Найти тему
Mumkindik | 2022

2022 жылы Қазақстанда өтетін марафондар: орны, уақыты, тіркелу

Оглавление
Суретке сілтеме: https://tengrinews.kz
Суретке сілтеме: https://tengrinews.kz

Tengri Ultra 2022: Ұлы дала марафоны

Tengri Ultra 2022 - Қазақстанның басты трейлдік ультрамарафоны

Күні: 7-9 мамыр 2022

Өтетін орны: Алматы облысы, Іле өзені аңғары

Қашықтықтар: 1, 2, 15, 35 және 70 км, сонымен қатар 35 км-ден 2 адамның эстафетасын таңдауға болады

Суретке сілтеме: https://athletex.kz/competitions/63755
Суретке сілтеме: https://athletex.kz/competitions/63755

Kids Sprint қашықтығы

  • Нақты қашықтығы - 1 км,
  • биіктік айырмасы - 30 м;
  • Бақылау уақыты: 10 минут;
  • Жас шектеулері: 7 жастан 9 жасқа дейін.

Kids Trail қашықтығы

  • Нақты қашықтығы - 2 км,
  • биіктік айырмасы - 60 м.
  • Бақылау уақыты: 20 минут;
  • Жас шектеулері: 10 жастан 14 жасқа дейін.

Sprint 15 қашықтығы // Nordic

  • Нақты қашықтығы - 13 км,
  • биіктік айырмасы - 250 м;
  • Бақылау уақыты: 4 сағат;
  • Жас шектеулері: 15-17 жас (іс-шараға ата-анасының қатысуымен); 18 жастан бастап;

Trail 35 қашықтығы // Nordic

  • Нақты қашықтығы - 35 км,
  • биіктік айырмасы - 650 м.
  • Бақылау уақыты: 7 сағат.
  • Жас шектеулері: 18 жастан бастап.

Ultra 70 қашықтығы

  • Нақты қашықтығы - 70 км,
  • биіктік айырмасы - 1400 м;
  • Бақылау уақыты: өткізу пунктінен 35 км өтуге - 6 сағат. Барлық қашықтыққа - 12 сағат;
  • 35 км өткізу пункті бастапқы сөре орнында (лагерьде) орналасқан. Қатысушы лагерьдегі инфрақұрылымды және өзінің жеке заттарын пайдалануға құқылы.
  • Жас шектеулері: 18 жастан бастап.

Ultra 70 Relay қашықтығы (эстафета)

  • Екі адамның эстафеталық жарысы. Команда бірінші қатысушыдан екіншісіне кезекпен ауыстырылып берілетін, екеуіне чипі бар бір нөмір алады;
  • Эстафетаны беру старт қақпасына жақын аумақта 35 км-дегі БП-де (нақты аймақты ұйымдастырушылар сөре орнында белгілейді) жүзеге асырылады;
  • Нақты қашықтық - 70 км,
  • екі кезеңде биіктік айырмасы - 1400 м;
  • Бақылау уақыты: өткізу пунктінен 35 км өтуге - 6 сағат. Барлық қашықтыққа - 12 сағат;
  • Жас шектеулері: 18 жастан бастап;
  • Команда құрамы: Ер-Әйел, Әйел-Әйел

Тіркелу үшін сілтеме: https://athletex.kz/competitions

Backyard Ultra KZ

Суретке сілтеме: https://athletex.kz/competitions/BYUKZ
Суретке сілтеме: https://athletex.kz/competitions/BYUKZ

Backyard Ultra KZ - қашықтық пен уақыт бойынша шектеулер жоқ Қазақстандағы алғашқы ультрамарафон форматы. Қатысушылар бір сағаттан аз уақыт ішінде 6706 метр қашықтықты жүйелі түрде жүгіруі керек. Толық шеңберлердің ең көп санын жүгірген қатысушы жеңеді.

Күні: 21 наурыз 2022

Орны: Алматы облысы, Іле өзені аңғары

Қатысу бағасы: 13 000 KZT

Ереже: жеңімпаз - шеңберге шығып, оны аяқтаған соңғы және жалғыз қатысушы. Қалған қатысушылар жарысты аяқтамады деп саналады. Егер жарыста 1-ден көп қатысушы қалса және ешкім кезекті айналымға шықпаса-жеңімпаздар жоқ деп есептеледі. Сондай-ақ, жас, жыныс және басқа критерийлер бойынша бөліну жоқ.

Тіркелу үшін сілтеме: https://athletex.kz/competitions/BYUKZ

COPA RUN

COPA RUN - 1000 метрге жүгіру жарысы. Әуесқой спортшыларға арналған Алматыда өтетін орта қашықтықтарға алғашқы жүгіру жарысы.

Уақыты: 13 наурыз 2022

Күні: Алматы қаласы, Орталық стадион

Қатысу бағасы: 5 000 KZT

Дедлайн: 7 наурыз 2022 немесе тіркелген қатысушылар саны 600-ге жеткенде аяқталады

Суретке сілтеме: https://www.almaty-marathon.kz/kk/events/copa_run/
Суретке сілтеме: https://www.almaty-marathon.kz/kk/events/copa_run/

Қашықтықтар:

  • AGE 1000 метр
  • PRO 1000 метр

Жас санаттары бойынша AGE 1000 метр санатында марапаттау:

  • 18-25 жас;
  • 26-30 жас;
  • 31-35 жас;
  • 36-40 жас;
  • 41-45 жас;
  • 46-50 жас;
  • 50+

AGE санатындағы жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және жүлделі медальдармен марапатталады.

Pro санатындағы марапаттау тек абсолютті түрде өтеді. Ерлер арасында үш көшбасшы және әйелдер арасында үш көшбасшы марапатталады. PRO санатындағы жеңімпаздар өзара ақшалай сыйлық ойнайды.

