Ичери шехерді көбіне қала ішіндегі қала деп атайды. Ичери шехерге бекініс қақпасы арқылы кірген кезде ортағасырлық қалаға тап болғандай боласың. Қазіргі заман мен бұрынғы заман бір-бірінен тек бекініс қақпаларымен бөлінеді.
Ичери шехер биіктігі 8-10, ені 3,5 метр болатын бекініс қабырғаларымен қоршалған. Ауданы 22 гектар ежелгі қала -қала құрылысы мәдениетінің үлгісі болып табылады. Үш ескерткіш – Қыз мұнарасы, Ширваншах сарайы, Мұхаммед мешіті – әлемдік маңызы бар ескерткіштер және 28 республикалық маңызы бар ескерткіштер болып табылады.
Қыз мұнарасы мен Ширваншах сарайы 2000 жылы ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілді. Үш қабатты бекініс қабырғалары мен Қыз мұнарасы – біздің заманымызға дейін сақталған үлкен қорғаныс құрылымдарының дәлелі.
Ичери шехердің көшелері тар және жолдары иерелеңдеген —көшелермен және аллеялармен жау атпен өте алмайтындай етіп жасалған, бұл көшелерде атқа мініп жүру мүмкін емес. Ичери шехердің тас төселген тар көшелері лабиринтке ұқсайды. Бөгде адам мұнда оңай адасуы мүмкін. Егер сіз жолдан адассаңыз, онда сіз лабиринтті айналып өтіп, қайтадан келген жеріңізге ораласыз.
1985 жылы мемлекеттік тарихи-сәулет қорығы деп жарияланған Ичери шехерде үш негізгі қақпа бар – Шамахин қақпасы, Сальна қақпасы және жағалауда ашылатын қақпа.
Қалаға негізгі кіреберістердің бірі-Шамахин қақпасы. Олардың артында Баку хандары сарайының қалдықтары, XVIII ғасырдың сәулет ескерткіші орналасқан кең алаң бар.
Ичери шехердің тарихы 1192 жылы Шамахта болған жер сілкінісімен байланысты. Жер сілкінісінен кейін Ширван билеушісі Ахситан астананы Ичери шехерге ауыстырды, қала кеңейіп, үлкен Ширваншах сарайы салынды.
Бакудың тағы бір інжу – маржаны - Қыз мұнарасы да Ичери шехерде орналасқан.
Ичери шехер әр түрлі кварталдардан тұрады: Агшалварлылар (ақ шалбар кигендер), Арабачылар (Фургоншылар), Хамамчылар (Моншашылар), Сеидляр.... Неге «агшалварлылар»? Теңізде жүзумен айналысатын адамдар ақ шалбармен жүретіндіктен, оларды осылай атайды.
КІРІКТІРМЕ
«Гауһар қол»: Баку қалай Стамбулға айналды
Леонид Гайдайдың 1969 жылы жарыққа шыққан «Гауһар қол» фильмі үлкен жетістікке жетті. «Гипрорыбы» экономисті мен контрабандашылар тобының оқиғалары туралы киноны бірінші жылы 77 миллионға жуық көрермен қарап, «Гауһар қолды» КСРО-дағы ең сәтті комедиялық фильмге айналдырды.
Фильмнің шығармашылық ұжымы түсірілім кезінде өздерінің шетелдік курортта жүретіндеріне сенімді болды. Бірақ, Гайдай: «Мен тек КСРО - да түсіремін», - деп жариялады.
Фильмнің прологы аты аталмаған Шығыс қаласында өтеді – кейірінек бұл қала Стамбул екені анықталады.
«Шетел» Бакуде — Апшерон түбегіндегі Каспий теңізі мен Әзірбайжан астанасының әдемі панорамасында түсірілді.
Олар Баку көшелерін Lampade-Radio, Cafe’s Scifo деген жазулармен, араб тіліндегі жарнамалармен көбірек безендіріп, шетелге ұқсатуға тырысты. Бірақ Баку екені оның танымал көшелерінен ақ байқалып қалды. Бұл қаланың ең танымал жері – «Қыз мұнарасы», ескі Бакудың қорғаныс жүйесіне енген XII ғасырдың 30 метрлік ғимараты. «Гауһар қолдың» «шетелдік» эпизодтары Бакудегі ескі қаланың бірнеше блоктарында сақталған бекініс қабырғасымен қоршалған Ичери шехердің шекараларында түсірілген. XII-XV ғасырлардағы ең ортағасырлық қабырға көптеген кадрларда өзіне тән шығыңқы тістерімен көзге түседі.
Әзірбайжан астанасының ежелгі бөлігінің көрікті жерлері - бекініс қабырғасы, Джума мешіті, Ширваншах сарайы кадрларға түсіп қалған. Туынды шыққаннан кейін әйгілі болған дәріханасы бар атақты «Чьерт побьери!» деген көше - Малая Крепостная көшесі (Кичик Гала), 8. Мұнда келген қаншама турист ыстық жазғы асфальтқа камералардың объективтеріне түсу үшін күлімсірей отырып, жалп етіп құлады десеңізші!
Құлау ережесі
Андрей Мироновтың дәріхана жанындағы құлау көрінісі бірінші дубльден-ақ түсірілсе, ал Юрий Никулин қажет кезде құлап кете алмады. Ол банан қабығына тайып құлайды деп болжалды. Бірнеше килограмм ол кезде таптырмайтын жемістер сатып алынды, бірақ Никулин банан қабығына дәл түсіп, тайып құлай алмады. Содан кейін олар қарбыз сатып алды. Никулин сұр түсті жағажай төсенішіне құлауы керек еді. Бірақ актер қарбыз қабығына да дәл түсе алмады. Сосын контрабандашы ойнаған актер Леонид Каневский көмекке келді. Ол Свердловскіге түсірілімге асықты, сондықтан ол режиссерге Никулинді ауыстыруды ұсынды. Оған Никулиннің шалбары мен туфлиін кигізеді, ал ол алғашқы дубльден-ақ шеберлікпен жығылып түседі. Осы ауыстырылған кадр кинода қалып қойды: қарбыз қабығын көрсеткенде, қоңыр аяқ киім көрінеді, ал Никулин қара аяқ киім киген болатын.
Эпизодтық роль
Автокөліктердің, адамдар мен түйелердің айналымында екпіндетіп тәртіп орнататын экзотикалық полицей есіңізде ме? Бұл старшина Мазанов, Баку полицей- көшедегі жүрісті реттеуші, ол әрдайым Коммунистическая - Чкаловтың орталық қиылысындағы қозғалысты асқан шеберлікпен реттейтін болған.
Адамдар тоқтай қалып, кәсіби шеберлігіне таң қалды-оның қолындағы таяқ пропеллер сияқты айналды, ал оның өзі өкшелерін тоқылдатып қағып, жымиып, өте әсерлі етіп бұрыла білді. Гайдай көшедегі жүрісті реттеушінің шеберлігін байқап, старшина Мазановты өзінің комедиясына түсуге шақырды.
Фото и материал: собственность OMG Kazakhstan.