Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасы 2019 жылы ресми түрде құрылған болатын. Бұл кафедра бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы саласында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды даярлайтын ең мықты кафедралардың бірі болып табылады. "Қаржы және есеп" кафедрасы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытады. Кафедра отандық және халықаралық аудиторлық компаниялармен, консалтингтік компаниялармен келісім-шарттар жасаған. «Бухгалтерлік есеп және аудит» бағытына келсек, департаментте CIPA бағдарламасы бойынша сертификатталған бухгалтерлерді даярлау орталығы құрылды. Кез келген адам CIPA халықаралық бағдарламасына ие болу үшін оқудан өтіп, емтихан тапсыра алады. Ал «Қаржы» бағытын алатын болсақ, бұл жоғары білімді мамандарды банк, салық жүйесінде, сақтандыру компанияларында және түрлі шаруашылық құрылымдарда жұмыс істеуге дайындайтын мамандық. Кафедра шетелдік және отандық тәжірибені пайдалана отырып, оқу үдерісінде