«Қазақстан халқына» қоры мемлекеттік қолдау шараларынан тыс өмірдің негізгі салаларындағы қазақстандықтардың нақты мәселелерін шешуге бағытталған.
Қор мақсаттары. Қор орын алған жағдайдың өзектілігіне және оларға іліккен азаматтардың осалдығына байланысты барынша назар аударуды қажет ететін қазақстандық қоғамның ең өзекті мәселелерін шешу үшін құрылған.
- Қазақстан халқына денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қайырымдылық көмек көрсету;
- Қазақстан Республикасында қайырымдылықтың жүйелі дамуы;
- Қазақстан Республикасында қайырымдылық мәдениетін көтеру;
- Қазақстан халқының жүйелі мәселелерін мемлекет пен қор арқылы шешу үшін мемлекеттік органдармен тығыз байланыста болу.
Көмекті қалай алуға болады?
Қор қызметінің ауқымдылығын ескере отырып, Қор қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық салаларында сараптама жасай алмайды және Республиканың бүкіл аумағында орналаса алмайды. Сонымен қатар, Қазақстанда қажетті сараптамасы бар, географиялық тұрғыдан еліміздің барлық аймақтарында орналасқан және халықтың мәселелерін шешуде айтарлықтай тәжірибесі бар ҮЕҰ-лардың саны өте көп. Сондықтан қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру үшін Қор бұрыннан бар үкіметтік емес ұйымдармен әрекеттесетін болады.
Қор Басқармасы бірінші кезекте қаржыландырылатын өтінімдерді бейтарап іріктеу үшін қажетті тәжірибесі бар қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ, мемлекеттік органдардың өкілдері кіретін сала бойынша бөлінген Сараптамалық комитеттермен ынтымақтасу арқылы қаржыландыру үшін жобаларды үйлестіруді және іріктеуді өз міндетіне алады. Қор, сирек жағдайларды қоспағанда, ҮЕҰ-ның әкімшілік шығындарын өтемейді: барлық қаражат мақсатты мақсатына – Қазақстан халқына көмек көрсетуге жұмсалады.
Халықтың және ҮЕҰ өтініштерін қабылдау және өңдеу, өтініш берушілер туралы мәліметтерді тексеру, қаржыландыруға өтінімдерді беру үшін Қор жеке цифрлық платформаны – Қазақстанның барлық қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай «қабылдау» платформасын пайдаланады. Бұл қайырымдылық процессін қарапайым, ыңғайлы, түсінікті және ашық болуы үшін цифрландыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның қайырымдылық ұйымдарының
бірыңғай «қабылдау платформасының» артықшылықтары мен мүмкіндіктері
- Қолжетімді ҮЕҰ. Өтінімді қалыптастыра отырып, сіз бір уақытта барлық ҮЕҰ-ға өтініш бере аласыз. Сіздің өтініміңізді Қор қаржыландырмаса да, оны басқа үкіметтік емес ұйым қабылдай алады;
- Ыңғайлылық. Сүзгілерді пайдаланып, өтінішті бірнеше перне арқылы ғана оңай жасауға болады;
- Деректерді цифрландыру. eGov дерекқорларына қосылу арқылы ЖСН енгізгеннен кейін деректеріңіздің көпшілігі артық қағаз толтырусыз автоматты түрде тексеріледі;
- Өтінішті қадағалау. atamekenim.kz сайтының жеке кабинетінде сіз өзіңіздің өтінішіңіздің орындалуының барлық кезеңдерін бақылай аласыз.
Өтініш беру процесі
1-қадам. Өтінім беру
atamekenim.kz цифрлық порталы арқылы көмек алу туралы өтініш беріңіз
2-қадам. Деректерді тексеру
Сіз жататын халықтың санаттарымен жұмыс істейтін және өтініміңізді қабылдауға дайын ҮЕҰ деректер базасын пайдаланып мәліметтеріңізді тексереді немесе қажет болған жағдайда сізден қосымша құжаттарды сұрайды.
3-қадам. Қорға құжаттарды тапсыру
ҮЕҰ-дан жиналған құжаттар пакеті өтініштерді қарау және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасайтын Қордың бөлімшесіне жіберіледі. Қаржыландыру көлемі анықталғаннан кейін өтінім Сараптамалық комитеттің қарауына беріледі
4-қадам. Өтінішке баға беру
Құрамына ҮЕҰ, қоғам, мемлекет органдар өкілдері, жергілікті және халықаралық сарапшылар кіретін Қордың Сараптамалық комитеті өтінішіңізге жан-жақты баға береді
5-қадам. Түпкілікті шешім
Сараптамалық комитеттің бағасы бар өтінішіңізді Қор Басқармасы қарайды, олар оны қаржыландыру туралы шешім қабылдайды. Егер ол Қордың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмесе, өтінім қабылданбауы мүмкін
6-ұадам. Қаржыландыру
Басқарма мақұлдағаннан кейін сіздің өтінішіңіз қаржыландырылады. Әдетте, қаражат сіздің өтінішіңізді орындайтын ҮЕҰ шотына аударылады.