Қазақстандықтар Қытайдың жоғары оқу орындарында екі ел арасындағы келісімдер негізінде тегін оқи алады. Мәселен 2022-2023 оқу жылына Қытай үкіметі қазақстандықтар үшін жалпы саны 158 білім гранттарын бөлді. Оның ішінде:
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасындағы Келісім шеңберінде 103 мемлекеттік грант;
- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберінде 15 грант;
- Қытай Халық Республикасының Қытай-Қазақстан арнайы стипендиялары бойынша 40 грант бар.
Дедлайн: 18 ақпан 2022
Байқауға қатысу үшін "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ға құжаттардың толық пакетін 2022 жылғы 18 ақпанға дейін өткізу керек. Құжаттарды тапсырудың екі жолы бар:
- «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz);
- «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қолма қол тапсыру. Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғ., 55/13, "EXPO" бизнес орталығы, С - 2.1 блогы, 2-қабат. Байланыс нөмірі: 8 (7172) 76 91 02 (қабылдау бөлмесі), 8 (7172) 24 94 02 (кеңсе).
Қандай құжаттар тапсыру керек?
- Стипендиялық бағдарламаға арналған онлайн өтініш нысаны (толық толтырылған онлайн тіркеу, өтініш беруші басып шығарған және қол қойған нұсқасы; 3×4 фотосурет);
- Жарамдылық мерзімі 2023 жылдың 1 наурызынан ерте емес аяқталатын паспорттың анық сканерленген көшірмесі (тек үміткердің деректері бар бірінші бет);
- Білімін растайтын құжаттар:
– "Бакалавриат" бағдарламасы үшін - нотариалды куәландырылған және ағылшын немесе қытай тілдеріне аударылған, ағымдағы жылы (11 немесе 12 сынып) оқушының орташа балын көрсете отырып, ағымдағы үлгерімі туралы анықтама немесе негізгі орта білімі туралы анықтама, табель және нотариалды куәландырылған болуы қажет.
– "Магистратура" бағдарламасы үшін - нотариалды куәландырылған және ағылшын немесе қытай тілдеріне аударылған қосымшасымен бакалавр/маман дипломы. Бакалавриаттың соңғы курсында білім алушылар оқуды аяқтаудың жоспарланған күні көрсетілген ЖОО-дан оқу бөлімі куәландырған анықтаманы және қытай немесе ағылшын тілдеріне аудармасы бар транскрипт ұсынуы қажет.
– "Докторантура" бағдарламасы үшін - нотариалды куәландырылған және ағылшын немесе қытай тілдеріне аударылған қосымшасы бар магистр дипломы. Магистратураның соңғы курсында білім алушы оқуды аяқтаудың жоспарланған күні көрсетілген ЖОО-дан оқу бөлімі куәландырған анықтаманы және қытай немесе ағылшын тілдеріне аудармасы бар транскрипт ұсынуы қажет.
- Барлық үміткерлер оқу жоспарын ағылшын немесе қытай тілдерінде ұсынуы керек (бакалавриатқа үміткерлерден кемінде 200 сөз, тағылымдамаға - кемінде 500 сөз, магистратура мен докторантураға - кемінде 800 сөз қажет);
- Докторантураға үміткерлер профессорлардан немесе доценттерден қытай немесе ағылшын тілдерінде екі ұсыныс хатын ұсынуы керек;
- 18 жасқа дейінгі үміткерлер Қытайдағы заңды қамқоршыларының құқықтық құжаттарын ұсынуы керек;
- Медициналық анықтаманың көшірмесі (сыртқы физикалық сараптама нысаны, түпнұсқасы кандидатта сақталуы керек). № 2 қосымшадағы нысан бойынша міндетті. Бұл ретте емдеуші дәрігердің қолы қойылмаған, аурухананың ресми мөрі қойылмаған немесе кандидаттың фотосуретінсіз толық емес жазбалар немесе белгілер жарамсыз болып табылады. Анықтама өтінім берілген сәттен бастап 6 ай ішінде ғана жарамды болады.
