Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.
Грант саны:
1. Бакалавриат – 490
2. Магистратура – 50
3. PhD докторантура – 10
Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы.
Үміткерлер құжаттарды онлайн түрде 2022 жылғы 30 наурыздан 30 маусымға дейін тапсыра алады.
Құжаттарды қабылдау тегін жүргізіледі.
Стипендия келесілерді ҚАМТИДЫ:
- таңдаған білім беру бағдарламасының толық оқу кезеңінде тегін оқуы;
- студенттің академиялық табысына қарай оқудың барлық кезеңіне арналған ай сайынғы стипендия.
Стипендия келесілерді ҚАМТЫМАЙДЫ:
- жол жүру шығындары;
- тұруы;
- виза, медициналық сақтандыру.
Конкурстық іріктеу және қабылдау
Стипендиялық бағдарлама бойынша үміткерлерді іріктеу Комиссиясы барлық түсу талаптарына сәйкес келетін және қажетті құжаттарды ұсынған үміткерлерді қарастырады.
Үміткерлерді іріктеу ұсынылған құжаттар және бейімделу әлеуетін анықтауға арналған онлайн-тестілеу, онлайн әңгімелесу нәтижелері негізінде жүргізіледі.
Стипендиаттар тізімі ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының сайтында орналастырылады.
Оқуға қалай түсуге болады?
- www.enic-kazakhstan.kz сайтындағы ақпаратты оқыңыз;
- Қазақстандық ЖОО мен білім беру бағдарламасын таңдаңыз;
- Бейімделу әлеуетін анықтауға арналған тестілеуден өтіңіз;
- Онлайн әңгімелесуге шақыруды күтіңіз;
- Өзіңіздің стипендиаттар тізімінен табыңыз.
ҚАДАМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ
Құжаттарды тапсыру
Браузерді іске қосыңыз және мекенжай жолағында https://enic- kazakhstan.edu.kz теріңіз (сурет 1).
Бетті астыға жылжытыңыз (сурет 2).
Стипендиялық бағдарлама бөлімінде «Көшу» батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде (сурет 3) Сізге «Құжаттарды тапсыру» батырмасын басу керек.
Ашылған терезеде Сізге үміткердің өтінішін толтыру қажет (сурет 4, сурет 5).
Толтырғаннан кейін «Жіберу» батырмасын басыңыз (сурет 6).
Сіздің өтінішіңіз мақұлданғаннан кейін Сіз көрсеткен электрондық поштаңызға сілтеме көрсетілген хат келеді. Сілтеме бойынша өтіп, өзіңіздің құпиясөзіңізді енгізіңіз (сурет 7).
Тіркеу аяқталғаннан кейін қолданушының жеке кабинеті жасалады. Жеке кабинетке кіру үшін Логин (E-mail) мен Құпиясөз (ертеректе енгізілген) мәліметтерін қолданасыз.
2. Жеке кабинетке кіру
Браузерді іске қосыңыз және мекенжай жолағында https://enic- kazakhstan.edu.kz теріңіз. Келесі бет шығады (сурет 8).
Жоғары оң жақ бұрышында орналасқан «Жеке кабинет» батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде Сізге Логин (E-mail) мен Құпиясөзді енгізу керек (сурет 9).
«Кіру» батырмасын басыңыз. Авторизацияланғаннан кейін «Жеке кабинет» қол жетімді болады (сурет 10).
3. Тестілеу
Бейімделу әлеуетін анықтауға арналған онлайн-тестіні өту үшін мәзірдегі «Тестілеу» бөлімін басыңыз (сурет 11).
Өтуге қолжетімді тестілер Сізге тестіні қосқаннан кейін пайда болады. «Өтуге қолжетімді тестілер» бөлімінде Бейімделу әлеуетін анықтау тестін таңдаңыз (сурет 12).
Ашылған терезеде Сізге сұрақтарға жауап беру қажет (сурет 13).
Сіздің жауабыңыз қабылдануы үшін «Жауапты қабылдау» батырмасын басыңыз. Тестіні аяқтау үшін барлық сұрақтарға жауап беру керек. Егер Сіз барлық сұрақтарға жауап берсеңіз, «Тестілеуді аяқтау» батырмасын басыңыз.
4. Онлайн әңгімелесу
2-кезең аяқталғаннан кейін сізге онлайн сұхбат туралы ақпарат, күні, уақыты көрсетілген және ZOOM бейнеконференциясына қосылу сілтемесі бар электрондық хат келеді.
ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ТАПСЫРУ КЕРЕК?
Толық оқу кезеңіне берілетін стипендиалды бағдарламаға қатысу үшін өтінім қазақ, немесе орыс, немесе ағылшын тілінде толтырылады.
