Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене
Qazaqstan Media

Жыл басынан мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу үшін 40 млрд теңге жұмсалды

Биыл мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 45 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жыл басынан мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге ел қазынасын 40 млрд теңге жұмсалды. Сонымен қоса, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 5 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды. Ақпанның біріндегі жағдай бойынша мүгедектігіне байланысты МӘЖ алушылар саны шамамен 531,3 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша шамамен 190,8 мың адам болды. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты белгіленеді.

Биыл мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 45 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жыл басынан мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге ел қазынасын 40 млрд теңге жұмсалды. Сонымен қоса, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 5 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды. Ақпанның біріндегі жағдай бойынша мүгедектігіне байланысты МӘЖ алушылар саны шамамен 531,3 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша шамамен 190,8 мың адам болды. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты белгіленеді.