Жыныстық қатынас кезінде ұрыспау Жатын бөлмедегі "көрпеасты" шаруасы сәтсіз шығатын кездер болып тұрады. Некелі жұптың бірінің қанағаттанбауы, тән ерекшелігіне байланысты қатынастың дұрыс орындалмауы, жұптың бірінің іс-әрекеті екіншісінің ойынан шықпауы және т.б. сияқты сәттер жеткілікті. Бірақ осының барлығына ашу шақырып, соңы ұрыс-керіске ұласа беретін болса, онда әр жақындық сайын еркек пен әйелдің бір-біріне деген ықыласы кеми береді. Тіпті, кейбір жұптардың беті бірден қайтып қалатын да көрінеді. Сондықтан, ақ төсекте қандай сәтсіз жағдай болмасын, оны түсіністікпен қабылдап, керісінше, келер жолы сондай жағдайды болдырмаудың амалын алдын ала қарастырып қоюға болады. Еркектің сәтсіз әрекет, әйелді ұялтатын жағдайды байқамаған болу – ең дұрыс шешім. Ал келесі қатынаста, тап осы мәселе туындайтын жерді "айналып" өтуге немесе қажетті кеңеске жүгінуге болады. Артық сұрақ қоймау Жыныстық қатынас кезінде сөйлеу деген жақсы емес. Тіпті, жұптардың арасындағы тек екеуіне ғана тиесілі