- Үміткерлер сотталмағандығы туралы нақты анықтаманы ұсынуы тиіс. Анықтама өтінім берілген сәттен бастап 6 ай бойы жарамды;
- Бакалавриат бағдарламасы үшін қытай тілінде оқытуды таңдаған жағдайда HSK 3 және одан жоғары қытай тілін білуге арналған жарамды сертификат;
- Магистратура мен докторантура үшін қытай тілінде оқытуды таңдаған жағдайда жарамды сертификат-HSK 4 және одан жоғары;
- Үміткерлер Қытай университетіне шақыру хатын (бар болған жағдайда) ұсынуы керек. Магистр немесе доктор дәрежесін алуға үміткерлер жоғары оқу орны берген шақыру хатын ұсынуы керек, оған қабылдау туралы хабарлама, оқытушыдан алдын-ала хабарлама немесе шақыру хаты және т. б. сияқты құжаттар кіреді.
- Үміткерлер сонымен қатар академиялық және тілдік дағдыларға және өтініш берген университетке түсу үшін басқа да тиісті талаптарға сай болуы керек.
Қазақстан тарапынан үміткерлерді іріктеу келесі турлардан тұрады:
- Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен үміткерлердің дербес әңгімелесуін онлайн режимде өткізу.
- Үміткерлердің материалдарын қарау және Қорытынды комиссияның шешім шығаруы.
Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі критерийлері болып табылады:
- балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;
- білім туралы құжаттың балдық жүйе бойынша орташа балы;
- тәуелсіз сараптамалық комиссиясының бағалауы.
Талаптары:
- Қазақстан Республикасының азаматы болу;
- бакалавриатқа үміткерлердің орта мектеп бітіргені туралы аттестаты және жас мөлшері 25 жасқа дейін болуы тиіс;
- магистратураға үміткерлердің бакалавр дәрежесі және жас мөлшері 35 жасқа дейін болуы тиіс;
- докторантура, магистр дәрежесін алуға жас мөлшері 40 жасқа дейін болуы керек.
Грант келесі шығыстарды қамтиды:
- тегін оқу;
- бакалавриат бағдарламасына арналған ай сайынғы стипендия – 2,500 CNY, магистратураға – 3000 CNY, докторантураға – 3,500 CNY (1 юань - 68 теңге жобасында);
- медициналық сақтандыру;
- жатақхана (немесе жалға алатын тұрғын-жайдың төлемі айына шамамен 700 – 1000 CNY);
Көрсетілген гранттар туралы ақпарат мына вебсайтта жарияланған: http://campuschina.org/content/details3_74776.html және үміткер осы сілтеме бойынша онлайн тіркеуден өтеді.
ЖОО мен мамандықтардың тізімі мына сілтемеде: http://www.campuschina.org/universities/categories.html
Грантқа қалай өтінім беруге болады?
- 2022 жылғы 15 ақпанға дейін Қытай сайтында онлайн-тіркеуден өтіңіз. Тіркеуге сілтеме: http://campuschina.org/content/details3_74776.html
- Құжаттардың толық пакетін 2022 жылғы 11 ақпаннан 18 ақпанға дейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға тапсыру.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ағылшын тілінде оқуға өтініш берген кезде ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат тапсыру міндетті болып табылады.
Жіберу қағидаларының 17-тармағына сәйкес, халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде тең баллмен басымдыққа ие (келесі ретпен):
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;
3) көп балалы отбасынан шыққан балалар;
4) ауылдық елді мекендерден ауылдық елді мекендерде соңғы 2 (екі) жыл тұратын үміткерлер;
5) шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында білім алушылар.
Қытай тарапы стипендиаттардың түпкілікті тізімін бекітеді. Назар аударыңыз!!! Құжаттарды тапсыру бойынша толық ақпаратпен жадынамадан танысуға болады.
21-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес конкурс жеңімпазмен шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайта оралып, 1 (бір) жыл мерзімге үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасалады.
Қосымша ақпаратты келесі телефондар бойынша алуға болады: +7 (7172) 76-90-84, 76-90-82, 76-90-83.