Біздің облысқа жеңілдетілген бағамен жанар-жағар май бөлінгенде өңірдің ауа райы есепке алынбаған. Осының салдарынан егіншілікпен айналысатын 3,5 мың диқан көктемде бірқатар қиындыққа ұшырап келген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, өңір диқандарына арзандатылған дизель отыны климаттық жағдайлар есепке алынбай бөлінген. Бұл мәселені жанар-жағармай материалдарының операторлары көтерді. «ҚР Энергетика министрлігі өңір фермерлерінің маусымдық дала жұмыстарына қажет дизель отынының көп бөлігін Атырау мұнай өңдеу зауытынан бөліп келген. Ал оның техникалық сипаттамалары елдің солтүстік өңірлерінің ауа-райына сәйкес келмейтіні белгілі. Салдарынан жанар-жағармай қатып қалып, көктемгі дала жұмыстарының кешеуілдеуіне, қымбат шетелдік ауыл шаруашылығы техникасының істен шығуына әкеп соқтырды. Жыл сайын облыстың 3,5 мыңға жуық шаруасы осындай проблемаға ұрынып келген», – делінге
Өңірге дизель отыны бөлінгенде климаттық жағдайлар ескерілмеген
1 марта 20231 мар 2023
1 мин