Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде, осыған орай бүгінгі күні білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылуда. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – шынайы өмірде оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Ағылшын тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді. Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. Содан бері қарай көптеген өзгерістер енгізілді. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.
Жаңаша көзқарастардың дамуы шетел тілін оқыту, дамытуға ықпалын тигізуде. Білім алушылардың жан–жақты дамуына, сапалы білім алуына,өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды. Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда.
Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту,ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету,өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру,оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады.[1]
Ағылшын тілін үйретудегі негізгі әдістемелік бағыттар
1. Ағылшын тілін оңайдан қиынға қарай оқытуға бағытталған.
2. Тілдік материалдар қазіргі өмір шындығынан алынған және оқу процесінде әбден шыңдалып, өңделген тілдік материалдар. Сондықтан бұл материалдан күнделікті тіршіліктегі жағдаяттарда қолданылатын ағылшын тілін үйренуге болады.
3. Басты көңіл бөлетін нәрсе сөйлеу мен оқу. Оқушылар сөйлеу мен оқуды меңгергеннен кейін жазуды үйренеді. Сөйлеу мен оқу әрекеттері арқылы дұрыс нәтижеге жеткен оқушы өз ортасында ағылшынша еркін сөйлеп, тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білу үшін мынадай ұжымдық жұмыс, топпен жұмыс оқыту тәсілдерін қолданамын. Оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін мынадай: сұрақ – жауап талқысы, салыстыра отырып әңгімелесу, проблемалық сұрақтарды талдау, мәтін не әңгіме бойынша өз ойын ортаға салу, ой алмасу, шарт қою, диалог түрінде сөйлеудегі ойды көрсете білу, пайымдау, түйіндеу,дәлелдеу, ойындар арқылы сөйлеу, сұраққа жауап беру, қорытындылау, өз пікірін айту сияқты әдістерді қолдануға болады, ең тиімдісі сол тілдің өз өкілімен жұмыс жасау арқылы үйрету болар еді,бірақ ондай мүмкіндік жоқ десе де болады.Ең кем дегенде жазба дисктерден тыңдату қажет. Оқу. Мәтін негізгі қарым – қатынас құралы. Мәтінді оқымас бұрын сұрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі, не білмейді, соны анықтау үшін бір мақсат болса, екінші мақсат – өз білімі деңгейінде ойын айтқызып, мәтіндегі оқиға жайлы білуге ұмтылдыру, ынталандыру. Бұл жұмысты бүкіл топ болып немесе 3 – 4 оқушы бірігіп және жұптасып талқылауға болады. Мәтінді оқыған соң оқушы ұғымын тексеруге арналған жаттығуын сұрақтарын қою арқылы оқушылардың мәтіндегі мәселе бойынша өз ойын ортаға салып, пікірін айтуға, еркін сөйлеуге үйретіледі. Оқушыны еркін сөйлеуге төселдіру үшін сөздерді қайталау, оларды еркін де дұрыс қолдана білуге үйрету, грамматикалық материалдарды, сөйлем құрылымын орынды қолдануға үйрету де басты назарда болу керек. Диалогты, әңгімелерді, мәтінді тыңдап, одан не түсінгенін анықтау үшін де әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады. Әдетте тыңдауға арналған мәтіндер оқылған тілдік материалға негізделіп құрылады. Оның ішінде 3 – 4% таныс емес лексикалық материалдар қосуға болады. Әңгімені алғашқы ретте тыңдауға жіберілген уақыт 1- 5 минут көлемінде болуға тиіс.
