Петропавлдағы орталық көшелердің бірінде қолына тапанша ұстаған жігіт жұрттың зәресін алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 ақпан күні сағат 22:01-де Назарбаев көшесі бойында орналасқан «Северный» базарының маңында тұрғындар қолында қаруы бар күдікті ер адамды байқаған. Олар бірден полицияға хабар беріпті. «Бұл факт Петропавл қалалық ПБ ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері екі ер адамды ұстады, олардың бірі, облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Одан пневматикалық тапаншаға ұқсас зат тәркіленді. Ол сараптамаға жіберіліп, нәтижесі бойынша алдағы уақытта процестік шешім қабылданатын болады. Зардап шеккендер жоқ», – делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тапанша ұстаған жігіт петропавлдықтардың зәресін алды
18 февраля 202318 фев 2023
~1 мин