Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 20 студентік шәкіртақы байқауын жариялайды.
Байқау жеңімпазы 2022 жыл мамыр айынан 2023 сәуір айы аралығында 12 ай мерзіміне жалпы 324 000 теңгені құрайтын (ай сайын 27 000 теңге) стипендияға ие болады.
Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша бакалавриаттың 2-3 курс және магистратура мен интернатураның 1-курс студенттері, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.
Гранттар саны: 20
Ш. Есенов атындағы шәкіртақы Байқауына қатысу үшін үміткер:
Қордың yessenovfoundation.org сайтында онлайн–өтінімді толтыруы және келесі құжаттарды ұсынуы қажет…
Міндетті құжаттар:
- Жеке куәлік көшірмесі;
- «Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?» атты тақырыпқа эссе/уәждемелік хат. (Microsoft Word форматында);
- Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес);
- Бакалавриатты бітіргені туралы диплом (магистратура мен интернатура студенттері үшін).
Қосымша құжаттар:
- Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;
- Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;
- Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.
- Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат/магистратура бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);
*Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеп алуы қажет.
Өтінімдер қордың yessenovfoundation.org сайтында 2022 жылдың 24 қаңтары мен 25 ақпаны аралығында қабылданады.
*Өтінімді қабылдау 2022 ж. 25 ақпанда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша (GMT+6) сағат 15:00 аяқталады.
Байқаудың іріктеу кезеңдері
Шәкіртақылық байқау 2 (екі) турдан тұрады, әрқайсысының нәтижесі бойынша ең үздік ізденушілер таңдалады.
Бірінші тур – 2022 жылы 28 ақпан мен 9 наурыз аралығында өтеді.
Уақытылы келіп түскен өтінімдер рецензияланып, тәуелсіз сарапшылармен келесі критерийлер байынша сырттай бағаланады:
- жоғары академиялық әлеуеті (оның ішінде белгіленген саладағы қызығушылықтағы эрудиция, тәсілдемелер жаңалығы, жақсы академиялық нәтижелер);
- мамандыққа қатысты жарияланымның болуы;
- студенттік өмірде белсенділік;
- еріктілік (волонтерлік) тәжірибенің болуы және т.б.
Бірінші тур нәтижесі ізденушіге электрондық пошта арқылы хабарланады. Екінші турға өткендер тізімі Қор сайтында жарияланады. Бірінші тур соңында 30 студенттер саны анықталады. Бірінші іріктеу кезеңінің нәтижелері 11 наурыздан кешіктірмей жарияланады.
Екінші тур - 2022 жылғы наурыздың 24 мен 31 аралығында өтеді.
Екінші турдың ізденушілері онлайн іріктеуге шақырылады, ол жеке немесе топта әңгімелесу/сұхбат түрінде өткізіледі. Осы әңгімелесу/сұхбат барысында ізденушілердің қасиеттері келесі салаларды бақылау арқылы бағаланады:
- көшбасшылық қасиеті;
- жалпы байланыс;
- құндылықтар мен көзқарастар жүйесі, мотивация;
- жалпы белсенділік;
- эмоционалды интеллект;
- қазіргі әлемнің талаптарын түсіну;
- жалпы психологиялық жетілу;
- ойлау қабілеті;
- ізденушілердің әлеуметтік желілерде ынталандыратын посттар жариялауға дайындығы.
Сұхбаттың ұзақтығы 60 минутқа дейін. Екінші тур соңында 20 студент анықталады. Қажет болған жағдайда Академик Ш. Есенов атындағы қор қосымша тестілеу өткізуі мүмкін. Қор байқау қатысушыларына өз шешімдеріне түсініктеме бермеу құқығын өзіне қалдырады.
Шәкіртақы байқауының жеңімпаздар тізімі 2022 жылдың 04 сәуіріне дейін Қор сайтында жарияланады.
Қосымша сұрақтар бойынша келесі электронды мекенжай бойынша хабарласыңыз: aigerim.s@yessenovfoundation.org
Толық ақпарат: сілтеме арқылы