Найти в Дзене
Vox Populi

БИЫЛҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЯРЛЫҚ ҚАНДАЙ?

Биыл мектепке дайындық жылдағыдан кешірек басталды. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай қарбалас жоқ. Балалар қашықтықтан оқуы мүмкін деген қорқыныш сұранысқа кері әсерін тигізуде дейді мектеп жабдықтарын сататын дүкендер. 2021/2022 оқу жылына Алматы мектептерінің дайындығы қалай жүріп жатыр? Пандемияның әсері қандай? Оқу жүйесінде қандай өзгерістер бар? Ата-аналардың дайындығы қалай? Vox Populi тілшісі осы сұрақтарға жауап іздеген еді.

Оқушыны мектепке дайындау қанша тұрады?

Оқушының қажетті минималды жиынтығы мектеп формасы, аяқ киім, сөмке, канцелярлық тауарлардан тұрады. Дүкендерде бірінші сыныпқа баратын балақандардың пиджагі 11 000 теңге. Жилеті 4 500, шалбары 6 000 теңге, ақ көйлек 6 000. Сонда бір костюмнің құны 21 000 теңгеге шығады.

-2

Және киімдердің бағасы өлшеміне қарай жоғарылай береді. Демек жоғарғы сынып оқушысына костюм шалбар аламын десеңіз 30 000–35 000 теңге дайындай беріңіз.

Оқушы сөмкесінің бағасы базарларда 3 000 теңгеден жоғары. Сауда орталықтарында 5 000-нан 25 000-ға дейін барады. Онлайн дүкендеріндегі сөмкелердің орташа бағасы 10 000–12 000 теңге.

Толығырақ осы жерден оқыңыздар