Ақназар Қажымұрат тұрған Kirkland House жексенбі күні кешке марқұмды еске алу кешін өткізді. Жиын барысында Ақназардың достары мен ол оқыған университет студенттерінің естелігін америкалық Задок И.Н. Джи есімді журналист жазды, деп хабарлайды ZTB.kz порталы Ulysmedia.kz сілтеме жасап. Гарвард университетінің газетінде Ақназардың қазасы жайлы мақаланы «Aknazar ‘Adam’ Kazhymurat ’23 Found Dead While Home in Kazakhstan» деп атаған. Курстастары марқұмды «Адам» деп таныса керек. Университет деканы Ракеш Хурана Ақназардың өлімі жайлы электронды хатты студенттер мен университет қызметкерлеріне жариялаған. Колледж өкілі Рейчел Дейннің айтуынша, 2020 жылы көктемде бірінші курсты аяқтағаннан кейін Ақназар Қажымұрат оқудан кейінгі демалыста болған. Ракеш Хурана электронды хатында Ақназардың университеттің «өте құрметті әрі сүйікті мүшесі» болғанын жазады. «Ақназардың математика ғылымына деген табиғи дарыны бар еді. Ол математикадан басқа студенттерді оқытып, уақытын кампуста өткізетін. Басқаға к