Найти в Дзене
Qazaqstan Media

Тәркіленген контрабандалық тауар мұқтаж жандарға таратылады

СҚО-да тәркіленген контарабандалық тауар материалдық жағдайы төмен, әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға таратылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Кеден қызметі 2014 жылы Қытайдан Солтүстік Қазақстан арқылы Ресейге тасымалданған контрабандалық тауар партиясының жолын кесті. 20 мың тонна жүк айғақ ретінде тәркіленген. Тергеу шаралары бірнеше жылға созылды. Нәтижесінде соттың шешімімен заңсыз тауар мемлекет меншігіне берілді. Облыстық Экономикалық тергеу департаменті 50 мың дана киім-кешекті қалалық әкімдік мамандарына тапсырды. Қазір көмекке мұқтаж азаматтардың тізімі жасалуда. «Киім-кешек қоймада ұзақ жатты. Соған қарамастан пайдалануға жарайды. Заттай айғақ ретінде тәркіленген тауар Солтүстік Қазақстан тарихында алғаш рет мұқтаж азаматтарға таратылмақ», – дейді облыстық Экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі Елена Белоус.

СҚО-да тәркіленген контарабандалық тауар материалдық жағдайы төмен, әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға таратылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Кеден қызметі 2014 жылы Қытайдан Солтүстік Қазақстан арқылы Ресейге тасымалданған контрабандалық тауар партиясының жолын кесті. 20 мың тонна жүк айғақ ретінде тәркіленген. Тергеу шаралары бірнеше жылға созылды. Нәтижесінде соттың шешімімен заңсыз тауар мемлекет меншігіне берілді. Облыстық Экономикалық тергеу департаменті 50 мың дана киім-кешекті қалалық әкімдік мамандарына тапсырды. Қазір көмекке мұқтаж азаматтардың тізімі жасалуда.

«Киім-кешек қоймада ұзақ жатты. Соған қарамастан пайдалануға жарайды. Заттай айғақ ретінде тәркіленген тауар Солтүстік Қазақстан тарихында алғаш рет мұқтаж азаматтарға таратылмақ», – дейді облыстық Экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі Елена Белоус.
-2