Тыңдалған әңгіме бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындаймын: 1. Сұрақтар бойынша оқушыны тексеру 2. Кілт сөздерді анықтау, сөз тіркестерін жазу 3. Тыңдалған әңгімеге ат қою 4. Жоспар құру 5. Ауызша, қысқаша толық мәтіннің мазмұнын беру 6. Әңгіме кейіпкеріне немесе жағдаятқа мінездеме беру. Жазу – сөйлеуге үйренудің басты құралы болып табылады. Жазуды көбінесе грамматкалық жаттығуларды орындағанда, мәтін немесе тақырып туралы не айтқысы келгенін білдіру үшін қолдануға болады. Ал, шетел тілін оқытуда грамматиканы оқытудағы басты міндет – сол грамматикалық құбылыстарды сөз әрекетінің әр түрінде қолдана білу дағдыларын қалыптастырып, одан әрі дамыту. Ағылшын тілі грамматикасын өз ана тілінде зерттеп, аздап болса да онымен салыстыра отырып игеру, сол тілде тезірек және саналы түрде сөйлеп үйренуге қажетті шарттың бірі болып есептеледі. Сабақ – шығармашылық ізденіс дейміз.Күнделіктң сабақ жоспарын жасаудың өзі көптеген ізденісті,терең білімді талап етеді.сондықтанда мұғалім оқушыдан да бетер дайындалуы тиіс.Алдын ала жоспарланған сабақ қана өз нәтижесін береді. Сабақ жүйелі,бір тізбекпен берілуі тиіс.Алдыңғы сабақпен кейінгі сабақта байланыс болуы тиіс.Сонымен қоса қазіргі кезде ең негізгі мәселелердің бірі болып оқушыларға тек қана ғылыми білімдер жүйесін беру ғана емес, оларды шынайы өмірде пайдалана білу болып табылады. Осыған байланысты сыныптан тыс өткізілетін іс – шаралардың оқушылар үшін маңызы зор деп ойлаймын. Бұл жұмыс мұғалімнің сабақ үстінде жүзеге асыратын тәжірибе жұмысын толықтыра және тереңдете отырып балалардың таланттары мен қабілеттерін толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығуын оятудың формасы болып табылады. Өзімнің іс тәжірибемде сыныптан тыс шараларды өткізген кезде интеллектуалды ойындар мен сайыс сабақтарын көп қолданамын,себебі бұл жұмыс формалары балаларды шапшаң шешім қабылдауға, ал топпен жұмыс балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Интерактивті әдіс – тәсілдермен сабақ жүргізген кезде оқытушы – кеңесші рөлін атқаратыны белгілі, ал оқушылар белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін – бірі толықтыру арқылы сөйлеуге үйренеді. Осындай игі істер арқасында балалар өзін – өзі батыл, еркін сезінеді, үйреніп жатқан тілге деген қызығушылығы артады, шығармашылық пен жұмыс істеуге үйренеді.Сонымен қатар оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті мақсатқа тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 – бап, 7 – тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған.
Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары: 1. Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді. 2.Тапсырмалар, кестелерді алдын-ала дайындап қоюда уақыт ұту 3.Оқушымен жекелей жұмысты іске асырады. 4. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады. Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады: біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді, үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының тілін дамытады. Тіл үйренудегі тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады. Осы арқылы өз жұмысында компьютерді қолданған мұғалім өзінің өткізетін сабағының сапасын арттырып, оқушылардың танымдылық қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргізетініне тағы бір көз жеткіземіз. Бұл жағдайда қазақ тілі пәні мұғалімінің міндеті оқушыларға әр түрлі жаттығуларды орындауда компьютер көмегі мен мүмкіндігін көрсету, өз бетімен компьютерді қолдануды және белгілі бір үлгідегі жаттығулар жиынтығын игеруде арнаулы қолданбалы пакеттерді пайдалануды үйрету болып табылады. Сол сияқты ағылшын тілін игеру барысында білімнің, дағдының маңыздылығын, ал компьютер тек қолдану барысындағы көрнекі құрал екенін оқушылар санасына жеткізе білу де басты мақсаттың бірі болуы қажет. [2]
Халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынов «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» дегендей, өзім де ұйымдастыруда нәтижелі болатын әдістерді сұрыптап пайдаланамын. Озық тәжірибелермен танысып, пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасуға тырысамын. Өйткені, сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді дұрыс қолдана білу бізден, яғни бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді.
British Council тапсырмаларын орындау арқылы оқушылардың тыңдалым дағдыларын жаттықтыруға болады. Мен сабақта қолдану арқылы, балалардың тыңдау дағдыларын әр сабақ сайын жаттықтырамын.
Ағылшын тілін тегін үйренуге мүмкіндік беретін қосымшалар
- https://writeandimprove.com/. Бұл - ағылшын тілінде қатесіз жазуды үйрететін және ағылшын грамматикасын терең түсінуге таптырмайтын сайт. Себебі қателікті көзге шұқып көрсетіп береді. Оның дұрыс нұсқасын ұсынады. Сонымен қатар жазғаныңызға қарай ағылшын тілінде жазу қабілетіңіз қандай деңгейде екенін көрсетеді.
- Http://www.bbc.co.uk/learningenglish/. Бұл сайт сөздік қорыңызды толықтыруға тамаша мүмкіндік береді. Арнайы жаңа сөздерді мәтін немесе видео арқылы үйретеді. Оның дыбысталуын және қалай қолдану керегін түсіндіреді. Бұған қоса, ағылшын тіліндегі сөйлемдерді тыңдап және оны түсіну қабілетіңізді жетілдіру үшін аудио, видео дәрістер бар.
- https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/. Ағылшынша сөздерді сапалы әрі нақты аударып береді. Ағылшын тілінің оқытушылары аударма үшін дәл осы сайтты қолдануға кеңес береді. Себебі интернет кеңістігінде аудармаға арналған сайттар мен қосымшалар баршылық, алайда сапалысы аз.
