Найти тему

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ ОРТАСЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМІН ЖҮЙЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Оглавление

Цифрлық білім беру ортасы – бұл білім беру процесінің әртүрлі міндеттерін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйелердің ашық жиынтығы. "Ашық" сөзі оқушыларға қызмет көрсету орталығы құрамында әртүрлі ақпараттық жүйелерді пайдалану, оларды ауыстыру немесе өз қалауы бойынша жаңаларын қосу мүмкіндігі мен құқығын білдіреді[1]. Бүгінгі таңда Норвегия, Швеция және Швейцария "цифрлық" көшбасшы елдер болып табылады. Топ-10 құрамына АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Финляндия, Сингапур, Оңтүстік Корея және Гонконг кіреді. Ақпараттық технологиялар (IT) – адам қызметінің салаларының, сондай-ақ деректерді жасау, сақтау, өңдеу, сондай-ақ оларды компьютерлерді (және есептеу техникасының өзге де түрлерін) пайдалана отырып басқару процестеріне қатысы бар оқу пәндерінің жиынтығы.

-2

Жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сенер болсақ, дүниежүзінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту индексі бойынша алдыңғы қатарда тұрған Оңтүстік Корея, кейінгі орын Швеция мемлекетіне тиесілі. Ал Қазақстан 56 орыннан 49 орынға көтерілген екен.

-3

Зерттеліп отырған мәселені түсінуі үшін жалпы әдіснамалық және теориялық сипаттағы еңбектерді, С. Алстром, Д. Белл, к. Берд, Н. Винер,Б. Гейтс, Д. Гемелди, Е. Геллнер, К. Гирц, П. Друкер, Р. Йенсен, М. Кастельс,С. Кузнец, Э. Лемберг, Дж. Лихтгайм, Г. Маклюэн, Р. Макридис, Г. Менш, А. Пшеворский, Д. Рисмен, М. Роуз, Т. Стоуньер, Э. Тоффлер, М. Фриден, Ф. Фукуяма, К. Шваб, Й. Шумпетер және т.б [2] зерттеген.

Қарқынды дамып келе жатқан әлем, біздің қазіргі қоғамымыз өзгерістерге бейімделуге дайын және қабілетті адамдар сұранысқа ие. Біздің жағдайымызда өз мамандығының шебері бола тұра, оны әртүрлі серверлер мен сайттарды қолдана отырып оқушылардың қызығушылығын оята алатын педагог-мамандар.

Білім беру жүйесі қоғамның цифрлық дәуірге сенімді өтуін қамтамасыз ете алады. Оған 2017 жылы қабылданған және 2019 жылғы 19 сәуірде толықтырылған "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы дәлел бола алады.[3]

Қашықтықтан оқыту қолжетімсіз болып көрінуі мүмкін, бірақ оқушылармен байланыс және оқу материалына қол жеткізуге көмектесетін әдістер бар.

Білім пандемияға бейімделгендіктен, мұғалімдер тұрақты виртуалды кеңістік құруға тырысты. Интернеттегі нұсқаулық ешқашан тікелей нұсқаулыққа ұқсамауы мүмкін, бірақ барлық оқушыларды шабыттандыратын виртуалды сыныптар құрылу керек болды. Техникалық немесе сабаққа байланысты көмек қажет болса, сізбен қалай және қашан байланысуға болатындығын білуі керек.

Онлайн сабақ өту барысында әр түрлі серверлер қолданса болады. Мысалы: ZOOM, Microsoft Teams, GoogleMeet, OnlineMektep сонымен қатар математика сабақтарында Jamboard, ActiveIspire, GeoGebra тақталарын қолданса да болады. [5]

Қалай болғанда да, оқушыларды (және олардың ата-аналарын) күн мен түннің кез-келген уақытында сұрақтар мен мәселелермен мазаламау үшін нақты жұмыс уақытын орнатқан дұрыс. Ата-ананың мазасыздығы жоғары болуы мүмкін екенін ескере отырып, олар сіздің уақытыңызды да ескеруі қажет.

-4

Мектепте қашықтан білім беру процесінде отандық 7 онлайн платформа қолданыста.

Қашықтан оқуда қолданылатын қазақстандық онлайн білім платформаларының саны 7-ге жеткен. Олардан бөлек, шетелдік WhatsApp,Telegram мессенджерлері, Zoom видеоконференциясы, Microsoft Teams, Google Classroom платформалары қосымшалары қолданыста.