Үміткерлер өтініш нысанын толтырған кезде келесі құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеу керек:
Бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша:
- Паспорт;
- Алдыңғы білім деңгейі туралы (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен) транскриптімен және қосымшасымен құжат (бакалавриатқа түсушілер үшін – орта білімін растайтын құжаттың орташа балы) кем дегенде «жақсы»);
- Қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде мотивациялық эссе;
- Өтініш беруші оқыған білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі ұсыныс хаты;
- Медициналық анықтама (терапевттің, наркологтың, психиатрдың қорытындылары, сондай-ақ рентгендік (флюорографиялық) зерттеудің, зертханалық зерттеулердің деректері, сондай-ақ вирусы АИТВ-инфекциясы және ЖИТС жоқтығын растайтын медициналық анықтама бар шетелге оқуға кететін адамға арналған медициналық анықтама). Егер шетелге оқуға баратын адамның медициналық анықтамасында аталған медициналық қорытындылар болмаса, онда бұл қорытындылар жеке ұсынылады;
- Қазақстан университетінің шақыру хаты (бар болса).
Магистратура білім беру бағдарламалары бойынша:
- Паспорт;
- Транскрипті және қосымшасымен алдыңғы білім деңгейі туралы құжат (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен) (орташа GPA кемінде 3,0 (4,0-ден) орта балымен бакалавр немесе маман дипломы);
- Қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде мотивациялық эссе;
- Өтініш беруші оқыған білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі 2 ұсыныс хаты;

- Шет тілін білуді растайтын халықаралық сертификат:
- Ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic) шекті балл – кемінде 5,5;
- TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті балл – кемінде 46;
- TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті балл – кемінде 453;
- Неміс тілі: Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (DSH, Niveau B2/level B2), TestDaF-Prufung (Niveau B2/level B2);
- Француз тілі: TFI (Test de Français International™) - оқу және тыңдау бөлімдерінде B2 деңгейінен төмен емес), DELF (Diplome d'Etudes en Langue française) - деңгей B2, DALF (Diplome Approfondi de Langue française) - B2 деңгейі, TCF (Test de connaissance du français) – кемінде 50 ұпай.
- Көрсетілген тілдер ана тілі болып табылатын тұлғаның шет тілін білуін растайтын халықаралық сертификат талап етілмейді;
PhD докторантура:
- Паспорт;
- Транскрипті және қосымшасымен алдыңғы білім деңгейі туралы құжат (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен) (орташа GPA кемінде 3,0 (4,0-ден) орта балымен бакалавр немесе маман дипломы);
- Қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде мотивациялық эссе;
- Өтініш беруші оқыған білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі 2 ұсыныс хаты;
- Медициналық анықтама (терапевттің, наркологтың, психиатрдың қорытындылары, сондай-ақ рентгендік (флюорографиялық) зерттеудің, зертханалық зерттеулердің деректері, сондай-ақ вирусы АИТВ-инфекциясы және ЖИТС жоқтығын растайтын медициналық анықтама бар шетелге оқуға кететін адамға арналған медициналық анықтама). Егер шетелге оқуға баратын адамның медициналық анықтамасында аталған медициналық қорытындылар болмаса, онда бұл қорытындылар жеке ұсынылады;
- Қазақстан университетінің шақыру хаты (бар болса);
- Диссертациялық зерттеу тақырыбының (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) негіздемесі;
- Шет тілін білуді растайтын халықаралық сертификат:
- Ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic) шекті балл – кемінде 5,5;
- TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті балл – кемінде 46;
- TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті балл – кемінде 453;
- Неміс тілі: Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (DSH, Niveau B2/level B2), TestDaF-Prufung (Niveau B2/level B2);
- Француз тілі: TFI (Test de Français International™) - оқу және тыңдау бөлімдерінде B2 деңгейінен төмен емес), DELF (Diplome d'Etudes en Langue française) - деңгей B2, DALF (Diplome Approfondi de Langue française) - B2 деңгейі, TCF (Test de connaissance du français) – кемінде 50 балл;
Қандай университеттерге түсуге болады?
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
- Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
- Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
- Алматы энергетика және байланыс университеті
- Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
- Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
- С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
- С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
- І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
- М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
- Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
- С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
- Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
- Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
- Қарағанды техникалық университеті
- Қарағанды индустриялық университеті
- Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
- Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
- А. Байтұрсынов атындағы Қостанай университеті
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
- Торайғыров университет
- Павлодар педагогикалық университеті
- Рудный индустриалық институты
- М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
- М. Дулати атындағы Тараз университеті
- Семей қ. Шәкәрім университеті
- М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
- Астана IT Университет
- Қазақ-Британ техникалық университеті
Толық ақпарат: Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы