Алматылық Ұлан Үсенов балаларға күрделі химиялық реакциялар мен терминдерді танымал қосымша TikTok арқылы түсіндіруді шешкен. Қала мектептерінің бірінде ұстаз болып жұмыс істейтін Ұлан химиялық қосындыларды, құралдардың атауын ойын түрінде ұсынады. TikTokта қолданушылар негізінен өлең айтып, би билейді, былайша айтқанда ол қосымша көңіл көтеретін бейне көру алаңы. Ал Ұлан ойын-сауық бейнероликті мектепке қажетті, пайдалы дүниемен ұштастыра алды. Vox populi тілшісі бірер айдың ішінде өзінің қызықты бейнесабақтарымен танымал болған жас ұстазбен кездесіп, болашаққа жоспарларын біліп қайтқан еді. Қосымшадағы парақшасы ашылғалы бері Ұлан 30-дан астам бейнесабақ түсірген. Қазір Ұланның парақшасына жазылғандар саны 700-ге жетіп қалыпты. Жас химик маман оқушыларға арналған бейнематериалындағы өлеңнің сөздерін өзі жазады. Бір минуттық бір роликті түсіріп, дайындауға бес сағат уақыт кетеді дейді ол. Бұл химиялық эксперимент қалайы хлоридті сулы ерітіндінің электролизі деп аталады. Су, сірке қышқ