· Оқудың алғашқы күні BilimLand онлайн платформалары қолданушылардың көптігінен істен шықты;

· Zoom арқылы оқу кезінде байланысқа бөгде адам қосылып, порно бейнелерін көрсетуінің бірнеше дерегі тіркелді.

Бұдан бөлек, оқушылар мен ата-аналардың аталған платформаларға қосыла алмау мәселесі де өзекті болып отыр. Оған негізгі екі себеп бар:

интернет сапасы төмендігі;

оқушының платформаны қолдана білмеуі.

-5

BilimLand

42 пәннен 5 700 сабақ пен 140 мыңнан астам тапсырма әзірленген. Компания мәліметінше, күн сайын 1,5 млн бірегей қолданушы кіріп, сайт 30 млн рет қаралады. 3 500 мектеппен платформаны пайдалану туралы келісімшарт жасалған.

Платформаға тіркелу/кіру

Бұл платформаны қолданатын мектеп мұғалімдері мен оқушыларына логин және құпиясөз берілген. Бұл уақытқа дейін әлі алмаған оқушылар болса, оны мектеп әкімшілігінен алуға болады. Мұғалім өз аккаунты арқылы жаңа оқушыны тіркей алады және жаңа сынып қоса алады. Платформаға кіру үшін https://onlinemektep.org/ сілтемесі арқылы өтіп, мектеп әкімшілігі берген логин мен құпиясөзді жазып, "Кіру" батырмасын басу керек.

№2. Сабақ оқу

Оқуды бастау үшін кестедегі сабақты таңдап, алдымен сабаққа шолу, яғни, сабақ мазмұнымен және мақсатымен танысу қажет. Кейін "Алға" батырмасын басып, теориялық бөлімге көшеді. Теориялық бөлімде бейнетүсіндірме, конспект немесе өзге материалдар болуы мүмкін. Теориялық бөліммен танысқаннан кейін оқушыға әртүрлі қиындықтағы жаттығулар беріледі. Оқушы қате жауап берсе, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Барлық тапсырма орындалғаннан кейін әрбір бөлімнің нәтижесін, ал оң жақтағы "Сабақ қорытындысы" бөлімінде алған бағаны көруге болады.

№3. Үй тапсырмасын орындау

Үй тапсырмасын орындау үшін сабақ кестесіндегі "Үй тапсырмасы" бөлімін таңдап, "Көшу" батырмасын басыңыз. Сол жақ мәзірдегі "Үй тапсырмасы" бөлімінен де барлық үй тапсырмасын, орындалған-орындалмаған тізімді көруге болады. Бұл жерде сабақтың тақырыбы, пән және орындаудың соңғы мерзімі берілген. "Өту" батырмасын басып, үй жұмысын орындау керек. Мұғалімнен келіп түскен үй тапсырмасымен толық танысып, сабаққа қайта өтуге мүмкіндік бар. Төменде үй тапсырмасын орындау терезесінде оқушы тапсырма жауабын жазады. "Файл қосу" батырмасы арқылы қосымша файлдарды жүктеп, "Жіберу" батырмасын басады. Үй тапсырмасын жібергеннен кейін қайта өзгеріс енгізуге болмайды.

№4. Мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс

Мұғалім "Чат" бөліміне кіріп, сынып оқушыларына хабарлама жаза алады. Одан бөлек, белгілі бір оқушыны таңдап, "Жеке хабарлама" батырмасын басу арқылы жеке хабарлама жібере алады. Сол жақ мәзірдегі "Оқушымен байланыс" бөлімшесінде жеке оқушыны таңдап, кері байланыс жасауға болады.

Ал оқушы мұғаліммен байланысу үшін сабақ кестесінен сол мұғалім сабақ беретін пәнді таңдап, "Чат" бөліміне кіру арқылы хабарлама жазады. Сондай-ақ, сол жақ мәзірдегі "Мұғаліммен байланыс" батырмасын басып, қажет мұғалімді таңдап, жеке хабарлама жібереді немесе жаңа хабарлама батырмасын басып, мұғалімді таңдау арқылы жеке хабарлама жазу мүмкіндігі бар.

