Нәпақасынан айрылғандар жұмысты әдетте өз бетінше интернеттен іздей бастайды. Тиісті мамандық бойынша түрлі нұсқаларды қарастырып, түйіндемені жіберіп, сұхбаттасуға барады. Кейбіреулер «таныс» арқылы да жұмысқа орналасады. Дегенмен, жұмыспен қамту орталығы арқылы да жұмысқа орналасуға болатынын біреу білсе, біреу біле бермейді. Халықты жұмыспен қамтуда қандай шаралар қарастырылған? Қандай мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмыстар ұсынылған? Бұл жөнінде Vox Populi тілшісі Алматы облысы Іле ауданы әкімдігіне қарасты халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Ұлбосын Бердібековамен сұхбаттасқан еді. VOX: Халықты жұмыспен қамту қандай бағдарлама арқылы жүзеге асырылады? — Халықты жұмыспен қамту нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты — халықтың өнімді жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Аталған бағдарлама не
«ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК»: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДЫҢ ШАРТТАРЫ ҚАНДАЙ?
30 августа 202130 авг 2021
2 мин