«Жаңа жол» автокөлік өткізу пункті арқылы көмір тасымалдамақшы болған кәсіпкерге СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері кедергі келтірген. Бизнес мемлекеттік органның үстінен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағым түсірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғалары кәсіпкерден талаптарға сай келмейтін құжаттар мен қара отынның сапасын анықтайтын сынама хатты талап еткен. Мұндай сараптаманың құны 400 мың теңге тұрады. Бірақ бизнесмен өнімді экспорттау кезінде тауардың шығу тегі мен сипаттамасын растайтын сертификатты ұсынған. Кәсіпкердің шағымына байланысты СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығымен кездесу ұйымдастырды. Онда тауардың шығу тегі туралы сертификат болған кезде қосымша сараптама қажет емес екендігі туралы түсіндірілді. Бүгіндері шекара пункттері арқылы тауарды тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлердің жүктерін өткіз
СҚО-да Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері кәсіпкердің жұмысына кедергі келтірген
23 февраля 202323 фев 2023
~1 мин