СҚО бойынша туберкулездің белсенді түрімен ауыратын 296 пациент диспансерлік есепте тұр. Облыстық фтизиопульмонология орталығында 46 пациент стационарда ем алуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Туберкулез – ертеден келе жатқан жұқпалы аурулардың бірі. Ол негізінен өкпе ауруы болғанымен, адамның барлық ағзаларын яғни сүйекті, бүйректі, миды және ми қабықтарының терісін, көзді және басқа да мүшелерге зақым келтіреді. Алайда қазіргі таңда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.Туберкулезбен кез-келген адам ауруы мүмкін, бірақ көбінесе ілеспе аурулары бар сырқаттар жұқтырады. Жалпы өңірде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақтаған. Бүгіндері туберкулездің белсенді түрімен ауыратын 296 солтүстікқазақстандық диспансерлік есепте тұр. Облыстық фтизиопульмонология орталығында 46 пациент стационарда ем алуда «15 жастан бастап балалар мен ересектер жыл сайын флюорографиядан өткен жөн. Бұл ауру болған жағдайда оны тез арада анықтауға ықпал етеді. 2022 жыл бойынша обл