№5. Видеоконференцияға қосылу

BilimLand жаңа оқу жылында платформаға Zoom баламасын қосты. Енді мұғалім сабақ кестесінен сабақты таңдап, "Видеоконференция" батырмасын басу арқылы бір уақытта 45 адамға синхронды сабақ өткізе алады. Ол жерде сабақты өту уақытын көрсету керек. "Құру" батырмасын басқан соң шақыру сілтемесі шығады немесе "Видеоконференция" бөлімінде "Сабақты бастау" батырмасын басу керек. "Чат ашу" батырмасы арқылы оқушылармен жеке хабарлама алмасу мүмкіндігі бар. Оқушылар шақыру сілтемесіне өту арқылы сабаққа қосыла алады.

-6

Daryn.Online

Платформаға 2,7 млн астам оқушы мен 200 мұғалім тіркелген. Күн сайын 700 мыңнан астам оқушы білім алады. Күніне 60-тан астам арнайы бейнесабақтар түсіріледі. Оқушыларға республикалық физика-математика және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, сондай-ақ орта мектептердің үздік мұғалімдері сабақ береді. Офлайн сабақтарға арналған мобильді қосымшасы да бар.

Оқыту 2 форматта өтеді:

· синхронды – мұғалім видеоконференция ұйымдастырып, оқушылармен тікелей эфирде сабақ өткізеді;

· асинхронды – мұғалім дайын онлайн курстар, презентациялар, оқулықтар мен мультимедиа материалдарын оқуға береді.

Әр оқушының жеке кабинеті болады. Кез келген адам тегін тіркеле алады. Жеке пайдаланушылар үшін барлық пәндер айына 2 мың теңге. Daryn.Online-мен келісімшартқа отырған мектеп оқушылары сабақты тегін пайдалана алады. Бүгінде мұндай мектептер саны – 1 491.

№1. Платформаға тіркелу/кіру

"Тіркелу" батырмасын басып, келесі бетке өтесіз. Ол жерде келесі мәліметті енгізіу қажет:

· аты-жөні;

· электронды пошта;

· ұялы телефон;

· құпия сөзді ойлап табу;

· "Мен оқушымын" батырмасын басу.

Ұстаз болсаңыз, "Оқушы емеспін" батырмасын басу керек.

Келесі бетке өтіп, облыс, мектеп, сыныпты таңдайсыз. Сосын "Тіркелу" батырмасын басу қажет.

№2. Сабақ таңдау

"Сабақтар" батырмасын басқан соң Daryn.Online платформасындағы барлық пəннің тізімі шығады. Өзіңізге керек сабақтың жанындағы "Жазылу" батырмасын басыңыз. Жазылатын сабағыңыз бойынша толық ақпарат алатын парақшада "Корзинаға өту" батырмасын басыңыз.

· Пəн туралы – пəн бойынша толық ақпарат, мақсаты, сабақ авторы жəне автор жетістіктерімен танысу бөлімі.

· Пəн мазмұны – пəннің жоспарымен танысуға арналған бөлім, өтетін тақырыптардың тізімі.

· Тесттер – əр тақырып бойынша тест тізімі.

· Тапсырмалар – тақырып бойынша А, Б, С деңгей тапсырмалары.

Артық пəндер қосылып кетсе, "Алып тастау" батырмасы арқылы жүзеге асыруға болады. Керек сабақтар қалғаннан кейін "Жазылу" батырмасын басу қажет. "Менің сабақтарым" бөлімінде керек сабақтар тізімі шығады.

№3. Сабақ оқу жән тапсырма орындау

Сабақты бастау үшін "Менің сабақтарым" бөліміндегі керек сабақ астындағы "Оқуды жалғастыруды" басыңыз. "Пəн мазмұны" батырмасын басып, пəн бойынша түсірілген видеосабақтар тізімі шығады. Бірінші тараудың бірінші сабағынан басталады.

Əр тақырып 2-10 минуттық видеосабақтан, 10 тест сұрағынан, 3А, 2В, 1С деңгейлі тапсырмадан тұрады. Бір тақырыпты оқып біткенде бонустар беріледі. Жаңа тақырыпқа өту үшін келесі шарттарды орындау керек:

· видеосабақты толығымен көру;

· 10 тест сұрағының кем дегенде 7-уіне дұрыс жауап беру.

