X Factor Kazakhstan тележобасының 9-шы маусымында сәтті өнер көрсеткен Махамбетәлі Әбілда елге оралды. Оны солтүстікқазақстандықтар әуежайдан құшақ жая қарсы алды. Халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген жас әншімен Qazaqstan Media тілшісі сұхбаттасып қайтты. Махамбетәлі Әбілда Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын музыкалық театр әртісі мамандығы бойынша тәмамдаған. 2022-ші жылдың тамыз айында қаламыздағы қазақ театрына әртіс болып келіп, өнер жолын бастайды. Осы уақыт аралығында қара шаңырақтың сахнасында қойылған «Елім-ай», «Сылаң қыз», «Құлеке» сынды спектакльдерде өнер көрсетеді. Атырау облысының тумасы қазіргі таңда қос саланы қатар алып жүр. Ол С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында актер және Ақан сері атындағы облыстық филармонияның сахнасында ән шырқайды. Биыл күміс көмей әнші X Factor Kazakhstan тележобасының 9-шы маусымында облысымыздың намысын қорғады. Байқауда сәтті өнер көрсеткен жас жігіт қысқа уақытта көрерменнің көзайымына айналды. «Махамбет өте
Петропавлдық әнші «Жас қанат» және «Азия даусы» байқауларында бағын сынамақ
21 февраля 202321 фев 2023
2 мин