- http://ww3.idoceonline.com/. Бұл сайтта да өзіңізге бейтаныс сөздің мағынасын іздеп көре аласыз. Оның артықшылығы - кез келген сөзді іздесеңіз, оны қалай етістікке немесе зат есімге айналдыруға болатынын көрсетеді. Бір сөзді түрлі нұсқада ұсынады.
- https://www.newsinlevels.com/. Өзіңізді қызықтыратын тақырыпты таңдап, соған қатысты мәтінді оқи отырып, жаңа сөздерді үйренесіз. Мәтінді тілді білу деңгейіңізге қарай таңдай аласыз. Сөздерге ағылшын тілінде түсіндірме береді. Бұл тілді жақсы меңгеруге және жаңа сөздерді үйренуге ыңғайлы.
- https://listen-and-write.com/. Ағылшын тілінде видео дәрістерді көріп, оны сайтта тікелей жазып отыра аласыз. Жазбаңызда қате кетсе бірден ескертіп отырады.
- https://www.bbc.com/news, https://www.aljazeera.com/, https://www.youtube.com/user/TEDxTalks. Ағылшын тілінің оқытушылары тілді жетік меңгеру үшін аптасына үш күн курсқа барудан бөлек сол тілде күнделікті видео көріп, аудио тыңдауға, қысқа болса да өзіңізді қызықтыратын тақырыпта мақала оқуға кеңес береді. Оған жоғарыда көрсетілген сайттар көмектесе алады. Күнделікті 15-20 минутыңызды қиып жаңалықтарды ағылшын тілінде тыңдасаңыз нәтижесі көп күттірмейді.
- https://learnenglish.britishcouncil.org/en/skills. Бұл сайтта тақырыптарды сұрыптап, оған қатысты сөздерді жинақтаған. Бүгін саяхатқа қатысты сөздерді меңгерсеңіз, келесі видеодан бала, отбасыға қатысты сөздерді білесіз.
- https://www.futurelearn.com/. Бұл сайтта тегін онлайн курс оқи аласыз. Бұл курс әсіресе оқытушыларға пайдалы.
- http://ww1.howsjay.com/ сайтында грамматикаға басымдық береді. Кәсіби ағылшын тілі, жалпы ағылшын тілі деп сұрыпталған. Сонымен қатар емтиханға да онлайн дайындалуға болады. Оның ішінде IELTS-қа қажетті материалмен таныса аласыз.
- http://www.manythings.org. Бұл сайтта оқу, тыңдау, сөздік қорды толықтыру бойынша курстар бөлек берілген. Әсіресе кішкентай балаларға тіл үйретуге ыңғайлы. Себебі ішінде ойын түрінде жаңа сөздерді үйретеді. Курстың қорытындылайтын ойындар бар. Ол миға да қонымды әрі қызықты.
- http://a4esl.org/ сайтында грамматиканы меңгеріп, жаңа сөздермен таныса аласыз. Ағылшын тілін енді оқып жүргендерге де ыңғайлы. Себебі грамматика мен сөздер оңай, қиын және өте қиын деңгейлері бойынша сұрыпталған. [2]
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жоғарыда айтып кеткенімдей, Қазақстан Республикасы "Білім туралы" 8-бабында "Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілілерге шығу" делінген. Білім беру жүйесінде осындай жаңа технологиялық әдістерді қолдану және заман талабына сай пайда болған ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану ағылшын тілі пәнін оқытуда оқушының қабілетіне қарай білім беруге, оны дербестікке, ізденпаздыққа тәрбиелеуде және жеке тұлғанаң жан-жақты дамып жетілуге жағдай туғызады. Жеке тұлғаға заман талабына сай сапалы білім беру, саналы тәрбие бере отырып, оның өз ана тілін және ағылшын тілін жетік меңгере алуы-әр педагогтың алдындағы жауапкершілігі мол ортақ іс. Білімнің сапалы болуы оның ғылыми тұрғыдан жоғары дәрежеде болуы ұстаздың шеберлігі мен сабаққа тиімді әдіс – тәсілдң пайдалана білуінде. ХХІ ғасырға сай білімді және дарынды полиглот азаматтарды тәрбиелеу шет тілін оқытатын ұстаздарға берілген үлкен тапсырма және сенімділік болып табылады.[3]
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. https://kopilkaurokov.ru/angliiskiyYazik/prochee/ag_ylshyn_tilin_ok_ytudyn_tiimdi_disi_1
2. https://www.freepapers.ru/16/malmn-saba-tkzu-sheberlg/214309.1386174.list4.html
3. https://qazaquni.kz/kerek-kenes/87338-aghylshyn-tilin-tegin-uejrenwge-muemkind
4. https://ust.kz/onlineolimpiada?doc_id=160248&type=1#panel_download_d