Smart Home көпшілік қазақстандықтар үшін әзірге экзотика іспеттес. Сондықтан ол сөз тіркесінің ішіне көп нәрсе жатқызылады. Ал Америкада бұл түсінікті екі топқа бөледі: Smart Home — жылыту, су құбырлары, бейнебақылау, тұрмыстық техникаларды басқару жүйесі. Екінші тобы — мультирум. Ол аудио және бейне белгілерді ғимарат ішінде немесе одан тыс таратудың мультимедиялық жүйесі. Smart Home — «Ақылды үй» деген не? Бүкіл электрониканы өзара байланыстыратын технология қалай аталады? «Ақылды үй» барлық адамға қол жетімді ме? Бұл туралы білім мен интернет саласындағы технологиялардың дамуына үлес қосып келе жатқан кәсіпкер Кэти Джиори әңгімелеп берген еді. Оның компаниясы халықаралық жоғары технологиялық корпорациялар шоғырланған.
VOX: «Ақылды үй» деген не? Ол жүйені орнатудың қандай пайдасы бар?
— Smart Home ағылшын тілінен аударғанда «Ақылды үй» дегенді білдіреді. Бұл терминология тұрмыстық жүйелерді автоматтандыру сияқты ұғымды білдіреді. Ол біздің өмірімізді жеңілдету үшін ойлап табылған жүйе. «Ақылды үйдің» арқасында күнделікті қалыпты нәрселерді оңай шешіп, қашықтан қадағалап отыру мүмкіндігіне ие боламыз. Жалпы «Ақылды үйді» орнату үшін адам уақытын, күшін жұмсайды деп ойлайтын болса, қателеседі. Оның құндылығы қаржылық шығынды болдырмаудың алдын алу болып табылады. Оны өрт пен түтінді, үй тонаушыларды дер кезінде анықтау үшін, жарық пен суды пайдалану шығынын азайтуға пайдалануға болады. Бұл апаттың, ұрлық-тонаудың алдын алудан сақтандыру полисін сатып алумен пара-пар.
VOX: Ақылды үй қалай жұмыс істейді? Жүйе не істеу керектігін, оны қашан атқару қажеттігін қалай түсінеді?
— Ақылды үй жүйесінің жұмыс принципі адам да, машина да бере алатын бірқатар командаларға (опцияларға) негізделген. Белгілі бір команданы іске қосу адамнан жіберілген сұрау немесе сенсор арқылы жүзеге асуы мүмкін. Жүйені іске қосудың осы екі нұсқасын толығырақ қарастырайық.
Біріншісі, дауыспен немесе қосымша арқылы сезбектердің (датчик) көмегімен іске қосып, орындауға болады. Яғни, қосымша смартфонға орнатылады да, қарапайым әрекет режимінде іске қосылады. Мысалы, сіз шәйнекті қайнату, шағын толқынды пешті қосу, үйді жылытуды өшіру, кондиционерді іске қосу туралы тапсырма бересіз. Немесе көп функциялы басқару тақтасы арқылы немесе смартфоннан қосымшаны ашып, қажетті тетікті басуға болады. Сіздің сұранысты өңдегеннен кейін ақылды үй жүйесі қолданылатын құрылғыға сұрау жібереді.
Екінші нұсқа сіздің үйде немесе пәтерде болуыңыз маңызды емес. Бұндай нұсқада барлығы бағдарламаланған. Яғни, жүйені орнату барысында үй ішіндегі белгілі бір құрылғыға қажетті параметрлер орнатылады. Сосын ол белгілі бір уақытта ол іске қосылады. Мысалы, күнделікті 07:30-да шәйнек қосылады немесе 12:00-де жылу жүйесі қосылады деген сияқты. Сондай-ақ, бұл нұсқада жүйенің тәуелсіз шешім қабылдауы мүмкін. Бұл дегеніміз, статистикаға сүйене отырып, жылуды қашан қосу қажет немесе өшіру керек немесе суды қайнатуды жүйенің өзі шешеді.
VOX: Электр жарығы үзілсе, «Ақылды үйдің» жағдайы не болады? Электр қуаты өшірілген кезде қандай проблемалар туындауы мүмкін?
— Мысалы, киноларда дабыл белгісі дыбыс беріп, қауіпсіздік жүйесі әшкерелемес үшін қылмыскерлер электр қуатын сөндіреді. Ондай түйткілді шешу үшін қосымша аккумулятор немесе генератор болып табылады. «Ақылды үйдің» жүйелеріне электр қуатының балама көздерін де пайдалануға болады. Алайда, электр қуаты сөндірілген болса жарықты да, теледидарды да, өзге де техниканы да қоса алмайсыз. Үйімде «Ақылды үйге» арналған электр тоғымен жұмыс істейтін онға жуық техникам бар, олардың ешқайсысы батарея арқылы іске қосылмайды.
VOX: «Ақылды үйдің» қандай кемшіліктері бар?
— «Ақылды үйді» кеңінен енгізуде бірқатар мәселелер туындайды. Кей қондырғыларды бастапқы орнатуда, қажетті күйге келтіруде қиыншылықтар болады. Көбіне брендтердің өзара байланысуы қиюласпай жатады.
Толығырақ осы жерден оқыңыздар