№4. Видеотрансляция жасау

Оқушылармен немесе мектеп əкімшілігімен конференция өткізу үшін жеке кабинетке кіріп, "Конференция" батырмасын басасыз немесе https://daryn.online/profile/stream сілтемесін жазу арқылы кіре аласыз. "Қосылу" батырмасын басқан соң берілген сілтемені көшіру арқылы басқалармен бір конференцияға кіру мүмкіндігіне ие боласыз. Join meeting батырмасын басып, видеотрансляцияға кіресіз.

-7

Mektep.EDUS және ok.edus.kz платформасы

Mektep.EDUS электронды мектеп платформасын Kundelik.kz баламасы деуге болады. Қазіргі таңда жүйеге 160-қа жуық мектеп қосылған.

№1. Жүйеге кіру/тіркелу

Жүйе Маңғыстау облысының тұрғындары, мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арналған. Ата-аналар жүйеге онлайн тіркеле алады. Ал мұғалімдер мен оқушылар мектеп ұжымы берген арнайы құпиясөз арқылы кіреді. Кіру үшін https://mektep.edu.kz/ сілтемесі арқылы өтіп, "Жүйеге кіру" батырмасын басып, логин немесе ЖСН, пароль енгізу керек.

Ата-анаға әр бала үшін жеке-жеке аккаунт ашу қажет емес. Балалардың барлық аккаунты ата-ананың бір аккаунтында жинақталған.

№2. Функциялары

Жүйеге кіргеннен кейін "Сабақ кестесі", "Күнделік", "Пәндер", "Үлгерім", "Сынып", "Мұғалімдер", "Мессенджер" деген бөлімдер шығады:

"Күнделіктен" әр күннің сабақ кестесін, сабақ тақырыбын, тапсырмалар мен бағаны, "Пәндер" бөлімінен оқушы өз бетінше игеруге арналған материалдарды көруге болады. "Мессенджер" бөлімінде оқушы немесе ата-ана мұғалімге хабарлама жаза алады.

№3. Онлайн сабаққа қатысу

Мұғалім "сабақты онлайн бастау" функциясын қосқан бойы сыныптың оқушылары трансляция сабағына тікелей кіре алады. Сабақ барысында мұғалім өз презентацияларын, сабақ материалдарын көрсетумен қатар, сыныппен жұмысты, пікір алмасуларды қашықтан тиімді ұйымдастыра алады.

№4. Ok.edus.kz платформасы

Оқушы мұғалімдердің сабағын, тапсырмаларын осы жерден көре алады. Бұл жүйеге мектеп берген логин мен парольді енгізу арқылы кіреді. Жүйеге қосылған соң "Тапсырмалар" бөліміне кіріп, қажет сабақты таңдап, үй тапсырмасын орындағаннан кейін оны файл немесе мәтін түрінде мұғалімге жіберуге болады.

Оpiq.kz

Оpiq.kz электронды оқулықтар платформасы 1 қыркүйектен бастап лицензия сатып алғаннан кейін ғана қолжетімді. Оқушылар платформаны тегін пайдалану үшін мектеп "Алматыкітап" баспасымен шарт жасасады. Ал оқулықтардың электронды нұсқасы almatykitap.kz сайтында орналасқан.

№1. Жүйеге тіркелу/кіру

Opiq-пен келісімшарт жасасқан мектеп әкімшілігі оқушының электронды поштасына құпиясөзді жасауға сілтемесі бар шақырту жібереді. Оқушы өз құпиясөзін жасаған соң есептік жазба жасалып, пайдалануға дайын болады. Шақырту Opiq-ке кіру үшін емес, есептік жазбаны жасауға арналған. Оқушы www.opiq.kz бетінде жүйеге кіруді орындайды.

Мектеп Opiq-ке қолжетімділікті қамтамасыз етпесе, оқушы кітапханаға кіру үшін жеке есептік жазбасын жасай алады. Жеке пайдаланушының есептік жазбасын осы жерде жасауға болады.

Opiq-ті оқыту жұмысында пайдалану үшін, оқушыларға лицензия алу қажет. Тек мектеп әкімшісі ғана лицензияларға тапсырыс беріп, оқушыларды байланыстыра алады.

№2. Функциялары

Жүйеге кірген соң "Менің оқу материалдарым", "Нәтижелері", "Кітапхана" деген айдарлар шығады. Басты бетте "Жұмыстар" , "Ағымдағы параграф", "Соңғы тексерілген тапсырмалар" деген блоктар бар. "Жұмыстар" блогында мұғалімдер берген тапсырмалар мен оларды оқушының орындау деңгейі, "Ағымдағы параграф" блогында әр пәннен өтіп жатқан параграф тақырыптары, "Соңғы тексерілген тапсырмаларда" 7 күн ішінде мұғалімдер тексеріп, бағалаған тапсырмалар көрінеді.

