Қазақстан халық партиясының өкілдері сайлаушылармен кездесіп, өздерінің бағдарламаларын таныстырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Үгіт-насихат жұмыстары басталғалы бері, бұл – «Қазақстан Халық партиясы» СҚОФ өкілдерінің сайлаушылармен өткізіп отырған алғашқы кездесуі. Саяси ұйымның аты айтып тұрғандай, партия қарапайым адамдардың мүддесін қорғамақ. Сондықтан партияның сайлауалды бағдарламасы да соған негізделе отырып жасалған. «Біздер Қазақстан халқына тиесілі болатын әділетті қоғам құруды көздейміз. Яғни, елімізде «Әділ Президент – Ықпалды Парламент – Халықтық Үкімет» болғанын қалаймыз. Сондықтан сайлауалды бағдарламамызда мемлекеттік басқару тетігін жетілдіру, әкімдер мен судьяларды сайлау сынды маңызды мәселелерді көтеріп жатырмыз. Айта кетейік, бүгіндері елімізде ауылдық әкімдерді халық таңдай бастады. Келешекте аудан, қала және облыс әкімдерін де тұрғындар сайлауы тиіс. Сонда ғана билікке әділ шешім қабылдап, халықтың мұң-мұқтажын ойлайтын адамдар келеді», – дейді кезд
Қазақстан халық партиясы солтүстікқазақстандықтарды сайлауалды бағдарламасымен таныстырды
22 февраля 202322 фев 2023
1 мин