Найти в Дзене
Vox Populi

АЛМАТЫНЫҢ АТАСЫ — СИВЕРС

Нағыз Апорт пен Сиверс алмаларының тұқымы біздің елімізде сақталған. Оларды Қазақ жеміс-көкөніс ғылыми зерттеу институтының помологиялық бағында жандандыруда. Институт бағы Талғардың іргесінде орналасқан. Ғалымдар апортты жандандыруға жарамды Сиверс алма ағашын гендік коды бойынша сұрыптап, зерттеп жатыр. Жақында Voх Populi тілшісі алма бағын аралап, институттың зертханасын көріп, гендік қорымыздың ахуалын біліп қайтқан болатын.

Нина Чоканова, аға ғылыми қызметкер
Нина Чоканова, аға ғылыми қызметкер

— Сиверс алмасының өскіні 2 000 метр биіктіктен әкелінген. Яғни бұл вируссыз, бактериясыз өскін. Оны біз ағаштың бас жағында өсетін бүршіктен аламыз. Сосын ол залалсыздандырылып, көбейтіледі.

Өскіндер түтікшелер мен бөтелкелерде сақталады
Өскіндер түтікшелер мен бөтелкелерде сақталады

Бұл жерде жидек, жеміс ағаштарының өскіндері сақталады. Зертханада жалпы 260 сорт үлгі бар. Яғни, жеміс-жидектердің жалпы гендік қоры осында. Табиғатта жоғалып кеткен жағдайда, әрбір жеміс-жидектің сорт үлгісін осы жерден табуға болады.

-3

Нина Чоканованың институт қабырғасында жұмыс жасағанына 35 жыл болыпты. Қазір ол жас мамандарды даярлап, білгенін үйретіп жүр.

Толығырақ осы жерден оқыңыздар