Алматы және оның маңындағы елді-мекендерге сел қаупін тудырмас үшін жыл сайын мұздық түзілімді көлдерді (моренные озера) құрғату жұмыстары жүргізіледі. Себебі биылғы жаздағы аптап ыстықта биік таулы жерлердегі мұздықтар еріп, моренді көлдердің «оянуына» әкеліп соқтыруы мүмкін еді. Демек, су тасқыны болуы ықтималдығы аса жоғары болды. Мұндай табиғи апаттың алдын алу үшін қандай жұмыстар жүргізіледі? Моренді көлдер деген не? Олар қалай құрғатылады? Бұл ретте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ төтенше жағдайлардың алдын алу және қорғаныс құрылымдарын пайдалану бөлімінің бастығы Бауыржан Әбішев әңгімелеп берді. Мұздық түзілімді көлдер мұздықтың қозғалуымен келетін және қордаланған тау жынысынан тұрады. Жалпақ тілмен айтсақ, бетіне мұз қатқан тау жыныстары. Көлдердің айдыны — әр түрлі пішіндегі ұсақ төбелер мен жоталарға, көлшіктер мен батпақтарға толы көптеген ұсақ ойықтары бар жазықтықты құрайды. Айдынның қалыңдығы мұз әкелетін жыныстың көлеміне байланысты әр түрлі бола