Кітапханада электронды мектеп оқулықтары мен барлық оқу жиынтығы орналасқан.

№3. Үй тапсырмасын орындау

Оқушы мұғалім берген тапсырмаға кірген соң тапсырмалар туралы деректерді, оқу материалдарына сілтемелерді және орындауға арналған тапсырмалар тізімін көреді. Тапсырманы орындаған соң тапсырмалар бетінде жауаптарды сақтау қажет. Оқушы "Өз материалыңды қосу" сілтемесіне өтіп қажетті файлдарды жүктейді. Бұл файлдар мұғалімге көрініп тұрады. Тапсырма орындалып, жауаптар сақталған соң “Жұмысты ұсыну" бармасын басу керек.

"Нәтижелер" бетінде әртүрлі пәндер бойынша мұғалімдер тексерген барлық жұмыс пайда болады. Осы жерде нәтижелерді көруге, сыныптың орташа нәтижесімен пән бойынша өзінің орташа балын салыстыруға болады.

-8

"Сфера"

Бұл – мұғалімдерді, оқушылар мен ата-аналарды біріктіретін және қашықтан оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін онлайн білім беру платформасы.

№1. Платформаға тіркелу/кіру

slp.kz сайтына кіріп "Тіркелу" батырмасын басыңыз. Мектeп тіркеген электронды поштаңызды жазып, "Тіркелуді" басыңыз. "Барлығы сәтті өтті" деген терезе ашылса көрсеткен email-ға кіріп, "Сфера" деген хатты табыңыз. Хатта логин мен пароль ойлап табу сілтемесі жазылған. Сілтемеге өтіп пароль ойлап табыңыз. Мектепке ұсынған мобильді телефонға келген хабарламдағы кодты теріңіз. Сайтта "Кіру" батырмасын басып, логин мен парольді енгізіңіз.

№2. Онлайн сабаққа қатысу

Онлайн сабақтар кестесін көру үшін "Сабақ кестесі" бөліміне өту керек. Әр онлайн сабақ карточка түрінде бейнеленген. Карточкада сабақтың басталу уақыты, пән, сабақ тақырыбы, сабақтың сипаттамасы, мұғалімнің аты-жөні, сынып пен сабаққа кіру батырмасы бар. Карточканың түстері әртүрлі. Түстер сабақтың өтіп кеткенін, енді өтетінін немесе мұғалімнің сабақты болдырмау шешімін көруге болады. Сабаққа қатысу үшін "Сабаққа кіру" батырмасын басу керек. Камера мен микрофонды мұғалім ғана қосып өшіре алады. Оқушы "Қолын көтеру" батырмасын басып жауап беруге рұқсат ала алады. Сабақтан шығу үшін төмен бөлігіндегі "Сабақтан шығу" батырмасын басу керек.

-9

Интернеттегі оқыту бағдарламалары бұл жұмыс үшін керемет құрал болып табылады. Олар оқушыларды алыстан бақылау процесін жеңілдетеді және оқушыларды тарту үшін арнайы жасалған. Құрылымдық, оқу жоспарымен келісілген бағдарламаны пайдалану, сонымен қатар ресурстарды дайындау және жүктеу. Оқушыларды үй тапсырмасы мен практикалық сабақтар үшін Readiwriter немесе Mathletics сияқты бағдарламаларға бағыттауға болады.[6]

Мұның бәрі "Цифрлық Қазақстан"бағдарламасы аясында болды.

Қазақстанда қағаз журналдың орнына Кundelik электронды сынып журналдары табысты жұмыс істеуде. Директор, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар бағаларды, үй тапсырмаларын, мұғалімдердің ата-аналарға хабарламаларын, оқушылардың төрт тоқсанға дейінгі дамуын көреді. "Балалар өздерінің гаджеттері арқылы ұялы телефон арқылы ақпараттық технологияларға қол жеткізуі керек" [4].

-10

Kundelik

2016 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан мектептері Kundelik электронды журналын қолдана бастады. Бұл жерде мұғалімдер баға қойып қана қоймай, оқушыларға тапсырма беріп, кері байланыс орната алады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, электронды күнделікке күніне 700 мың баға қойылып, 1 млн тапсырма беріледі.

