Сайыстың басты мақсаты - жастарды кітап оқуға құштарлығын ояту, кітап оқу дағдысын қалыптастыру әрі жандандыру. Сол арқылы төл құндылықтарымызды насихаттау.
Сайыс 3 кезеңнен және финалдан тұрады. Оған 1-сынып оқушыларынан бастап кез келген жастағы адамдар қатыса алады. Олар 5 топқа бөлінеді.
Сайысқа қалай қатыса аласыз?
- Қатысу тегін!
- tulgabolam.kz сайтында 10.03.2022 - 09.04.2022 аралығында тіркелесіз. Тіркеліп үлгермегендер тестке қатыса береді, тек жүлде алмайды;
- Әр кезеңде өз тобыңызға бекітілген кітаптарды оқып, сол кітап бойынша бекітілген күні тест тапсырасыз;
- Сайыс үш кезең және бес топтан тұрады (есерек және студент, 8-12 сынып, 5-7 сынып, 3-4 сынып, 1-2 сынып), қатысуда жас шектеуі жоқ, яғни сайысқа әріп танитын кез келген жастағы адам қатыса алады;
- Мінде түрде "Тұлға болам" ресми телеграм тобына тіркеліңіз (@tulgabolam). Бұл шара оқырман санын көбейту емес негізгі мәліметтер сонда жарияланатын болғандықтан қатысушы тыс қалып қоймау үшін жасалынып жатыр.
Сайыс қалай өтеді?
- Қатысу сайтта бәйгеге тіркеліп болғаннан кейін бекітілген кітапты оқып бастайды. Кітаптарды онлайн және офлайн форматта DARIYA қосымшасынан аудио және электронды нұсқаларын тегін оқып, тыңдай аласыз, немесе телеграмнан PDF, Word нұсқаларын тегін жүктеп алу арқылы да оқи аласыз. Ал қағаз түріндегі кітапты, бар болған жағдайда, @kitapal дүкенінен тапсырыс бере аласыздар. Ескерту: бәйгеге қатысу тегін және де қағаз кітапты сатып алу міндетті емес.
- Әр кітапты оқуға белгілі уақыт беріледі. Сол уақыт аралығында кітапты мүмкіндігі барынша көп рет оқып дайындаласыз;
- Бекітілген күні тест тапсырасыз. Үш кезең тесттері онлайн форматта DARIYA қосымшасында немесе Google формада тапсырылады.
- Финал Қазақстанның 4 ірі қаласында (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау) офлайн өтеді. Егер финалист офлайн тестке келе алмайтын болса, 15 маусымға дейін ұйымдастырушыларды хабардар етуі тиіс. Егер ондай жағдай болса, тиісті шаралар қарастырылады.
Бірінші кезең кітаптары:
1-2 сынып: Ертегілер жинағы
3-4 сынып: Бауыржан деген бала бар
5-7 сынып: Бір атаның балалары (Мұхтар Мағауин)
8-12 сынып: Сүлеймен патшаның кеніші (Генри Хаггард)
Студенттер мен ересектер: Сүлеймен қарақшы (Момбек Әбдәкімұлы)
Ескерту: Кітаптар интернет желісінде бірнеше нұсқада таралған, сұрақтар ұйымдастырушылар берген нұсқа бойынша дайындалады. Екінші және үшінші кезең кітаптары сәйкесінше сол кезең басталатын кезде беріледі.
1-кезең тесті 2022 жылғы 16 сәуірде өтеді.
Сыйлықтар
Негізгі жүлделер:
- Ересек және студент: 1-орын 500 000 тг, 2-орын 350 000 тг, 3-орын 250 000, 4-10 орындар ноутбук;
- 8-12 сынып: 1-3 орындар Ыстамбұлға саяхат, 4-10 орындар apple watch;
- 5-7 сынып: 1-3 орындар macbook, 4-10 орындар велосипед;
- 3-4 сынып: 1-3 орындар iPad, 4-10 орындар велосипед;
- 1-2 сынып: 1-3 орындар iPad, 4-10 орындар велосипед.
Ескерту: аталған жүлделер финалистер арасында ойнатылады. Финалға өту үшін:
- Міндетті түрде 9 сәуірге дейін tulgabolam.kz сайтында тіркелу;
- Үш кезеңге де қатысу;
- Үшінші кезең тестінен алғашқы 20 адамның қатарында болып, финалға өту;
- Финалда алғашқы ондықта болу.
Бірінші, екінші кезеңдерде әр топтан алғашқы 25 орын, үшінші кезеңде 21-25 орындар, финалда 11-20 орындарға берілетін ынталандыру сыйы - 5000 KZT құрайды.
Рандом сыйлықтары
- Кіші рандом – әр кезеңнің соңында: әр топтан бір адамға 100 000 тг (бес топ бес адам), әр топтан бес адамға 50 000 тг (бес топ жиырма бес адам);
- Үлкен рандом – финалдан кейін бір рет ойнатылады: бір адам 1 000 000 тг, екі адам 500 000 тг-ден, он адам 100 000 тг-ден, жиырма адам 50 000 тг-ден.
Рандом (тікелей эфирде кездейсоқ таңдау) ұтыстарына қалай қатыса аласыз?
Сайыскерлеріміз үшін екі рандом түрі ұсынылады:
- Кіші рандом. Әр кезең тестінен кейін ойнатылатын болады. Оған қатысу үшін: а) міндетті түрде 9 сәуірге дейін tulgabolam.kz сайтында тіркелу; б) кезең бойынша тесттен 30 ұпай алу.
