Солтүстік Қазақстан облысында елді мекендердің 83% тұрақты бағытта автобуспен қамтылған. Тасымалдаушылар билет құнын өсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхметтің айтуынша, бүгінгі таңда өңірде 123 автобус бағыты бар. Оның 19-ы – қалаішілік. 100-ден артық тұрғыны бар 443 елді мекен болса, соның 371-іне автобус қатынайды. Былтыр 19 ауылға қоғамдық көлік жүре бастады. Қалған ауылдарға автобус жіберу тиімсіз, бұл – жанар-жағармайдың, қосалқы бөлшектердің қымбаттауымен және жол ақысының арзан болуына байланысты. Сонымен қатар, өткен жылы облыс ішінде жүретін 43 бағыт субсидияланып, осы мақсатқа 802,5 млн теңге бөлінді. Бір жыл ішінде 567 мыңнан астам жолаушы тасымалданған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 225% көп. “Биыл 46 автобустық бағытқа 361 млн теңге субсидия бөлінді, әлі 566 млн теңге керек. Халықты тұрақты автобус маршруттарымен қамту мақсатында облыс әкімдігі 2017 жылдан бастап әлеуме
СҚО-да елді мекендер арасындағы автобус билеті қымбаттауы мүмкін
25 февраля 202325 фев 2023
1 мин