ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының 2021 жылғы рейтингін қорытындылады. Зерттеуді ҚР БҒМ тапсырысы бойынша «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы жүргізді. Рейтинг нәтижелері бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында белгілі болды. Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары үш блокқа біріктірілген 19 критерий бойынша бағаланды: түлектердің мансаптық болашағы, білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері. Зерттеу көрсеткендей, жұмыс берушілердің жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігіне қанағаттану көрсеткіші едәуір артқан, соңғы жылдары бұл көрсеткіш + 28 пайызды құрады. Рейтинг көрсеткендей, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының 85%-ы жұмыс берушілермен келісілген. Бағдарламалардың 88%-ы танылған аккредиттеу агенттіктерінде аккредиттеуден өтті. Жұмысқа орналасқан түлектердің саны өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артып отыр. Осылайша, 2021 жылы жұмыспен
БҒМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ 2021 ЖЫЛҒЫ РЕЙТИНГІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
17 марта 202217 мар 2022
96
3 мин