Ескерту: Кіші рандом ұтысына осы екі шартты орындаған кез-келген адам қатыса алады. Яғни, егер сіз алғашқы екі кезеңге қатыса алмай үшінші кезеңге қатысып 30 ұпай жинасаңыз және де сайтта тіркелген болсаңыз – сіз үшінші кезеңнің кіші рандом ойынына қатыса аласыз;
- Үлкен рандом. «Тұлға болам 3» финалынан кейін ойнатылатылатын болады. Қатысу үшін: а) міндетті түрде 9 сәуірге дейін tulgabolam.kz сайтында тіркелу; б) үш кезеңге де қатысып, барлығынан кемінде 30 ұпайдан жинау.
Ескерту: кез-келген рандом ұтысы бір адамға бір-ақ рет берілетін болады. Финал жүлдегерлері де рандом ұтыстарына қатыса алады.
Сайыс уақыттары:
- 10 наурыз 10:00-де сайысқа тіркелу басталып, 9 сәуір 20:00-де аяқталады. Бірінші кезең де 10 наурызда басталады (тест әр кезеңнің соңында болады);
- 16 сәуір бірінші кезең тесті;
- 17 сәуір бірінші кезең Кіші рандом ойыны;
- 18 сәуір екінші кезең басталады;
- 14 мамыр екінші кезең тесті;
- 15 мамыр екінші кезең Кіші рандом ойыны;
- 16 мамыр үшінші кезең басталады;
- 11 маусым үшінші кезең тесті;
- 12 маусым үшінші кезең Кіші рандом ойыны;
- 18 маусым Үлкен рандом ойыны;
- 25 маусым финал
Ескерту: кітаптар кезең басталатын күні жарияланатын болады.
Тест тапсыруға берілетін уақыттар (Барлығы Нұр-Сұлтан уақытымен):
- Ересек және студент тобы: 100 сұрақ, әр сұрақ бір ұпайдан, 21:00-21:16, 16 минут;
- 8-12 сынып тобы: 100 сұрақ, әр сұрақ бір ұпайдан, 20:30-20:48, 18 минут;
- 5-7 сынып тобы: 100 сұрақ, әр сұрақ бір ұпайдан, 20:00-20:20, 20 минут;
- 3-4 сынып тобы: 50 сұрақ, әр сұрақ екі ұпайдан, 19:30-19:50, 20 минут;
- 1-2 сынып тобы: 50 сұрақ, әр сұрақ екі ұпайдан, 19:00-19:20, 20 минут;
Ескерту: жоғарыда көрсетілген уақыттар
- бірінші және екінші кезеңдерде әр топтан алғашқы 25 адамды анықтау үшін;
- үшінші кезеңде әр топтан финалистерді және кейінгі бес адамды;
- финалда жүлдегерлерді анықтау үшін ғана маңызды.
Яғни, бірінші, екінші және үшінші кезеңдерде ол уақыттан асып кеткен адам келесі кезеңге өтуге және Үлкен, Кіші рандом ұтыстарына қатысуға құқығы бар (финалдан басқа, финалға өту үшін үшінші кезеңде ұпай мен бірге уақыт та маңызды рөл атқарады). Үшінші кезеңде және финалда уақыт жүйрік атану үшін маңызды фактор. Мысалы сіз ересек тобындасыз және де 100/100 ұпай алдыңыз, бірақ тестті бекітілген уақытта 16 минут 01 секундта тапсырсаңыз алғашқы 25 орынға таласа алмайсыз;
18 жасқа дейінгі колледж студенттері 8-12 сынып тобына жатады.
Қосымша сұрақтарға жауап
- Бір үйде бір телефон арқылы бірнеше адам тапсыруға бола ма?
Иә. Тек қатысушылар бір топтан болмауы керек, себебі бір-бірін күтіп уақыт жағынан ұтылып қалуы мүмкін.
- Бірінші кезең нәтижесі финалға әсер етеді ме?
Жоқ. Финалға іріктеу үшінші кезең нәтижесі арқылы жүзеге асады. Яғни бірінші және екінші кезеңде іріктеу болмайды. Тесттен 5 ұпай алсаңыз да екінші, үшінші кезеңге өтесіз. Тек рандом ойындарына қатыса алмайсыз. Осының алдыңғы бәйгеде көптеген қатысушылар сайыс жолын 1-тесттен аз ұпай алғандықтан тоқтатқан болатын. Сіз олай жасамаңыз, себебі үшінші кезеңде жүйрік атанып, финалист болуыңыз да ғажап емес. Ондай жағдай бәйгемізде көптеп кездесіп жатыр.
- Ескерту! Тест күні телефоныңызға, почтаңызға немесе әлеуметтік желілерде жекеңізге ешқандай хабарлама жіберілмейді.
- Тест алдында мәліметтер енгізетін анкета толтырылады, сол жерге аты-жөніңізді (құжаттағыдай) және номеріңізді мұқият, қатесіз енгізіңіз. Себебі жеңімпаз атансаңыз қайта хабарласуда қиындықтар туындауы мүмкін.
- Видеоскрин. Егер телефоныңызда видеоскрин жасайтын мүмкіндік болса тест тапсырар алдында қосып, біткен кезде өшіріңіз. Телефоныңыздың ондай мүмкіндігі болмаса қосымша приложения орнатып алыңыз (қалай жасайтынын ютубтан көріп алсаңыздар болады). Видеоскрин болмаған жағдайда апелляция немесе тесттегі ақаулықтар қарастырылмайды.
Дереккөз: Тұлға болам