Тіркелу үшін сілтеме: https://www.almaty-marathon.kz/kk/events/copa_run/reg/

Алматы жартылай марафоны 2022

10 км және 21 км қашықтықтарындағы жыл сайынғы жарыс.

Күні: 17 сәуір 2022

Орны: Алматы қаласы, Тұңғыш Президент саябағы

Қашықтықтар: 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс, Экиден эстафетасы.

Суретке сілтеме: https://www.almaty-marathon.kz/kk/events/almatinskiy_polumarafon_2022/
Суретке сілтеме: https://www.almaty-marathon.kz/kk/events/almatinskiy_polumarafon_2022/

Жарысқа қатысу үшін сізге онлайн тіркелуден өтіп, сөрелік жарнаны төлеу қажет.

Қатуысу бағасы (сөрелік жарна):

  • 21 км - 9 000 теңге,
  • 10 км - 8 000 теңге,
  • 10 км скандинавиялық жүріс - 8 000 теңге,
  • Экиден эстафетасы (командада 4 адам) - 110 000 теңге.

Жарысқа қатысуға төленген қаражат қайтарылмайды. Қате немесе өзге адамның ID-нөміріне жіберілген қаражат қайтарылмайды және басқа қатысушыға аударылмайды.

Жас санаттары:

  • 21 км: 18-34, 35-49, 50-59, 60-тан жоғары,
  • 10 км: 15-34, 35-49, 50-59, 60-тан жоғары,
  • 10 км скандинавиялық жүріс: 15 жастан жоғары,
  • Экиден эстафетасы: 16 жастан асқан.

Абсолюттік біріншіліктегі 21 км қашықтығындағы жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен, медальмен, дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

21 км, 10 км қашықтықтарындағы жас санаттары бойынша жеңімпаздар және Экиден эстафетасы жеңімпаздары медальмен, дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Тіркелу үшін сілтеме: https://www.almaty-marathon.kz/kk/events/almatinskiy_polumarafon_2022/reg/

TAU JARYS

Tau Jarys – отбасылық фестиваль және табиғат аясында жүгіру жарысы.

Күні: 29 мамыр 2022

Орны: Алматы облысы, «Алатау» ШБК

Жүгіру қашықтықтары:

  • 2 км - 14-17 жас,
  • 6,5 км - 15 жастан жоғары,
  • 13 км - 15 жастан жоғары.

Жарыс кестесі кейінірек хабарланады.

Қатысу үшін міндетті түрде сайтта онлайн тіркелуден өтіп, сөрелік жарнаны төлеу қажет.

Суретке сілтеме: https://www.almaty-marathon.kz/kk/events/tau_jarys_2022/
Суретке сілтеме: https://www.almaty-marathon.kz/kk/events/tau_jarys_2022/

Қатысу бағасы (сөрелік жарна):

  • 13 км – 12 000 теңге,
  • 6,5 км – 10 000 теңге,
  • 2 км – 5 000 теңге.

Жарысқа қатысуға төленген қаражат қайтарылмайды және басқа адамға немесе жарысқа қайта ауыстырылмайды.

Жас санаттары:

2 км (балалар қашықтығы): 14-17 жас.

6,5 км, 13 км;

  • 15-34 жас;
  • 35-49 жас;
  • 50-59 жас;
  • 60 жастан жоғары.

6,5 км және 13 км қашықтықтарда абсолютті жас санатындағы жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен, медальмен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

2 км, 6,5 км және 13 км қашықтықтарда жас санаттарындағы жеңімпаздар медальмен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Тіркелу үшін: https://www.almaty-marathon.kz/kk/events/tau_jarys_2022/reg/

Nur-Sultan Half Marathon (жартылай марафон)

Суретке сілтеме: https://tengrinews.kz/sports/marafonyi-startovali-v-glavnyih-gorodah-kazahstana-449556/
Суретке сілтеме: https://tengrinews.kz/sports/marafonyi-startovali-v-glavnyih-gorodah-kazahstana-449556/

Nur-Sultan Half Marathon - 10 км және 21 км қашықтықтарындағы жыл сайынғы жарыс

Күні: 19 маусым 2022

Орны: Нұр-Сұлтан қаласы

Тіркелу: 2022 жылғы 14 наурызда ашылады

Қосымша ақпарат: https://www.almaty-marathon.kz/ru/info/calendar/

Алматы Марафоны 2022

Суретке сілтеме: https://www.almaty-marathon.kz/ru/info/calendar/
Суретке сілтеме: https://www.almaty-marathon.kz/ru/info/calendar/

Алматы Марафоны - Орта Азиядағы ең үлкен марафон.

Күні: 25 қыркүйек 2022

Орны: Алматы қаласы

Тіркелу 2022 жылғы 18 сәуірде ашылады

Қосымша ақпарат: https://www.almaty-marathon.kz/ru/info/calendar/

Summer Run 2022

Күні: 17 шілде 2022

Орны: Алматы қаласы

ТІркелу әлі ашылмаған

Қосымша ақпарат: https://www.almaty-marathon.kz/ru/info/calendar/

CITY RUN 2022

Күні: 6 қараша 2022

Орны: Алматы қаласы

Тіркелу 2022 жылғы 26 қыркүйекте ашылады

Қосымша ақпарат: https://www.almaty-marathon.kz/ru/info/calendar/

Tour of World Class Almaty 2022

Күні: 7 тамыз 2022

Орны: Алматы қаласы

ТІркелу 2022 жылғы 1 шілдеде ашылады

Қосымша ақпарат: https://www.almaty-marathon.kz/ru/info/calendar/