Қазақстан. 11 сынып 2 тоқсан. "3D модельдеу"бөлімі Негізгі ұғымдар Виртуалды шындық (ағылш. "virtual reality", жасанды шындық) - адамға өзінің түйсігі арқылы: көру, есту, жанасу және т.б. арқылы жеткізетін жасандын әлем. Виртуалды шындық адамның және/немесе қоршаған ортаның әсерін де, әсер ету реакциясын да еліктейді. Шынайы сезімдердің сенімді кешенін құру үшін компьютер нақты уақыт режимінде әсер етеді. Адам виртуалды шындықтағы (бұдан әрі VR) объектілерге физиканың нақты заңдарына (ауырлық, судың қасиеттері, заттармен соқтығысу, шағылысу және т.б.) сәйкес әсер ете алады. Алайда, көбінесе ойын-сауық мақсатында виртуалды әлемдерді пайдаланушыларға нақты өмірде мүмкін емес қасиеттерді де сесуге мүмкундік береді (мысалы: ұшу, кез-келген заттарды жасау және т.б.). Көптеген адамдар VR-ді кеңейтілген шындықпен шатастырады (ағылш. "augmented reality"). Олардың басты айырмашылығы-виртуалды шындық жаңа жасанды әлем жасайды, ал кеңейтілген шындық тек жеке жасанды элементтерді нақты әлемді қабы