беру жобалары;
  • Балалар үйіндегі балалар мен қарттар үйіндегі адамдарды қолдау жөніндегі жобалар;
  • Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған жобалар;
  • Мәдени-тарихи мұраны сақтауға және дамытуға, тарихи ескерткіштерді, мәдени-мемориалдық кешендерді қалпына келтіруге және сақтауға бағытталған жобалар;
  • Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың құқықтарын қорғау және алдын алу;
  • Инновациялық жобалар;
  • Ғылыми жаңалықтар;
  • Компьютерлік бағдарламалау;
  • Экспедициялар мен экскурсияларды ұйымдастыру жөніндегі жобалар;
  • Әлеуметтік-мәдени және спорттық жобалар;
  • Шығармашылық және қайырымдылық іс-шаралары;
  • Медициналық мақсаттағы жобалар;
  • Әдебиет пен тілге қатысты жобалар;
  • Жастар белсенділігін дамытуға бағытталған жобалар;
  • Жануарларды қорғауға және панасыз жануарларды қолдауға бағытталған жобалар;
  • Ережеге сәйкес келетін басқа да бағыттар.

Байқаудың өткізілу тәртібі

  • Байқау 2022 жылдың 1 мамыр мен 20 маусым аралығында өтеді.
  • Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау:
  • Байқауға қатысу үшін Жобалық өтінімдерді осы Ереженің №1 Қосымшасына сай рәсімделіп, pdf форматында 2022 жылдың 22 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 23:59 дейін grants.2022@bk.ru электронды почтасына жіберу қажет.
  • Жобаның мәнін ашатын презентация немесе бейнеролик болған жағдайда, оны өтініммен бірге электронды почтаға жіберу қажет.
  • Қажет болған жағдайда, Ұйымдастырушылар Өтінім берушіден Байқауға қатысты қосымша ақпарат сұрату құқығын қалдырады.
  • Байқауға қатысуға өтінім Қатысушының осы Ережеде көрсетілген талаптар мен шарттарға келісімін білдіреді.
  • Байқау Қатысушысы өзінің өтінімін қабылдау уақыты аяқталғанға дейін қайтып алуға құқылы.
  • Көрсетілген уақыттан кеш тапсырылған Өтінімдер қарастырылмайды.
  • Ұйымдастырушылар қатысушылардың жеке деректерінің сақталуына кепілдік береді.
  • Грант иегерлерін іріктеу 2022 жылдың 27 сәуірге дейін жүргізіледі.
  • Іріктеудің аяқталуы туралы хабарландыру ұйымдастырушылардың instagram парақшаcында жарияланады: Instagram: @NS_JASTARY және @ZBK_SKO
-3

Жобаларды іріктеу

  • Конкурстық комиссия кемінде бес адамнан, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің, Нұр-сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары, республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, белгілі тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінен тұрады. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстың мақсаттарына, міндеттеріне және өлшемшарттарына сәйкес грант алушыны таңдау бойынша шешімдерді әділ шығаруға міндеттенеді.
  • Байқау комиссиясының мүшелері байқаудың мақсаттарына, міндеттеріне және шарттарына сәйкес грант алушыны таңдау жөнінде бейтарап шешім шығаруға міндеттеледі.
  • Байқау комиссиясының шешімі хаттама түрінде рәсімделеді,оған Комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Байқау комиссиясының шешімі соңғы шешім болып табылады және өзгертуге жатпайды.

Бағалау шарттары

Байқау комиссиясы келесі бағалау шарттарына сәйкес жобаларды іріктейді:

Кесте 1. Бағалау шарттары
Кесте 1. Бағалау шарттары
  • Бағалаудың әрбір шарты жетті ұпайлық шкала бойынша бағаланады (0-ден 7 ұпайға дейін).
  • Жобаларды бағалау формасына сәйкес әрбір комиссия мүшесі дербес түрде қарастырады.
  • Жобаның жалпы ұпайы байқау комиссиясының барлық мүшелері ұсынған қорытынды ұпайлардың орташа арифметикалық сомасы болып табылады.
  • Шағын гранттар байқауының жеңімпаздары ең жоғары жалпы ұпай жинаған 20 әлеуметтік жобалардың өтініш берушілері болады.
  • Екі және одан да көп өтінімдер бірдей ұпай санын жинаған жағдайда волонтерлік жұмыс тәжірибесі көбірек өтініш берушілерге басымдық беріледі.
  • Бір жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның, сондай-ақ бастамашыл топтың өтініштерінің саны шектелмейді, бірақ өтініш берушінің бір ғана өтініші жеңімпаз болуы мүмкін.
  • Женімпаз 20 үздік жобаның қатарына бір жеке тұлғаның немесе заңды тұлғадан, сондай-ақ бастамашыл топтан бірнеше өтінім берілген жағдайда, ең жоғары ұпай жинаған жұмыс жеңімпаз болып таңдалады.
  • Грант алушы гранттан бас тартқан жағдайда, бұл грант үздік 20 жобаға кірмеген өтінімдер санынан ең жоғары балл жинаған үміткерге ауыстырылады.

Шағын гранттар беру және есеп беру тәртібі

  • Өтініш берушілерге гранттар бөлу шағын гранттар конкурсының қорытынды хаттамасы мен қол қойылған грант беру туралы шарт негізінде жүзеге асырылатын болады.
  • Шағын грант көлемі 350 000 (үш жүз елу мың) теңгені құрайды.
  • Грантты беру өтініш берушінің банктік шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырылады.
  • Төлем екі транш арқылы жүргізіледі: Грант сомасының 50% мөлшеріндегі I транш шартқа қол қойылған күннен бастап бес банктік күн ішінде аударылады; Грант сомасының 50% мөлшеріндегі II транш іс-шаралар өткізілгеннен кейін кейін бес банктік күн ішінде аударылады.
  • Грантты пайдалану мәлімделген сметаға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады. Түзетулер енгізу тек Грант берушіні жазбаша түрде хабардар етіп, оның келісімін алғаннан кейін ғана рұқсат беріледі.
  • Толық емес мәліметтер ұсынылған жағдайда грант беруші есепті түзетуге жіберуге құқылы.
  • Жоба тиісті деңгейде орындалмаған, грант қаражатын мақсатсыз пайдаланған және есепті уақытында тапсырмаған жағдайда Грант алушы грант қаражатын қайтаруға міндеттенеді. Сомасы мен мерзімдері грант беру туралы шартта айқындалады.
  • Грант алушы өзі туралы, жобаны іске асыру барысы, оның кезеңдері мен нәтижелері туралы БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға келісім береді.
  • Грант алушының жобаны жүзеге асыру бойынша ақпараты Ұйымдастырушының «Волонтерлық бастамаларды қолдау бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу» жобасы үшін Facebook және Instagram әлеметтік желілеріндегі парақшаларында жариялануы керек. Парақшада ортақ хештегтері #ns_volunteer және #ns_jastary, #болашақҚазақстанға болуы тиіс.

Ұйымдастыру мәселелері және байланыс ақпараты

Барлық туындаған сұрақтар конкурсты ұйымдастырушылар тарапынан шешеді.

Байқау ұйымдастырушысы:

Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы;
«Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігі.
Тел: + 7 776 556 58 68
e-mail: grants.2022@bk.ru
Жоба үйлестірушісі – Рустем Арманов, тел: + 7 775 152 69 28

Жобаның құжаттары мен қосымшаларына сілтеме: https://drive.google.com/drive/u/0/folders/183n-Sv2rjnEPBrsWl_sNyn3_YD0W8mXs