Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене
Vox Populi

САНДЫҚ ДАҒДЫЛАРҒА СҰРАНЫС АРТА ТҮСЕДІ: ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАУ ҮШІН ҚАНДАЙ САНДЫҚ МАШЫҚТЫҚТЫ ИГЕРУ ҚАЖЕТ?

Бірнеше жыл бұрын сандық экономика туралы айтқанда, біз оның не екенін, халықтың өміріне елеулі әсер ететінін және қашан басталатынын толық түсінбеген едік. Енді міне, ғылым мен техника жылдап емес күн санап өзгеріп жатыр. Аз уақыттан кейін барлығымыз жаңа өзгерістердің куәсі боламыз. Оған сәйкес заман талабы да өзгеруде. Барлық салалар бір-бірімен өзара байланысты, ал сандық технологияға өтпегендер бәсекеге төтеп бере алмайды. Демек, көштің соңында қалады. Ендеше заманауи маман қандай дағдыға ие болу керек? Vox Populi тілшісі осы сауалға жауап іздеп көрген еді. Сонымен, заманауи маман қандай дағдыны игеруі тиіс? Бизнес жаттықтырушы, Жәнібек Әл-Таразидің пікірінше, ең сұранысқа ие дағды — кез-келген түйткілді кешенді түрде шешу дейді. Түйткілді кешенді шешу Бұл дағды мәселені және оның пайда болған себебін табуға, салдарының қандай болатынын түсінуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, мұндай қабілеті бар маман жобаны қандай қиындықтар күтіп тұрғанын болжай алады және олардың алдын алады. Бе
Оглавление

Бірнеше жыл бұрын сандық экономика туралы айтқанда, біз оның не екенін, халықтың өміріне елеулі әсер ететінін және қашан басталатынын толық түсінбеген едік. Енді міне, ғылым мен техника жылдап емес күн санап өзгеріп жатыр. Аз уақыттан кейін барлығымыз жаңа өзгерістердің куәсі боламыз. Оған сәйкес заман талабы да өзгеруде. Барлық салалар бір-бірімен өзара байланысты, ал сандық технологияға өтпегендер бәсекеге төтеп бере алмайды. Демек, көштің соңында қалады. Ендеше заманауи маман қандай дағдыға ие болу керек? Vox Populi тілшісі осы сауалға жауап іздеп көрген еді.

Сонымен, заманауи маман қандай дағдыны игеруі тиіс? Бизнес жаттықтырушы, Жәнібек Әл-Таразидің пікірінше, ең сұранысқа ие дағды — кез-келген түйткілді кешенді түрде шешу дейді.

Түйткілді кешенді шешу

Бұл дағды мәселені және оның пайда болған себебін табуға, салдарының қандай болатынын түсінуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, мұндай қабілеті бар маман жобаны қандай қиындықтар күтіп тұрғанын болжай алады және олардың алдын алады.

-2

Бейімділік пен бірегейлік

Бәріміз белгілі бір саланың маманымыз, бірақ қазір нарық аралас құзыреттілікті тез меңгеруді, тіпті біздің міндеттерімізге кірмейтін әр түрлі мәселелерді шешуді талап етеді. Бизнес мектептерде оқытылатын негізгі дағдылар, жалпы еңбек нарығының әрбір қатысушысының бойында болу керек. Одан кейін барып, сол дағдыларға ресурстарды басқару, команда құру, мотивация тәрізді қосымша дағдыларды тіземіз. Себебі бүгінде ынталандырудың ескі әдістері қолданылмайды, яғни басқару жүйесі өзгерді. Ең бастысы нәтижеге ниеттелген, жұмысқа жанын беретін адамдар қажет. Ол үшін нақты міндет қою, тапсырма мен өкілеттіктерін табыстау (делегирование), шешім қабылдау жылдамдығын дамыту керек. Демек, бейімділік пен бірегейлік дағдысын дамыту да маңызды. Оған қол жетімді ресурстарды үнемдеу ақылы әңгімелесе білу, презентациялық дағдылар, командада жұмыс істеу кіреді.

Толығырақ осы жерден оқыңыздар