Найти тему
Vox Populi

ЖҰТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

Vox Populi тілшілері кеше Түркістан облысынан оралды. Биылғы көктемде жауын-шашынның аз түсуіне байланысты қуаңшылық жайлаған өңірде мал бағып отырған шаруаның жағдайының ауырлай бастағанын көріп қайттық. Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай, Асықата, Арыс, Отырар, Мақтаарал аудандарының жайылымдық алқаптарында от жоқ, топырақтың шаңы шығып жатыр. Жетісай, Асықата, Мақтаарал аудандарындағы 300 мыңға жуық ұсақ мал, 90 мыңнан аса ірі қара, 10 мыңдай жылқы малының 6%-7% қырылып қалды дейді шаруалар. Азықсыз арам өлген мал саны күн санап артып келеді.

Аштықтан сілейіп қатып қалған ұсақ мал, ірі қараның өлексесі әр жерде ит-құсқа жем болып шашылып жатыр. Қандай да бір шара қолданылмаса Маңғыстау, Арал шаруаларының кебін киюдің аз-ақ алдындамыз дейді жергілікті малшы қауымы.

-2

Ашырқанған мал қылтиған шөпті іле алмай, топырақ-құмына қарамай асауда. Артық жұтылған құм мен топырақ малдың асқазанына кептеліп, құмқаталаған мал шоңқайып қалып жатыр.

— Ал тірі малдың өріске шықты деген аты ғана, қабырғалары ырсиған, көтерем. Ілбіп әрең жүр, — дейді шаруалар.

Толығырақ осы жерден оқыңыздар