Найти тему
Mumkindik | 2022

Қандас жастарға арналған "Отанға барар жол" олимпиадасына қатысып, грант жеңіп ал!

Оглавление
Фото https://kaz.mok.edu.kz сайтынан алынған
Фото https://kaz.mok.edu.kz сайтынан алынған

«Отанға барар жол» байқауы өз туған жерінен алыста тұратын қандастарымызды қолдауға бағытталған. Олимпиада аясында Халықаралық білім беру корпорациясы барлық оқу кезеңіне арналған гранттарды ойнатады.

Жүлде қоры: 20 ішкі білім гранттары

Университеттер: Қазақ Бас сәулет құрылыс академиясы және Қазақ-Америка университеті

Халықаралық білім беру корпорациясы - Алматыда орналасқан оқу, ғылыми, өндірістік және басқа да бөлімшелерді біріктіретін бірыңғай оқу-ғылыми-өндірістік кешен. Халықаралық білім беру корпорациясы екі ЖОО-ны біріктіреді: Қазақ Бас сәулет құрылыс академиясы — ҚазБСҚА және Қазақ-Америка Университеті (ҚАУ).

Олимпиаданың басты мақсаты - тарихи туған жерінен алыста тұратын этникалық қазақ жастарының арасынан дарынды жастарды тауып, туған жеріне оралуына, қазақ қоғамына толық бейімделуіне және тегін білім алуына мүмкіндік беру.  

Олимпиадаға тіркеу 31 наурызға дейін жүргізіледі.

Байқау өту кезеңдері

  1. Тіркелу. Қатысушылар ресми сайт арқылы онлайн-тіркелуден өтеді. Байқауға қатысушылар кезеңдердің тапсырмаларын орындауға тіркелгеннен кейін бірден кірісе алады.
  2. І кезең. Осы кезеңде байқауға қатысушы "Қазақ халқының тарихындағы көрнекті тұлғалар"тақырыбында ролик түсіріп, елеулі із қалдырған тұлғалар туралы әңгімелейді.
  3. ІІ кезең. Осы кезеңде байқауға қатысушы "Неліктен мен халықаралық білім беру корпорациясына түскім келеді?» тақырыбында ролик түсіріп, Қазақстанға көшу және Халықаралық білім беру корпорациясында оның тұлғалық өсуі мен елдің одан әрі дамуы үшін қандай мүмкіндіктер ашатындығы туралы әңгімелейді.
  4. Финал. Финал онлайн әңгімелесу форматында өтеді.

Толық ақпарат: сілтеме арқылы