№1. Жүйеге тіркелу/кіру

Ата-аналар мен оқушылар жүйеге кіруге арналған пайдаланушы аты мен құпиясөзді алу үшін білім беру ұйымындағы деректерді толтыруға жауапты қызметкерге, яғни білім беру ұйымының әкімшісіне хабарласуы керек. Әкімші туралы ақпарат болмаса, сынып жетекшісімен байланыса аласыз. Қолыңызда логин/пароль болса, https://kundelik.kz/ сайтына өтіп, "Кіру" бөліміне өтіңіз. Логин мен парольді енгізіп, "Кіру" батырмасын басыңыз. Содан кейін "Қауіпсіздік параметрлері" бөлімінде электронды поштаны толтыру қажет. Бұл деректерді енгізу, ең алдымен, парақшаны қорғау үшін, сондай-ақ, жоғалған жағдайда логин мен парольді жылдам және өздігіңізден қалпына келтіру үшін қажет.

№2. Үй тапсырмасын орындау

Бас бетте сабақ кестесін, мұғалімдер берген тапсырмалар мен мектеп әкімшілігінің хабарландыруларын көруге болады. Жүйеге кірген соң "Мектеп" батырмасы шығады. Соның ішінде "Менің сыныбым" бөлімін таңдап, "Файлдар" батырмасын басқанда әр пән бойынша ашылған папкалар шығады. Оқушы пәннің папкасына кіріп, өзіне сынып жұмысы мен үй тапсырмалары жазылған файлды жүктеп алады. Орындаған тапсырмаларды файл түрінде "Файлды жүктеу" батырмасы арқылы жүйеге қосуға болады.

Үй тапсырмаларын "Мектеп" бөліміндегі "Үй тапсырмалары" бөлімшесінен көру мүмкіндігі бар.

Тапсырманы жеке мұғалімге жіберу үшін "Мектеп" – "Менің мектебім" – "Адамдар" – "Қызметкерлер" батырмаларын басқаннан кейін мұғалімді аты-жөнімен іздеу керек. Мұғалім табылған соң жаңа хабарлама арқылы файлдары жүктеп жібересіз.

№3. Бағаларды көру

Бас беттің сол жақ бөлігіндегі сабақ кестесінің астында "Күнделікті көру" және "Барлық бағалар" деген батырмалар бар. Сондай-ақ, жоғарыдағы "Мектеп" бөліміндегі "Күнделік" бөлімшесінен әр күннің, әр аптадағы жән әр тоқсандағы бағаны көруге болады.

-11

ХХІ ғасыр - жоғары компьютерлік технологиялар ғасыры. Қазіргі заманғы оқушыларымыз ақпараттық кеңістікте өмір сүріп және дамып келеді, сондықтан дамыған заманда мұғалімнің басты міндеті - балаға дайын білімді беру емес, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі алға қарай жылжып дамуын жүзеге асыруға жағдай жасау, яғни "проблемаларды шешудің әдістері мен тәсілдерін"оқыту арқылы баланың жеке басын қалыптастыру үшін жағдай жасау. Бұл тәсіл оқушыға шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін ашуға және дамытуға, есте сақтауына, ізденімпаздылыққа тәрбиелейді. Электронды білім беру жүйесіне сай педагогтардың біліктілік деңгейлерін келесідей тараптарға жіктеуге болады:

1. Қарапайым-бейімдеушілік деңгей. Бұл деңгейде компьютер және компьютерлік техниканы қолдану дағдылары, оқу үрдісінде қолданбалы бағдарламалық құралдарды қолдану мүмкіндіктері қарастырылады.

2. Іс-әрекеттік-ізденістік деңгей. Педагог АКТ-мен жұмыс жасау негіздерін практикалық тұрғыда меңгереді.

3. Жүйелік-шығармашылық деңгей. Электронды оқу-әдістемелік құралдарды құрастыру, веб сайттар құрастыру.]

Халықаралық деңгейдегі білім беру стандарттары заманауи педагогтан жоғарыда аталған деңгейлердің 2 және 3 деңгейге сай болуын талап етеді.

