Танымал желілік компанияда жұмыс жасайтын бір танысым биологиялық белсенді қоспаның адам ағзасына қаншалықты пайдалы екенін ауызының суы құрып әңгімеледі. Тіпті соның арқасында анасының бірқатар сырқаттардан арылғанын айтты. «Голландиялық шоколад, орман жемістері, тропикалық жемістер» қосылған түрлі қоспалар ер адамдар мен әйелдердің ағзасына сәйкестендіріліп дайындалған, күш-қуат пен қайрат беріп, буындардың дұрыс жұмыс жасауына, мидың қызметіне жақсы ықпал ететінін алға тартты. Биоқоспалардың бір құтысының бағасы 8 000-нан 40 000-ға дейін барады. Шынымен де, осы биологиялық қоспалар деген не? Оның адам ағзасына қаншалықты пайдасы бар? Әлде зияны да бола ма? Біз дәл осы сауалдарды «Қазақ тағамтану академиясы» тағам қауіпсіздігі мен сапасын бақылау зертханасының жетекшісі Ирина Краснова ханымға қойған едік. VOX: Биологиялық белсенді қоспалар деген не? — Биологиялық белсенді қоспалар дегеніміз — тағам құнарын арттыру мақсатында қолданылатын табиғи және табиғи тектес заттар. Оны тағаммен