Жаратылыстану пәндерін оқытуда электронды білім беру ресурстарының, АКТ тиімді пайдалануының маңызы айтарлықтай зор. Өйткені, осы пәндер кеңістігінде тиімді білім беру – оқушының жалпы дүниетанымының дұрыс дамуына, құзырлы ойлауы мен функционалдық сауаттылығының артуына зор ықпал ететін фактор.

Халықаралық деңгейдегі оқушылардың білім, біліктілігін бағалауға арналған PISA, TIMMS бағдаламаларында берілетін тапсырмалар оқушылардың өзіндік тәжірибелеріне негізделеді және оқушылардың графикалық, белгілік мәтіндік форматтарда, күрделі болжам түрінде берілген ақпарат үзінділерімен 3D жұмыс жасай алуын талап етеді.

Осы аталған зерттеулерде жаратылыстану пәндерінің сауаттылығы бойынша берілетін тапсырмаларды оқушылардың рет-ретімен, талапқа сай орындай алуын қамтамасыз етуде тек бір ғана ҚР БҒМ бекіткен оқулықтар тізбесімен қол жеткізе алмаймыз. Бұл мақсатты орындауға әсер ететін факторлар сан түрлі. Бірақ, солардың ішінде, оқушылардың жаратылыстану пәндері бойынша құзырлылығын қалыптастырып, дамытуына көрнекі, бейне материалдарды көптеп қолдану арқылы қажетті нәтижеге жетуге болады. Жаратылыстану пәндеріне деп ерекше көрсетуімнің себебі, оқушының дүниетанымының, логикалық, құзырлы ойлауының қалыптасып, дамуы осы пәндер жүйесімен тығыз байланысты. Дегенмен, мектеп қабырғасында жаратылыстану пәндеріне байланысты барлық өзгерістер мен құбылыстарды көзбе-көз көрсетіп, үйретуге мүмкіндік бола бермейді. Осы тұста, цифрлық ақпарат көздері мұғалімдер үшін таптырмас көмек құралы. Түрлі анимациялар, графикалық суреттер, аудио жазбалар, бейне - көріністер, виртуалды зертхана т.б. қамтылған цифрлік ақпарат көздерін сабақ үрдісінде тиімді пайдалану – сапалы білімге қол жеткізуге мол мүмкіндік береді. Нәтижесін келешекте көрсетеді.

Оқушылардың танымдық ой-қабілетінің артуына үлесін қосатын нақты дүние – цифрлық білім беру ресурстары. Цифрлық ақпарат көздеріне: цифрлық білім беру ресурстары, электронды оқулықтар, инновациялық оқу-әдістемелік кешендер, виртуалды зертхана, күрделі құрылымды ақпарттар көзін (цифрлық мұражай, кітапхана, энциклопедия т.б.) жатқызуға болады.

Педагогтың электронды білім беруі бойынша құзырлылығының дамуын сатылы қадамдармен келесідей түрде айқындауға болады деген ойдамын: «компьютерлік минимумды» білік-дағдысы → АКТ құзырлығы → цифрлік білім беру ресурстарын пайдалану → цифрлық білім беру контентін жасақтау → электронды білім беру жүйесі бойынша кеңес беру. Бұл үрдісті толықтай бір цикл десек, ол циклдің түйіні – педагог өзінің білік-дағдысын кеңес беру арқылы өзге мұғалімге үйрету барысында өз білімін бекіту. [8]

-12

Сабақтардағы психикалық стресстің жоғарылауы мені ойлануға мәжбүр етті: математикада қызығушылықты қалай қолдау керек, сабақ барысында педагогикалық процесті қалай жандандыру керек.

-13

Компьютерлік бағдарламалық құралдар оқытудың формалары мен әдістерін математика сабағында әр түрлі қолдануға, білімді бақылауды жеңілдетуге, көрнекілікті арттыруға, оқушылардың танымдық белсенділігін саралауға және дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы мен сабақта бесінші сынып оқушыларына "бұрыш" тақырыбын зерттегеннен кейін тапсырма берілді: Ол тапсырма WordWall, Learningapps, GeoGebra, Googleforms, Quizizz, Kahoot, Quizlet сайттарын қолдану арқылы берілді.

-14

Қазір мұғалім оқу-танымдық, ізденіс, жобалық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы, сонымен қатар мұғалім әртүрлі деңгейдегі шығармашылық байқауларға қатысып, ізденіс үстінде болуы керек.

Мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігі әрқашан дамып, прогресс болып отыруы керек. Менің өз тәжірибемнен алатын болсақ сабақтарда түрлі видео – сабақтар, слайдтар жасау барысында мына программаларды қолдануды ұсынамын.

- Camtasia (түрлі видео – слайд жасауға болатын тиімдіі бағдарлама)

- Prezi (күрделі слайдтар)

- PowerPoint (слайдтар)

- Bandicam (видеолар)

- Flip PDF Professiоnal (терминдер жинағын, тарауға бөлінген электронды оқулықтар)

- Macromedia Flash (бейне, ауди материалдарды қолдайтын оқу-әдістемелік кешендер, электронды оқулықтар)

- Delphi (электронды тест жинақтарын жасау үшін)

Мұғалімге көмектесу үшін көптеген сайттар құрылды. ПШО желілік қауымдастықтарында (Педагогикалық шеберлік орталығы) [7]

-15

Заманның дамуымен дамып келе жатқан өз әріптестеріме ұсынарым

- Wordwall (түрлі ойындар, шоулар)

- GeoGebra (геометрия сабағына қолдануға тиімді)

- Learningapps (түрлі тесттер, ойындар, вебинарлар)

- GoogleForms (ашық тест және жабық тест)

- Readiwriter және Mathletics (үй тапсырмасын тексеруге)

Quizizz, Kahoot, Quizlet (оқушылардың қызығушылығын арттыруға арналған тесттер) жасап, әр түрлі мақсатта сабаққа қолданса болады. Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Сабаққа дайындық негізі оқулықпен ғана шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды кеңінен, тереңнен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түрлендіріп, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерлеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегіндегі сабақта қолданылатын әдістемелердің нәтижелігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.

-16

Мұғалімнің шеберлігі , біріншіден, сабаққа дайындығы, үнемі және мақсатты түрде, өз білімін, өз тәжірбиесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы мақсатында сіздерге төмендегі сабақтың түрлері және оның құрылымымен таныстырғым келеді:

  1. Зерттеу сабағы - іздендіру мақсатында
  2. Саяхат сабақ - танымдық қабілетін дамыту
  3. Семинар сабақ- оқушының білімін тереңдету
  4. Сайыс сабақ – оқушылар ойларының жетітігін байқау
  5. Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.
  6. Сынақ сабақ- білім дағдысын бір бір жүйеге келтіру.
  7. Диспут сабақ - білім мен дағдысын қалыптастыру.
  8. Ойын , жұмбақ - оқушылар зейінін дамыту.
  9. Сахналау сабақ - оқуылар шығармашылығын дамыту.
  10. Талқылау сабағы - ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.
  11. Ертегі сабақ - оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
  12. Интеграциялық- сабақ пән аралық байланысты жетілдіру
  13. Панорамалық сабақ мақсаты - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі.
  14. Аукцион сабақ - бір нәрсені сату арқылы өткізіледі
  15. Көңілді тапқыштар сабағы - өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі
  16. Шығармашылық сабақ - оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. [8]
-17

Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. « Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар » деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интнллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

Қорыта айтқанда, ХХІ ғасыр мұғалімінің моделіне сай болу үшін жоғарыда келтірілген қасиеттер барша ұстаз қауымының бойынан табылып отыруы тиіс. Бұл – заман талабы. [9]

Пайдаланылған әдебиеттер

1.https://sch05.ru/tsifrovaya-obrazovatelnaya-sreda

2.https://unecon.ru/sites/default/files/dissgribanovui.pdf

3.https://nsportal.ru/shkola/obshchepedagogicheskie-tekhnologii/library/2013/07/23/ikt-kompetentnost-sovremennogo

4.https://ru.sputniknews.kz/society/20180417/5317053/kazakhstan-cifrovizaciya-obuchenie.html

5.https://www.3plearning.com/blog/create-remote-digital-learning-environment-actually-works/

6.https://www.edutopia.org/article/creating-inclusive-virtual-classroom

7. http://ymk-salehard.ru/index.php/napravleniya-raboty/112-nauchno-metodicheskaya-i-innovatsionno-eksperementalnaya-rabota/nauchno-metodicheskaya-rabota/282-vliyanie-ikt-kompetentsii-pedagoga-na-kachestvo-obrazovaniya

8. https://www.freepapers.ru/16/malmn-saba-tkzu-sheberlg/214309.1386174.list2.html

9. Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері.-А 1991